Об установлении карантина Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес және 2024 жылғы 19 ақпандағы №15-4-1/94 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде, ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ынталы ауылдық округі, Ынталы ауылының Сарықыз, Дубовка, Жамбасқұдық, Назар атауларымен белгіленген жайылымдары аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.