Об оплате и финансировании общественных работ Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарға ақы төлеу және қаржыландыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын іске асыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі Ереже және 2004 жылы жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға арналған қоғамдық жұмыстардың негізгі түрлерінің (жобаларының) тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ (Қ. Елеусіз) 258.10 «Жұмыспен қамту» бюджеттік бағдарламасының 10.101 «Қоғамдық жұмыстар» кіші бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Облыстық қаржы басқармасы» ММ (Ж. Аманбаев) бағдарламаны қаржыландыруды тиісті жылға облыс бюджетінде қаралған қаражат шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 9 наурыздағы № 56 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Жұмыссыз азаматтарға арналған қоғамдық жұмыстарға
ақы төлеу жөніндегі
Ереже
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес әзірленді.
Бөлім 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды коммуналдық меншік ұйымдарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылады. Қоғамдық жұмыстар жеке меншік нысандағы кәсіпорындар жүргізілгенде жұмыс берушілердің қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Жұмыс беруші кәсіпорын болмаған жағдайда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру атқарушы органға жүктеледі.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша жұмыспен қамтылғандардың санын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысушы тараптардың қарым-қатынастары шарттармен регламентеледі. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар мен жұмыс берушілер арасында қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жасалған шарт қазынашылық органдарында тіркелуге жататын жан-жақты шарт жасасу үшін негіз болып табылады.
Бөлім 3. 3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
3. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеу мөлшері заңнамалық актілерде белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 6
6. Еңбекақы төлеу нақты орындаған жұмыс көлемі үшін, немесе жұмыс істеген уақыты үшін шарт негізінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға еңбекақы есептеуді жұмыс берушілер ұсынған орындалған жұмыстар актілері мен жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінің негізінде жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін есептелген жалақы заңнамада белгіленген тәртіппен салықпен қамтылады.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс берушімен жүргізіледі.
Бөлім 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен көздері
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі мен көздері
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру облыстық бюджеттің тиісті қаржы жылында бекітілген қаражаты мен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер – қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушылар есепті ай аяқталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде жергілікті уәкілетті органдарына орындалған жұмыстардың актілерін және қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздардың жұмыс уақытын есептеген тізімін ұсынады.
Тармақ 12
12. Аудандық (қалалық) уәкілетті органдар кәсіпорындар (селолық округтердің әкімдері) ұсынған мәліметтерді іріктеп тексереді, қоғамдық жұмыстар қайда ұйымдастырылатынын, еңбекақыға төлемді есептеуді, қаржыландыруға қаражат көлемінің қажеттілігін анықтайды және әр айдың 1 күніне дейін «Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қаржыландыруға өтінім ұсынады.
Тармақ 13
13. «Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар өтінімдерінің негізінде 3031 «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасы бойынша тиісті жылдағы жергілікті бюджеттердің шығындар сметаларына сәйкес қаржыландыра бастайды.
Тармақ 14
14. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) уәкілетті органдар ағымдағы есеп шотқа қаражаттар түскеннен кейінгі үш күннің ішінде қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жеке шоттарына қаржы аударады.
Басқа 24
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 9 наурыздағы № 56 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
2004 жылы жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға арналған
қоғамдық жұмыстардың негізгі түрлерінің (жобаларының)
ТІЗБЕСІ
№
Қоғамдық жұмыстардың түрлері (жобалары)
Қоғамдық
жұмыстарға
қатысушылар
саны (адам)
Шарттар
бойынша
жұмыс көлемі
(болжам)
(мың теңге)
Айлық
еңбек ақы
мөлшері
(бір адамға
шаққанда)
(теңге)
Қаржыландыру көлемі
(мың теңге)
Барлығы
Облыстық
бюджет
Жұмыс
берушінің
қаражаты
1
«Құрылыс бригадасы» жобасы Су, газ, кәріз құбырларын және басқа коммуникация жүйелерін төсеу және басқа да бюджеттік сала объектілерін жөндеу.
