Об образовании Земельной комиссии Тимирязевского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Жер комиссиясын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңынын 31 бабы 1 тармағы 5), 10) және 17) тармақшаларына, 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 43 бабтарына сәйкес, жер учаскелерін беру жөніндегі сұрақты жеделдік шешу мақсатында, және жер заңнамаларының бұзылуын жібермеу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. (1 қосымша) Жер учаскелерін беру жөніндегі сұрақты жеделдік шешу мақсатында, және жер заңнамаларының бұзылуын жібермеу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Жер комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Жер комиссиясының дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекіту үшін енгізілсін.
Тармақ 3
3. (2 қосымша) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Жер комиссиясы туралы Ереже бекітілсін.
Келісілді:
24.02.2004 ж.
Бакаев Еркімбек Ғалымұлы –
ауыл шаруашылық және жер қатынасы
аудандық басқармасының бастығы;
24.02.2004 ж.
Жұмабеков Болат Серікұлы -
жер ресурсын басқару жәнінде аудандық
комитеттің төрағасы.
Басқа 4. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Жер комиссиясының дербес құрамы
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданының
Жер комиссиясын құру туралы»
аудан әкімдігінің 2004 жылғы
27 ақпандағы № 24 қаулысына
1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Жер комиссиясының дербес құрамы
Бакаев Еркімбек Ғалымұлы - Комиссия төрағасы, ауыл шаруашылық және жер қатынасы аудандық басқармасының бастығы;
Мустафин Сабыр Советұлы - Комиссия төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылық және жер қатынасы аудандық басқармасының жер қатынасы бөлімінің бастығы;
Қосубаев Руслан Бағытұлы - Комиссия хатшысы, ауыл шаруашылық және жер қатынасы аудандық басқармасының бас маманы
Анненков Анатолий Александрович - аудандық мәслихаттың хатшысы (келісу бойынша);
Беккер Владимир Октябринович - ҚР АШМ аумақтық аудандық басқармасының бастығы (келісу бойынша);
Гуржий Кирилл Кириллович - құқықтық сұрақтар жөнінде аудан әкімінің кеңесшісі;
Дұкенов Ерген Еркенұлы - аудан әкімі аппаратының бас маман - архитектор;
Жұмабеков Болат Серікұлы - жер ресурсын басқару жөнінде аудандық комитеттің төрағасы (келісу бойынша).
Басқа 5. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Жер комиссиясы туралы Бреже
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданының
Жер комиссиясын құру туралы»
аудан әкімдігінің 2004 жылғы
27 ақпандағы № 24 қаулысына
2 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Жер комиссиясы туралы Бреже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ауданда жер учаскелерін беру жөніндегі сұрақтарды жеделдік шешу және жер қатынасын ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17,43 баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Жер комиссиясы (әрі қарай -Комиссия) құрылады.
Тармақ 2
2. Аудандық әкімдікте - Комиссия жергілікті атқару органы жанында тұрақты қызмет ететін органы болып табылады. Аудан әкімі Комиссияның дербес құрамын ұсынады да аудандық мәслихатқа бекіту үшін енгізеді.
Тармақ 3
3. Жер ресурсын басқару жөнінде, архитектура, аудандық мәслихаттың депутаттары мен жергілікті өзін басқару (олар болған жағдайда) органдарының өкілдерінен Комиссия құрылады. Жергілікті атқару органдарының көзқарасы бойынша Комиссии құрамына басқа да тұлғалардың кіруі мүмкін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, осы ережелер негізінде Комиссия өз қызметін жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі қызметі
2. Комиссияның негізгі қызметі
Тармақ 5
5. Меншік құқысын беру немесе жер учаскесін жер пайдаланушыларға беру сұрақтар жөнінде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді өз қүзыреті шегінде қарау Комиссияның негізгі қызметі болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі.
3. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі.
Тармақ 6
6. Жер қатынасын ретке келтіретін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес меншік құқысын беру немесе жер учаскесін жерпайдаланушыларға беру сұрақтар жөнінде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді Комиссия қарайды.
Өтініште мыналар болуы тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның болжамды мөлшері, тұратын орны, пайдалану үшін сұрау құқысы, басқа жер учаскесінің бар (жоғы).
Егер пайдалы қазынды әзірленген жағдайда қолдаухатқа жер қойнауын пайдалану үшін жасалған келісімшарттың кошірмесі ұсынылады.
Жер учаскесіне құқы беру туралы өтініш түскен сәттен бастап мерзімі үш ай ішінде қаралады. Осы мерзімге Комиссияның өтініш қарайтын уақытыда енеді.
