Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 23 ақпандағы № 3 хаттамасы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ержан Маратович Салханов тағайындалсын және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.