Об изменении требований, предъявляемых к регистраторам Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тіркеушілерге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 16.02.2002 № 52 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Төрағасының және мүшелерінің Қазақстан Тізілім Ұстаушылар Қауымдастығы (бұдан әрi "ҚТҰҚ" деп аталады) Кеңесінің мүшелерімен 1998 жылғы 04 қыркүйекте өткен кездесудің нәтижелеріне сәйкес және бағалы қағаздар рыногын реттеуді жетілдіру мақсатында Ұлттық комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Тіркеушілерге қойылатын талаптар туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 05 маусымдағы N 5 қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 06 тамызда 563 нөмірімен тіркелген) өзгерістер енгізу мақсатында ҚТҰҚ толық құқықты және нақты мүшелері - тіркеушілер үшін бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті жеткілікті өз капиталының ең төменгі деңгейіне мынадай талаптар белгіленсін:
Тармақша 1
1) 1998 жылдың 01 қазанына және 1999 жылдың 01 қаңтарына дейін - 15.000 айлық есепті көрсеткіш;
Тармақша 2
2) 1999 жылдың 01 қаңтарына және 1999 жылдың 01 көкегіне дейін - 23.000 айлық есепті көрсеткіш;
Тармақша 3
3) 1999 жылдың 01 көкегіне және одан әрі - 30.000 айлық есепті көрсеткіш.
Тармақ 2
2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін күшіне енетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.