Құрылысы аяқталмаған, жартылай қираған ғимараттарды қалпына келтіру
1752
57816
6600
57816
57816
2
«Жолдар жобасы»
Жаңа жолдарды төсеу және қолданыстағы жолдарды және жол жиектерін, тротуарларды шөптен тазартуға, жөндеуге, жолға төселген материалдарды бекітуге, ұзақ жолға жүретін қоғамдық көліктің тұрағын көркейтуге көмек көрсету
602
16392
6600
16392
15892
500
3
«Көркейту» жобасы
Аулаларды, гүлзарларды, парктерді, елді мекендерді көркейту. Екпе ағаштарды отырғызу және күту, гүлзарларды отырғызу, парктерді бөлу.
Балаларға арналған ойын және спорт аландарын ұйымдастыру
3461
137056
6600
137056
137056
4
«Туған өлке» жобасы
Отынды дайындай, құдықтарды, бұлақтарды тазарта отырып, отырғызылған ағаштарды тазарту.
Көпшіліктің шомылуына пайдаланылатын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын қоршау.
310
10230
6600
10230
10230
5
«Ауыл шаруашылығы жұмыстары» жобасы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге, дайындауға және жинауға маусымдық көмек көрсету (көкөніс және бақша өнімдері). Малды егу және қолдан ұрықтандыру. Көктемгі егіс жұмыстары, егін өнімін жинауға көмек беру.
444
12122
6600
12122
11722
400
6
«Тәлімбақ» жобасы
Ағаштардың, гүлдердің көшеттерін аумақтарды жасыл желектендіру және абаттандыру кезінде одан әрі пайдалану мақсатында өсіру.
215
8514
6600
8514
8514
7
«Санақ» жобасы
Аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік карталарын жасау. Республикалық, аймақтық науқандарды (халық санағы, әскерге шақыру) ұйымдастыруға қатысу.
835
22044
6600
22044
22044
8
«Іс-шаралар өткізуге септесу» жобасы
Мәдени мақсаттағы ауқымды іс-шараларды (спорттық жарыстар, халықтық мерекелер) ұйымдастыру кезінде көмек көрсету
236
3115
6600
3115
3115
9
«Жады» жобасы
Тарихи-сәулеттік ескерткіштерді, қорықтық аймақтарды қалпына келтіру, оларды күзету және күту. Молаларды, бауырластар зираттарын абаттандыру, тазалау және күзету.
215
2838
6600
2838
2838
10
«Кітапқа-екінші өмір» жобасы
Қалалар мен аудандардағы мектептердің кітапханаларындағы, көпшілікке арналған кітапханалардағы кітап қорларын қалпына келтіру. Кітаптардың жекелеген беттері мен мұқабаларын алмастыра отырып жаңғырту.
235
6204
6600
6204
6204
11
«Мейірбан медбике» жобасы
Денсаулық сақтау мекемелері мен үйде ауру және карт адамдарды күту.
252
9980
6600
9980
9980
12
«Педагог-тәрбиеші» жобасы
Жасөспірімдер мен балаларға арнап мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу. Ұзартылған күн тобы үлгісінде қосымша сабақ өткізу.
212
5597
6600
5597
5597
13
«Тігінші» жобасы
Ауруханаларда, мектептер мен мектеп-интернаттарда, балалар үйлерінде, еңбекпен түзеу мекемелерінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде төсек-жаймалар мен киім-кешектерді қайта тігу.
72
1900
6600
1900
1900
14
«Эколог» жобасы
Тұрмыстық, қатты қалдықтарды көмуді ұйымдастыруға көмектесу және көму.
313
8363
6600
8363
8263
100
15
«Кеңесші» жобасы
Аз қамтылған азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер жөнінде ақысыз кеңес беру.
38
1003
6600
1003
1003
16
«Сарбаздар» жобасы
Қоғамдық тәртіпті сақтау
606
15998
6600
15998
15998
17
«Мектепте ертеңгілік ас әзірлеу» жобасы
30
1188
6600
1188
1188
18
Басқа жұмыстар
797
13615
6600
13615
13515
100
Барлығы
10625
333975
Х
333975
332875
1100