О создании областной комиссии по государственным символам Северо-Казахстанской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігі жанынан мемлекеттік нышандар жөнінде облыстық комиссия құру туралы Мемлекеттік нышандары зерделеу, насихаттау және қолдану, мемелекеттік стильды қалыптастыру саласында мемлекетік саясатты іске асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облыс мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия құрылсын. Комиссияның дербес құрамын бекіту үшін облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына жіберілсін.
Тармақ 2
2. Қоса берілген, Солтүстік Қазакстан облыс әкімдігі жаныңан мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия туралы Ереже бекітілсін .
Тармақ 3
3. Комиссия өз жұмысын «Қазакстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және Солтүстік Қазақстан облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Аудандар және Петропавл қаласының әкімдері осыған ұқсас мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия құрсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Е.Нүрақаевқа жүктелсін. Келісілді: облыс мәслихатының хатшысы ___________ Е. Әубәкіров Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің бастығы ___________Е. Сейдімбеков Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ақпарат басқармасының бастығы ____________М. Қанафина
Басқа 6
Солтүстік Қазақстан облысы әкімідігінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 44 "Солтүстік Қазақстан облыс әкімі жанындағы мемелекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия құру туралы" қаулысына Қосымша "Солтүстік Қазақстан облыс әкімі жанындағы мемелекеттік нышандар жөніндегі облыстық комиссия дербес құрамы"
Басқа 7
Солтүстік Қазақстан облысы әкімідігінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 44 "Солтүстік Қазақстан облыс әкімі жанындағы нышандар жөніндегі облыстық комиссия құру туралы" Бекітілген Солтүстік Қазақстан облыс әкімі жанындағы мемелекеттік нышандар жөніндегі комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігі жанында мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) облыс әкімдігі жанында мемлекеттік нышандарды зерделеу, насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы" 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 Конституциялық заң күші бар Жарлыгына сәйкес мемлекеттік стильді қалыптастыру және оларды колдану практикасын қорыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жузеге асырады. 3. Облыс әкімі лауазымы бойынша Комиссия төрағасы болып табылады. Комиссияның дербес құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Тарау 2. 2. Комиссиянъің негізгі міндеттері
2. Комиссиянъің негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) халыктын арасында Қазакстан Республикасының мемлекеттік нышандарына құрмет, қатынастарын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) Казакстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және колдану мәселелері, тиісті әкімшілік-аумақтык бірлікте мемлекеттік стильді қалыптастыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) мемлекетік бірдейлендіру нышандары мен геральдикалық, белгілерді жасау және енгізу жөніңде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасынын мемлекетік нышандарын қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның өкілеттілігі
3. Комиссияның өкілеттілігі
Тармақ 5
5. Осы Ережемен анықталган міндеттерді іске асыру үшін Комиссия:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік нышандарды насихаттау және колдану жөніндегі мәселелерді шешуде консультациялык көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік бірдейлендіру нышандары мен геральдикалык белгілерді жасаудан және енгізудің әлемдік тэжірибесін зерделейді және Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) облыс аумағында ресми іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік нышандарды қолданудың рәсімдік ережелерін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік нышандарды насихаттау және мемлекеттік стильді қалыптастыру жөніндегі жумысты жетілдіруге бағытталған зерттеулерді жүргізуге бастамашылық етеді;
Тармақша 5
5) геральдикалық белгілер жобаларын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жузеге асырады.
Тармақша 6
6) Комиссия күзыретіне мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтініштерін қарайды.
Тармақша 7
7) Комиссия өз өкіліттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыру кезінде жергілікті бюджеттен каржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралык ақпарат кұралдарымен, қөғамдык бірлестіктермен, басқа да мудделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 6
6. Комиссия: 1) өз құзыреті шеңберінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, мудделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажетті ақпаратты және өзгеде материалдар мен мәліметтерді сұрауга және алуга. 2) өздерінің отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын олардын өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін орындау жөнінде жүргізген жұмыстары туралы тыңдауға. 3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану меселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін өкілетті мемлекеттік органдардын тексеру жүргізуіне бастамашылық жасауға. 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат шегінде және сол қаражат есебінен мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану мәселелері жөнінде кең ауқымды акциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», мәжілістср өткізуге. 5) Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияға, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мудделі ұйымдар мен қоғамдык бірлестіктерте Комиссия қызметінің нәтижесі болып табылатын ұсынымдық сипаттағы талдау, әдістемелік және өзге де ақпараттык материалдарды жолдауға. 6) Комиссия кұзыретіне жататын сараптамалық талдау зерттеулерін жүргізу үшін сараптама кеңесің құруға кұқылы.
