Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 05-03/88-И ұсынысы негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласы Абай ауданының Асар-2 мөлтек ауданы Бойтұмар көшесі аумағында иттен құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т. Мекамбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.