Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков акимата Карасуского района» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қарасу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 68 қаулысымен бекітілген «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар:
Тармақша 1
1) «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қарасу орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақша 2
2) «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Достық» аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Тармақша 3
3) «Қарасу ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 қаулысымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлімөз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі 68.
Тармақ 10
10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тармақ 13
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын актілері мен тапсырмаларына сәйкес мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, іске асыру;
Тармақша 2
2) мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру, сала проблемаларын шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау.
Тармақша 3
3) мәдениет және тілдерді дамыту насихаттауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) мәдениет және тілдерді дамыту қолдау және ынталандыру;
Тармақша 5
5) мәдениет және тілдерді дамытудың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
Тармақша 6
6) «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Қарасу ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру, аудан аумағында тұратын барлық халықтардың мәдениетін сақтау және дамыту үшін жағдай жасау, азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру бостандығына құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу, шығармашылық, мәдени қызмет, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру, демалыс саласын дамытуға, халықтың әртүрлі топтарының мәдени-демалыс қызметінің әртүрлілігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру, аудан аумағында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын іске асыру, халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілдің іскеа сырылуы туралы хабардар ету болып табылады.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктер:
Тармақша 1
1) құқықтар: өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру; мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға; қарамағында мәдениет, тілдерді дамыту саласындағы мәселелер және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар аудан ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету; заңды тұлғалар мен азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, сотта талапкер және жауапкер болу;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс пен аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру; мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарын ұстауға арналған бюджетті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мәдениет және тілдерді дамыту саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және іске асыру; мемлекеттік органның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарды мен құжаттарды дайындау; ведомстволық бағынысты ұйымдар мүлкінің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік органның функциялары: «Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі функциялары болып табылатындар:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» Заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ауданның жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның мемлекеттік мәдениет және тілдерді дамыту ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) ауданның мәдениет және тілдерді дамыту ведомстволық бағынысты ұйымдардың мәдени-демалыс, кітапхана қызметін дамыту және тілдерді дамыту жөніндегі қызметін қолдайды және үйлестіреді, әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 5
5) мәдениет, мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту саласында аудан деңгейінде әлеуметтік маңызы бар, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) бөлімнің құзыреті шегінде тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, қорғау және пайдалану, олардың жай-күйіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 10-1
10-1) ауылда, кентте маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 10-2
10-2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану бойынша жұмыстарын жүргізеді;
Тармақша 10-3
10-3) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
Тармақша 10-4
10-4) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10-5
10-5) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы құзыреті шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
Тармақ 17
17. Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 19
19. Бөлім басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 20
20. Бөлім басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бөлімінің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) Бөлімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) осы Ережеде белгіленген құзырет шегінде ғана бұйрықтар шығарады;
Тармақша 5
5) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды және босатады және көтермелеу шараларын қолданады;
Тармақша 7
7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Бөлімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Бөлімінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Тарау 4. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы.
Тарау 5. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.