Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы
төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" №240 бұйрығына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облысының Ұлытау ауданындағы Ұлытау ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Аян Есенгалиевич Абжамалов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Аян Есенгалиевич Абжамалов осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 26 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.