Аудан әкімдігі жанындағы «Діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігі жанындағы «Діни бірлестіктерімен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-11 санды "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес ұсынылып отырған құрамда құрылсын (жалғанды N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құрамы аудандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес туралы Ереже бекітілсін (жалғанды N 2 қосымша).
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуын бақылау жасау жүктелсін.
Басқа 5. Аудан әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құрамы
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы «11» наурыздағы № 44 қаулысына № 1 қосымша Аудан әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құрамы Балғайшиев Арман - аудан әкімі орынбасары, Байзақұлы комиссия төрағасы Зейнуллин Бақытжан - аудан әкімі аппараты ішкі Жұмаұлы саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары Құспанова Зульфия - аудан әкімі аппаратының Алиахметқызы бас маманы, комиссия хатшысы мүшелері: Мұхитов Абай - аудандық білім бөлімінің Шыныбекұлы меңгерушісі Хасанов Қайыржан - аудандық "Еңбек туы" газетінің редакторы Исқали Жолдығали - Қаратөбе мешітінің имамы
Басқа 6. Аудан әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы «11» наурыздағы № 44 қаулысына № 2 қосымша Аудан әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес (әрі қарай - Кеңес) аудан әкімдігі жанынан құрылған консультациялық-кеңесші орган болып саналады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде діни, басқалай қоғамдық бірлестіктермен, аудандық, облыстық және республикалық органдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Тармақ 4
4. Кеңес отырысының қорытындысы ұсынба сипатта болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаты
2. Кеңестің мақсаты
Тармақ 5
5. Кеңестің мақсаты мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын, дінге сену бостандығын, қоғамдағы діни сенімді тұрақтандыруды үйлестіріп отырады.
Тарау 3. 3. Кеңестің міндеттері
3. Кеңестің міндеттері
Тармақ 6
6. Аудандағы діни жағдайдың дамуына талдаулар жасап отыру.
Тармақ 7
7. Ішкі саясат саласында азаматтар құқығын қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
Тармақ 8
8. Аудан әкімдігі және аудандық атқарушы органдарға аудандағы діни сенім жағдайлары туралы ақпараттар беріп отыруға тиіс.
Тармақ 9
9. Аудандық Кеңес жұмыстарын діни бірлестіктермен үйлестіре жүргізеді.
Тармақ 10
10. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді сәйкесті орныққан заңдар ретімен төмендегідей жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Ақпараттық-насихат шараларын жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік саясат саласында кеңестер беріп, азаматтардың дінге сену құқықтық еркіндігін реттеу туралы мәселелерді жетілдіреді.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы заңдарына сүйене отырып, басқалай қызметтер түрін жүргізеді.
Тарау 4. 4. Кеңес жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру
4. Кеңес жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру
Тармақ 14
14. Кеңесті аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары басқарады.
Тармақ 15
15. Кеңес отырысы үш айда бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы, Кеңес төрағасының жеке өзінің бастамасымен немесе барлық Кеңес мүшелерінің үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.
Тармақ 16
16. Кеңес отырысына барлық Кеңес мүшесінің кемінде үштен екісі қатынасса заңды болып саналады. Кеңеске қатынасқандардың көпшілігі дауыс берсе, Кеңес шешімі заңды болып есептеледі. Егер дауыс тепе-тең болса, Кеңес төрағасы дауысы шешуші болып саналады.
Тармақ 17
17. Мәселелер отырыста қаралып, сарапталып, талдаулар жүргізілгеннен кейін Кеңес жұмысшы тобын құруы мүмкін, оған Кеңес мүшесінің біреуі басшылық жасайды.
Тармақ 18
18. Кеңес өзіне тиісті мәселелерді іске асырады заңдылық тәртібіне сәйкесті жүргізуге құқылы.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органдардан, діни ұйымдардан және жеке тұлғалардан Кеңес өз құзырына кіретін мәселелер жөніндегі керекті ақпаратты сұрай алады.
Тармақ 19
19. Кеңес өз құзырына қатысты мәселелерден түсініктер береді.
Тармақ 20
20. Кеңес өз құзырына қатысты мәселелерден түсініктер береді.
Тарау 5. 5. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
5. Кеңес қызметін қамтамасыз ету
Тармақ 21
21. Кеңес төрағасы, оның орынбасары мен Кеңес мүшелері мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі.
Тармақ 22
22. Төраға болмағанда, оның міндетін төрағаның орынбасары атқарады.
Тармақ 23
23. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізде атқарады.
Тармақ 24
24. Кеңестің хатшысы ұйымдастыру, Кеңестің басқалай қамту жұмыстарын жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Кеңесте қаралатын мәселелер Кеңес төрағасына ұсынылады;
Тармақша 2
2) Кеңес төрағасы:
Тармақша 3
3) Кеңес отырысының күн тәртібін бекітеді:
Тармақша 4
4) Кеңестің қызметі туралы есепті әзірлейді.
Тарау 6. 6. Кеңес жұмысын тоқтату тәртібі
6. Кеңес жұмысын тоқтату тәртібі
Тармақ 25
25. Кеңес өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.