Об установлении карантина в связи с выявлением пастереллеза среди крупного рогатого скота в крестьянском хозяйстве «Касен» Токмансайского сельского округа Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тоқмансай ауылдық округі «Қасен» шаруа қожалығында мүйізді ірі қара малдарының арасында пастереллез жұқпалы ауруының анықталуына байланысты карантин белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Алға аудандық аумақтық инспекциясы» ММ басшысының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 02-06-14/48 ұсынысының негізінде Тоқмансай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі Қайнар ауылындағы «Қасен» шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарының арасында пастереллез жұқпалы ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.