Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын (жалғанды N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы Ережесі бекітілсін (жалғанды N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (М. Ермеғали) және аудандық қаржы бөліміне (Б. Нұрмағанбетов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.
Басқа 5. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 42 қаулысына N 1 қосымша Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссиясының құрамы Балғайшиев Арман - аудан әкімінің орынбасары, Байзақұлы комиссия төрағасы Зейнуллин Бақытжан - аудан әкімі аппаратының ішкі Жұмаұлы саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі Ермеғали Мақсот - аудандық еңбек, жұмыспен Иісұлы қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы мүшелері: Нұрмағанбетов Берік - аудандық қаржы бөлімінің Базарұлы бастығы, комиссия төрағасының орынбасары. Тулегенова Сания - аудан әкімі аппаратының Саматқызы құқық жөніндегі бас маманы. Құспанова Зүлфия аудан әкімі аппаратының ішкі Алиахметқызы саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы. Мұхамедрахимова Альфия - аудандық мұрағат директоры Карайқызы
Басқа 6. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы ереже
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 42 қаулысымен бекітілген N 2 қосымша Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру негізі:
Тармақша 1
1) Селолық округ әкіміне, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне берген арызы немесе өтінішіне сәйкес;
Тармақша 2
2) Арызда немесе өтініште көмек алуы үшін жағдайы көрсетіледі. Арыз немесе өтініш беруші жағдайларын анықтайтын құжаттар қоса береді;
Тармақша 3
3) Және міндетті түрде жергілікті әкімдер немесе аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі материалдық-әлеуметтік жағдайына зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 4
4) Округ әкімі осы зерттеулер қорытындысы нәтижесі мен өз ұсынбасын қоса тапсырады;
Тармақша 5
5) Осыған сәйкес аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі материалдық көмек беру жөніндегі аудандық комиссияға ұсынба даярлайды.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек беру шарты
2. Материалдық көмек беру шарты
Тармақ 2
2. Материалдық көмек жекелеген азаматтарға олардың немесе отбасының мынадай материалдық қиын жағдайында беріледі:
Тармақша 1
1) кедей отбасы немесе ақылы қоғамдық қызметтегі адамның жанұясындағы жақын туыстары (ата-анасы, аға-қарындасы, баласы, әйелі, ері) қайтыс болғанда;
Тармақша 2
2) емделуі үшін, егер емделу мерзімі 10 күннен артық және қосымша қаржы қажет ететін жағдайда;
Тармақша 3
3) үй-мүлікке, жеке шаруашылық қора-жәйға табиғи апат залалдары (өрт, су тасқыны, нөсер-жауын, дауыл жел, жер сілкінісі) келген жағдайларда;
Тармақша 4
4) үй, қора жәйінің тозығы жетіп құлап қалғанда;
Тармақша 5
5) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары төмен отбасыларға.
Тарау 3. 3. Материалдық көмектің мөлшері
3. Материалдық көмектің мөлшері
Тармақ 3
3. Материалдық көмек мынадай мөлшерде беріледі:
Тармақша 1
1) жақын туыстары қайтыс болғанда: 5 есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 2
2) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен отбасына: 7 есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 3
3) емделуі үшін: 8 есептік көрсеткіш көлемінде;
Тармақша 4
4) залал келгенде: 10 есептік көрсеткіш көлемінде.