Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Узункольского сельского округа Теректинского района Күшін жойған
Басқа 0
Теректі ауданының Ұзынкөл ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48–бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Теректі ауданының Ұзынкөл ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теректі ауданы әкімінің орынбасары А.К.Тугузбаев тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 7 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.