О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в городе Экибастуз Күшін жойған
Басқа 0
Екібастұз қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салықтар мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабы 5-тармағына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері, салықтық кезенде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 % - дан 2 % - ға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.