Аудан әкімдігі жанындағы СПИД-пен күрес және оның алдын-алу жөніндегі Қеңес құру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігі жанындағы СПИД-пен күрес және оның алдын-алу жөніндегі Қеңес құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 санды "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы СПИД-пен күрес және оның алдын-алу жөніндегі Кеңес ұсынылып отырған құрамда құрылсын (жалғанды N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы СПИД-пен күрес және оның алдын-алу жөніндегі Кеңес құрамы аудандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі жанындағы СПИД-пен күрес және оның алдын-алу жөніндегі Кеңес құру туралы Ереже бекітілсін (жалғанды N 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуын бақылау жасау жүктелсін.
Басқа 5. Аудан әкімдігі жанындағы СПИД пен күрес және оның алдын алу жөніндегі Кеңес құрамы:
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 43 қаулысына N 1 қосымша Аудан әкімдігі жанындағы СПИД пен күрес және оның алдын алу жөніндегі Кеңес құрамы: Балғайшиев Арман Байзақұлы - аудан әкімі орынбасары, комиссия төрағасы Хамидуллин Бауыржан - аумақтық медициналық Амангелдіұлы бірлестігінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары Құспанова Зульфия - аудан әкімі аппаратының Алиахметқызы бас маманы, комиссия хатшысы мүшелері: Шапанова Латипа Шапанқызы - аумақтық дәрігерлік бірлестігінің дәрігер дерматологы Үбішев Аманкелді Рашидұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Бралиев Абзал Серікұлы - аудан әкімі аппаратының туризм және спорт жөніндегі бас маманы Нұрмағанбетов Берік - аудандық қаржы бөлімінің Базарұлы меңгерушісі Мұхитов Абай Шыныбекұлы - аудандық білім бөлімінің меңгерушісі
Басқа 6. Аудан әкімдігі жанындағы СПИД-пен күрес және оның алдын -алу жөніндегі Кеңес құру туралы ЕРЕЖЕСІ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 11 наурыздағы N 43 қаулысына N 2 қосымша Аудан әкімдігі жанындағы СПИД-пен күрес және оның алдын -алу жөніндегі Кеңес құру туралы ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. СПИД-пен күрес және оның алдын-алу жөніндегі Кеңес (әрі қарай - Кеңес) аудан әкімдігі жанынан құрылған консультациялық-кеңесші орган болып саналады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде аудандағы мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Тармақ 4
4. Кеңес отырысының қорытындысы қаулы түрінде болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаты және міндеттері
2. Кеңестің мақсаты және міндеттері
Тармақ 5
5. Кеңесінің негізгі мақсаты мен міндеті ауданда СПИД-пен күрес және оның алдын-алу жөніндегі шаралар жоспарының орындалуы мен іске асырылуын бақылау, осы мәселе жөніндегі атқарушы үкімет органдарының қызметін ұйымдастыру болып табылады.
Тармақ 6
6. Ақпараттық-насихат шараларын жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру
3. Кеңес жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Кеңес аудан әкімдігі жанынан, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының төрағалық етуімен құрылады.
Тармақ 8
8. Оның жеке құрамы мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі.
Тармақ 9
9. Кеңес отырысы үш айда бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының жеке өзінің бастамасымен немесе барлық Кеңес мүшелерінің үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.
Тармақ 10
10. Кеңес отырысына барлық Кеңес мүшесінің үштен екісі қатынасса құқылы болып саналады. Кеңеске қатынасқандардың көпшілігі дауыс берсе, Кеңес шешімі заңды болып есептеледі. Егер дауыс тепе-тең болса, Кеңес төрағасының даусы шешуші болып саналады.
Тармақ 11
11. Мәселелерді отырысқа әзірлеп, сараптап, талдаулар жүргізілгеннен кейін Кеңес жұмысшы тобын құруы мүмкін, оған Кеңес мүшесінің біреуі басшылық жасайды.
Тармақ 12
12. Кеңес өзіне тиісті мәселелерді іске асыруда заңдылық тәртібіне сәйкесті жүргізуге құқылы.
Тармақ 13
13. Төраға болмағанда, оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 14
14. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады.
Тармақ 15
15. Кеңестің хатшысы ұйымдастыру, Кеңестің басқалай қамту жұмыстарын жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
4. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 16
16. Кеңес құзырына қатысты мәселелерден әдейі түсініктер береді.
Тармақ 17
17. Кеңестің отырысында қаралатын мәселелерді төраға бекітеді.
Тармақ 18
18. Кеңес отырысының күн тәртібін бекітеді.
Тармақ 19
19. Кеңестің қызметі туралы есепті әзірлейді.
Тарау 5. 5. Кеңес жұмысын тоқтату тәртібі
5. Кеңес жұмысын тоқтату тәртібі
Тармақ 20
20. Кеңес өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.