О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в Айтекебийском районе Күшін жойған
Басқа 0
Әйтеке би ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау және «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қызмет түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 912 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Әйтеке би ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшерін салықтық кезенде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.