О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обязательного социального страхования Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат):
51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "соның iшiнде" деген сөздер "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша," деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 1999 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар):
Тармақша 1
1) 741-баптағы "және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актiсiнде" деген сөздер "және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 742-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 2
"2) екiншi кезекте еңбек шарты, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбекақы төлеу жөнiндегi, авторлық шарт бойынша сыйлықақы төлеу, клиенттiң мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына және мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару жөнiндегi мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу үшiн ақша алуды көздейтiн атқару құжаттары бойынша ақша алу жүргiзiледi;".
Тармақ 3
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат):
Тармақша 1
1) мынадай мазмұндағы 88-1-баппен толықтырылсын:
"88-1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Қазақстан
Республикасының заңдарын бұзу
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры мен Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының кiнәсiнен Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердiң төленбеуi, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкердiң, жекеше нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды аудару жөнiндегi мiндеттi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға немесе заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақтылы аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
Тармақша 2
2) 570-баптың бiрiншi бөлiгi "88 (үшiншi бөлiгiнде)" деген сөздерден кейiн ", 88-1 (екiншi бөлiгiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 574-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "88-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)" деген сөздер "88 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 88-1 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат):
Тармақша 1
1) 1-баптың 14) тармақшасындағы "ақы төлеу," деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 11-баптың 2-тармағы "төлеу" деген сөзден кейiн ", Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 3
3) 18-баптың 2-тармағында:
Тармақша 3
3) тармақша 4) тармақша деп есептелiп, мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақша 4
"4) борышкердiң қызметкерлерiне төленуге тиiстi еңбекақы мен өтемақылар бойынша берешек сомасы; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар бойынша төлеуге есептелген сыйлықақы сомасы;";
Тармақша 4
4) тармақша 3) тармақша деп есептелсiн;
Тармақша 4
4) 29-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "ақы төлеу," деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу," деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) 47-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "авторлық" деген сөздiң алдынан "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар төлеу жөнiнде және" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 6
6) 75-баптың 3-тармағындағы "оның iшiнде" деген сөздер "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 7
7) 78-баптың 4-тармағында "оның iшiнде" деген сөздер "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 қаңтардан бастан қолданысқа енгiзiледi.