Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба на территории города Балхаш Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балқаш қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 – бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы, Балқаш қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Темірхан Айдарханович Айдарханов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.