Тарау 4. 4. Комиссиянын жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссиянын жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 8
8. Комиссия жұмысы қоғамдық негізде жүзеге асырылады. 9.Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия төрағасын Комиссияның қызметі туралы тұрақты түрде хабардар етеді және оған мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; Комиссияның қызметі туралы тұрактгы иү; мемлекеттік нышандарды насихаттау жэш бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы с жонінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Комиссияның сараптама кеңесінің кұрамын бекітеді;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелері арасында тапсырмаларды бөледі;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдарға және лауазымды тулғаларға Комиссия отырыстарына материалдар, озінің атына келіп түскен ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;
Тармақша 6
6) Комиссия отырыстарының хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;
Тармақша 7
7) Комиссияның жүмысын жетілдіру және оның қүзыретьгне мәселелер бойынша Комиссия мүшелерінің үсыныстапын қарайд
Тармақша 8
8) Комиссия отырыстарының күн тәртібін Комиссия төрағасының орынбасары:
Тармақша 1
1) Төрага тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Комиссияның агымдагы және перспективалық жұмыс жоспарларын Комиссия төрагасына бекітуге енгізеді.
Тармақша 3
3) Комиссия отырыстарын дайындау үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Тармақша 4
4) Комиссия терагасының келісімімен Комиссия хатшысьша немесе мүшелеріне Комиссия құзыретлне кіретін мәселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтініштерін қарауға жібереді;
Тармақша 5
5) Осы ережеге сәйкес Комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Тармақ 11
11. Солтүстік Қазақстан Облысы ішкі істер департаментінің бастығы лаузымы бойынша. Комиссияның жұмыс органына басшылықты жүзеге асыратын Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссияның мүшелері:
Тармақша 1
1) халык арасында мемлекеттік нышандарға құрмет қатынастарын қалыптастыруга жәрдемдеседі, бүқаралық ақпарат қүралдарында Қазақстан Республикасының заднамасында козделген шектерде жэне қаражат есебінен насихаттауга қатысады;
Тармақша 2
2) Комиссия отырыстарына қатысады;
Тармақша 3
3) Комиссия төрагасының жэне төрага орынбасарынын тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 4
4) Комиссия қүзыретІне жататын мэселелер бойынша үсынымдар, сараптамадорытындыларын дайындауға қатысады;
Тармақша 5
5) Комиссияның жүмыс органынан Комиссия отырыстарына кажетті материалдар алады;
Тармақша б
б) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыстарын жоспарлауға қатысады;
Тармақша 7
7) жазбаша түрде баяндалатын және хаттамага берілетін ерекше пікірге құқығы бар. 13.Комиссияның жұмысын жалпы ұиымдастыруды және оның мүшелерінің қалыптасатын сараптама кеңесінің кызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік нышандарды қолдану және насихаттау мәселелері қарауына жататын аудандардың әкімдері аппаратының лауазымды түлғаларына әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқаруы органдардан ақпарат жинауды, өндеуді, мемлекеттік нышандарды қолдану жэне насихаттау практикасын талдауды, бүл саладагы жүмыстарды жетілдіру жөніндегі үсынымдар жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджеттің қаржылындыратын атқарушы органдарга және өзге да мүдделі ұйымдарға Комиссия үсынымдарын түсіндеді жэне жолдайды;
Тармақша 5
5) бұкаралық ақпарат құралдарына тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік нышандарды насихаттауга және қолдайуға бағытталған Комиссия қызметін жариалау жөнінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өз өкіліттері шегінде өтінім білдірушілерге олар енгізген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;
Тармақша 7
7) Комиссия отырыстарына материалдарды Комиссияның ағымдағы және перспективалық жүмыс жоспарларының жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Комиссия мүшелерінің Комиссия жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қорытады;
Тармақша 9
9) Комиссия құзыретіне кіретін мөселелер бойынша жергілікті бюджеттен каржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлгалармен және мүдделі ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізеді;
Тармақша 10
10) Іс жүргізуге жауап береді, Комиссия материалдарын сақтауды жэне оларды мұрағатка өткізуді жүзере асырады.
Тармақ 14
14. Комиссия отырыстарын қажеттігіне қарай, жылына кемінде екі рет төраға шақырады.
Тармақ 15
15. Комиссия отырысы егер оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса заңды деп саналады.
Тармақ 16
16. Комиссияның шешімдері үсынымдық сипатта болады. Қажет болған жағдайда олар Комиссия Төрағасының - облыс әкімі әкімімен ресімделеді.
Тармақ 17
17. Шешімдер оның отырысына қатысушылар санының кемінде үштен екісінің даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Комиссияның отырысын төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.