Жергілікті атқару органының тапсырысы бойынша жер ресурсын басқару жөніндегі аумақтық органдары жерді аумақтарға бөлуге сәйкес атаулы бағдару мақсатында жер учаскелерін пайдалануға сұрауға мүмкіншілікті белгілейді.
Тармақ 7
7. Комиссияның отырыстарын дайындау:
Комиссияға қарауға түскен материалдарды уақытында жөне дұрыс қарауды қамту мақсатында, ол материалдарды Комиссияның төрағасы немесе тапсыру бойынша, оның орынбасары зерделейді.
Комиссияға қарауға түскен материалдарды зерделу процессінде белгілейді:
қаралған материалдар Комиссия құзыретіне жататынын не жатпайтынын;
жерді аумақтарға бөлуге сәйкес атаулы бағдару мақсатында жер учаскелерін пайдалануға сұрауға мүмкіншілігін;
Комиссия отырысына қатысу үшін шақыруға жататын адамдарды.
Материалдардың зерделенген нәтижесі бойынша Комиссия төрағасы (немесе оның орынбасары) Комиссия хатшысына мыналарды тапсырады:
материалдарды қарауға тағайындауы және Комиссия отырысының өтетін датасы мен орны туралы өтініш берушіге немесе оның заңды өкіліне, отырыста қатысуға қажет басқа да адамдарға хабарлау.
Тармақ 8
8. Комиссияның отырысын өткізудің тәртібі. Комиссия отырысы жыл ішінде қажет болғанша өткізіледі.
Егер Комиссии мүшелерінің жалпы санының жартсы болса Комиссия отырысын өткізуге құқысы бар. Комиссия отырысында төрағасы төрешілік жасайды немесе оның тапсырысы бойынша отырысты орынбасары өткізеді.
Сұрақ жөнінде Комиссия өтініштерді қарайды және шешім қабылдайды:
өтінішті қаңағаттандыру немесе қаңағаттаныдырудан бас тарту. Құқы беру немесе жер учаскесін пайдалануға құқы беруде қаңағаттырмауда жергілікті атқару органы әкімдігінің қаулысы ресімделеді - қаулы қабылданғаннан кейін мерзімі жеті күн ішінде өтініш берушіге көшірмесі беріледі.
Тармақ 9
9. Комиссия хаттамасы.
Материалдар қаралған нәтижесі бойынша Комиссия отырысының хаттамасы ресімделеді және Комиссия отырысына қатысқан Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысы жөніндегі қортындысы енгізіледі.
Егер, дауыс беру жағдай тең болса, төрағаның дауысы отырысты шешеді. Комиссия мүшелерінің пікірлері көпшілікпен келіспеген себепте өз пікірлерін жазба ретінде қол қойып, Комиссия отырысының хаттамасына қосып ұсынады.
Хаттамада мыналар көрсетіледі:
Комиссияның атауы мен дербес құрамы;
Комиссия отырысының өтетін датасы мен орны;
Қаралатын материалдар тұлғасының аты-жөні, тегі;
өтініштегі жазылған өтінімдер;
Комиссияның қабылдаған қортындысының негізіндегі жағдайлар.
Хаттамаға төраға және міндетті хатшы қол қояды, Комиссия отырысында хабарланады және қарсылық жасау үшін бекітілген мерзімі өткеннен кейін заң күшіне енеді.
Жер сұрақтарын ретке келтіретін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Комиссияның қортындысы енгізіледі.
Өтініш берушіге Комиссия отырысының хаттамасынан көшірме беріледі.
Тармақ 10
10. Комиссияның хаттамасы бойынша шағым беру.
Қаралған материалдар бойынша Комиссия қабылдаған қортындысы жөнінде өтініш беруші немесе оның заңды өкілі, адвокаты шағым берулеріне болады.
Комиссия отырысының хаттамасының көшірмесін қолына алған күннен бастап мерзімі он күн ішінде осы Комиссияны құрған атқарушы органға шағымды беруге болады.
Көрсетілген мерзімде шағым Комиссия хаттамасының орындалуын тоқтатады.
Комиссияның қаулысын сотқа шағым беріп токтату мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес бекітіледі.
Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес төртібінде Комиссия хаттамасы жөнінде прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
Жерге орналастыру жоба негізінде меншік құқысын беру немесе жер учаскесіне жерпайдаланушыларға құқы беру туралы қаулының көшірмесі өтініш берушіге беріледі де жергілікті атқарушы органының шешімі - аудан әкімдігінің қаулысы- жер учаскелеріне сәйкес құқылар беру туралы тәртіпте қабылданады.