Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабының 2-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына, Шуақ аулының орталықтандырылған жылу қазандығындағы апат және тұрғындардың тұрмыстық жағдайының бұзылуы салдарынан, Жарма аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 3 хаттамасы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Жарма ауданы Шуақ ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Б. Е. Самежанов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің күші 2024 жылғы 21 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Б. Е. Самежановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.