Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы Қолданыста
Басқа 0
Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан түрлерін үйлерді жалға және пайдалануға беру тәртібі туралы» қаулысына сәйкес Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан тұрғын үй комиссиясы 1 қосымшадағы құрамда құрылсын.
Тармақ 2
2. Зеренді ауданы әкімдігінің жанынан тұрғын үй комиссиясы туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Е.Нұғымановқа жүктелсін.
Басқа 4. Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының ҚҰРАМЫ
Зеренді ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 10.03 № 62 қаулысына
1 қосымша
Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Нұғыманов Ермек Бекенұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Тармақ 2
2. Беспалинов Берген Маратұлы – аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақ 3
3. Күсесова Майра Асқарқызы – ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері
Тармақ 4
4. Таласбаева Әлия Аманжолқызы — аудандық еңбек халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің бастығы;
Тармақ 5
5. Әбутәліпов Берікжан Нұртайұлы — аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;
Тармақ 6
6. Мұхамбеталлина Райхан Айдарбекқызы – аудандық білім бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы;
Тармақ 7
7. Жанғалов Бануржан Баянұлы — аудандық аурухананың бас дәрігері;
Тармақ 8
8. Құлжанов Сайран Дәулетбекұлы — коммуналдық-өндірістік сала және сәулет бөлімінің бастығы;
Тармақ 9
9. Поздняков Иван Иванович — аудандық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша)
Басқа 14
2 қосымша
Зеренді ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 10.03 № 62 қаулысымен
бекітілді
Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Аудандық тұрғын үй комиссиясы (бұдан былай - Комиссия) аудан әкімдігінің жанындағы тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия оз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 19 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалға және пайдалануға беру тәртібі туралы» қаулысын басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері
2. Комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері
Тармақ 3
3. Комиссия осы елді мекенде үнемі тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) ауданның үйді қажет ететін азаматтарына және әлеуметтік қорғалмаған, үйді қажет ететін мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдар жұмысшыларына, әскери қызметкерлерге және мемлекеттік сайлау қызметкерлеріне әрі қарай тұрғын үй болу үйін құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметінде жергілікті қалыптастыру органның алдында жауапты. Мемлекеттік тұрғын үй беру Комиссия шешімінің негізінде жергілікті атқарушы органның қаулысымен ресімделеді.
Тармақ 5
5. Комиссияның негізгі міндеттері:
мемлекеттік қордан тұрғын үй беру кезегін анықтау;
ауданның үйді қажет ететін адамдар санының бөлек тізімін жасау;
қатысты адамдарды мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға есепте тұрған адамдармен, сонымен бірге соңғы 24 айда үй алған адамдар тізімімен таныстырады. Осындай тізімнің формасында отбасының құрамы туралы мәлімет, есепке тұрғызылған кезі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу негізі және оның көлемі болуы керек.
Тармақ 6
6. Азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген үй жақсы жағдайда, үйді алуға есепте тұрған елді мекенде қолданылатын бекітілген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай болуы керек.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Комиссия құрамында төрағасы (әкім орынбасары комиссия мүшелері және комиссия хатшысы аудан әкімінің аппаратында штаттық қызметкерлер санынан құрылады.
Тармақ 8
8. Комиссияны оның қызметіне басшылық жасайтын төраға басқарады, ол комиссия отырысында төрағалық етеді, отырыстың күн тақырыбын бекітеді, шешімдердің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды және комиссия жүзеге асыратын қызметтерге жауапты. Төрағаның жоқ кезінде оның қызметін орынбасары атқарады.
Тармақ 9
9. Комиссия хатшысы:
Тармақша 1
1) Комиссия хатшысы комиссия отырысы үшін күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Комиссия шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Комиссия отырысының хаттамасын құрайды.
Тармақ 10
10. Комиссия отырысы қажет болған кезде ғана өткізіледі және оны төраға шақырады.
Тармақ 11
11. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша комиссия төрағасы, хатшы және мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. Комиссия шешімі ашық дауыстың көпшілігімен қабылданады және оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе қабылданған болып табылады. Тең дауыс берілген жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерінің өз ойын білдіруге құқығы бар, сөз айтылған жағдайда ол комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі, жазба түрде жазылуы және хаттамаға қосарлануы керек.