О городском консультативном Совете по сотрудничеству и взаимодействию с неправительственными организациями Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік Кеңес туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабын басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы №253 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, "Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық консультативтік Кеңес құру туралы" Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2003 жылғы 23 тамыздағы №171 қаулысына жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі облыстық консультативтік Кеңес мәжілісінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі №1 хаттамасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және оның жеке құрамы қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Кеңес туралы (қоса берілген) Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. "Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және қарым-қатынас жөніндегі қалалық кеңесші Алқа туралы" қала әкімдігінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №1355 қаулысының Батыс Қазақстан облыстық әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтпегендіктен күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.И.Тарасенкоға жүктелсін.
Басқа 5. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік Кеңестің құрамы
Қала әкімдігінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 197 қаулысының 1-тармағына қосымша Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік Кеңестің құрамы
Тармақ 1
1. Вениамин Қадырұлы Мұқатаев - Орал қаласының әкімі, Кеңес төрағасы
Тармақ 2
2. Елена Ивановна Тарасенко - қала әкімінің орынбасары, төраға орынбасары
Тармақ 3
3. Бисенғали Темірланұлы Хайруллин - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, хатшы
Тармақ 4
4. Екатерина Дмитриевна Балгабаева - Орал өңірі әйелдері "Үміт" одағының төрағасы
Тармақ 5
5. Мұхтар Серікұлы Давлетжанов - Батыс Қазақстан облысы жастар Кеңесінің заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы
Тармақ 6
6. Әлия Хайрушқызы Жамбаева - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 7
7. Николай Сергеевич Злобин - қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы
Тармақ 8
8. Әнес Қаресұлы Истелюев - қалалық мәслихаттың хатшысы
Тармақ 9
9. Аида Жұматайқызы Ермекалиева - облыстық ішкі саясат департаментінің бас маманы
Тармақ 10
10. Марат Амангелдіұлы Қарабаев - мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 11
11. Закария Нұркейұлы Нәбиев - Батыс Қазақстан облыстық ақпарат басқармасы бастығының орынбасары
Тармақ 12
12. Бауыржан Қанатбайұлы Тұманов - "Арту" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
Тармақ 13
13. Нариман Сүлейменұлы Өтешев - "Жайық-Орал" экологиялық қозғалысы" қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы
Басқа 19. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Қала әкімдігінің 2004 жылғы 19 ақпандағы N 197 қаулысының N 2 қосымша Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру және қолдау мақсатында құрылған консультативтік орган.
Тармақ 2
2. Кеңес қызметінің құқықтық негізі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілері және осы Ереже танылады.
Тармақ 3
3. Кеңестің төрағасы болып қала әкімі танылады. Қалалық Кеңестің құрамына ішкі саясат бөлімі, қалалық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 29-баптарына сәйкес Кеңестің жеке құрамы қалалық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері
2. Кеңестің негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық Кеңестің негізгі міндеттері болып мыналар танылады:
Тармақша 1
1) үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынастық басым бағыттарын белгілеу және аймақтық кешенді саясат қалыптастыруға арналған ұсыныстар дайындау;
Тармақша 2
2) үкіметтік емес ұйымдарды кеңестік, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық қолдаудың кешенді жүйесін дайындауға қолдау көрсету;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдары мен үкіметтік ұйымдардың ынтымақтастық және қарым-қатынас жүйесін жетілдіру;
Тармақша 4
4) Кеңестің өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қарау;
Тармақша 5
5) әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламалық құжаттарды дайындауға және қарауға қатысу;
Тармақша 6
6) үкіметтік емес саланың мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету, қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық мәліметтер базасын құру;
Тармақша 7
7) үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің қырларын толық көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас;
Тармақша 8
8) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты азаматтардың жүгінулері мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;
Тармақша 9
9) үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне арналған конференцияларға, кеңестер мен семинарларға қатысу.
Тарау 3. 3. Кеңестің өкілеттігі
3. Кеңестің өкілеттігі
Тармақ 5
5. Кеңес өз өкілеттігі шегінде мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) өзінің мәжілістерінде қаланың атқарушы органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тыңдау;
Тармақша 2
2) қаланың атқарушы органдарынан үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне қатысты ақпарат сұрату;
Тармақша 3
3) Кеңестің мәжілістері мен бағдарламалық құжаттарды дайындауға қатысу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде беделді және кәсіби дайындығы бар қоғам өкілдерін тарту;
Тармақша 4
4) үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы статистикалық, талдау, әдістемелік және ақпараттық деректемелерді мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге жіберу;
Тармақша 5
5) азаматтардың жүгінулері мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қараудың қорытындылары бойынша шешім қабылдау үшін Кеңес тиісті жергілікті атқарушы органдарға немесе лауазымды тұлғаларға деректермелер жібере алады.
Тарау 4. 4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңес төрағадан, оның екі орынбасарынан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен құралады.
Тармақ 7
7. Кеңес төрағасы Кеңес мәжілістерін өткізеді, Кеңес хаттамалары мен басқа құжаттарына қол қояды, мәжіліске шығарылатын мәселелерді белгілейді, басқа да ұйымдастырушылық және әкімдік функцияларды орындайды. Кеңес төрағасы болмағанда оның функцияларын орынбасарларының бірі атқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес мәжілісі тоқсан сайын өткізіледі. Жұмыс жоспары Кеңес мәжілістерінде бекітіледі.
Тармақ 9
9. Кеңес мүшелері қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға және ұсыныстар енгізіп, ескертулер жасауға құқылы.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшесі өзінің мәжіліске қатысу өкілеттігін басқа тұлғаларға бере алмайды.
Тармақ 11
11. Кеңес шешімдері ұсыныс ретінде қабылданады.
Тармақ 12
12. Кеңес шешімдері Кеңес мәжілісіне қатысушылардың қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең түскенде төрағаның дауысы шешуші болып танылады.
Тармақ 13
13. Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды ішкі саясат бөлімі қамтамасыз етеді.