Об утверждении Правил формирования перечня приоритетных сельскохозяйственных машин и оборудования Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
Басқа 7. Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 62 Бұйрыққа қосымша Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасың Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 224) тармақшасына сәйкес әзірленді және басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы жабдықтары (бұдан әрі – жабдық) – ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикаландыруға, электрлендіруге және автоматтандыруға арналған техника, оны пайдаланылу ерекшелігіне байланысты технологиялық процестерді орындау кезінде тірек бетіне қатысты құрылымның негізгі және корпустық элементтерінің қозғалмайтындығымен сипатталады;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы машинасы (бұдан әрі – машина) – технологиялық процестерді орындау кезінде тірек бетіне қатысты базалық және корпустық элементтердің қозғалғыштығымен сипатталатын ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикаландыруға арналған (егіншілікте және мал шаруашылығында) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы, тіркемелі және аспалы құралдар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) –Қазақстан Республикасымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының және халықаралық шарттардың азаматтық заңнамасына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;
Тармақша 3-1
3-1) Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – қазақстандық тауар өндірушілер мен Қазақстанда шығарылатын, олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтерді қамтитын «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) өтініш беруші – өндірілетін ауыл шаруашылығы машинасы мен жабдығын Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) енгізуге ниетті тұлға;
Тармақша 6
6) Тізілімнен үзінді – қазақстандық тауар өндірушінің Қазақстантық тауар өндірушілер тізілімінде болуын растайтын құжат, оның ішінде электрондық құжат, онда қазақстандық тауар өндіруші, ол өндіретін тауар туралы және ол туралы мәліметтерді және елішілік құндылық үлесін көрсете отырып мәліметтер болады.
Тармақ 3
3. Тізбеге Қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары енгізіледі.
Тармақ 4
4. Тізбені Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – Комитет) қалыптастырады және «Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 225) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен бекітіледі. Тізбеде Тізілімнен үзіндінің мәліметтері қамтылады. Тізбе келесі жылға ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей және тиісті жылға 1 шілдеден кешіктірілмей өзектендіріледі. Өтініш беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілі басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өткізу кезінде сатып алушыға Тізілімнен үзіндіні ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Өтінім беруші өндірілетін ауыл шаруашылығы машинасын және (немесе) жабдығын Тізбеге енгізу үшін қағаз және (немесе) электрондық нысанда өтінімді ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашасына дейін келесі жылға және тиісті жылдың 1 мамырынан 1 маусымына дейін Комитетке қосымшамен бірге береді:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өндірілетін ауыл шаруашылығы машиналарымен және жабдықтарының тізбесін;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 1)-тармақшасында белгіленген жағдайда, қолданыстағы келісім;
Тармақша 3
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 2)-тармақшасында белгіленген жағдайда, тауардағы елішілік құндылық үлесі кемінде 30% болатын сериялық өндірістегі «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданыстағы сертификат және (немесе) Тізілімнен үзінді көшірме. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат өзінің қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.
Тармақ 6
6. Комитет осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және олардағы мәліметтердің дұрыстығын тексереді.
Тармақ 7
7. Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) олардағы анық емес мәліметтерді көрсеткен жағдайда, Комитет осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзім ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, оған қоса берілген құжаттармен бірге өтінімді қайтарады. Өтініш беруші анықталған ескертулер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды қайта жібереді.
Тармақ 8
8. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған және оларда қамтылған анық мәліметтерді көрсеткен жағдайда, Комитет 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және Тізбеге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі Тізбеге енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 10
10. Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Комитет өтініш берушіге өзінің алдын ала шешімі туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама заңды тұлғаның өтінішін қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша Комитет Тізбеге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Комитеттiң Тiзiмге енгiзуден бас тарту туралы шешiмiмен келiспеген жағдайда сотқа жүгiнуге Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк iс жүргiзу кодексiнiң 91-бабында көзделген сотқа дейiнгi рәсiмге шағым жасалғаннан кейiн жол берiледi.
Басқа 1
Басым ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының тізбесін қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша № Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының атауы Басымды ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының техникалық сипаттамалары СЭҚ ТН коды Тізілімнен үзінді мәліметтері