Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории города Алматы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 03-10/25-И ұсынысы негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес карантиндік объектілердің түрлері бойынша аудандар бөлінісінде Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, жалпы ауданы 23,40375 гектар жерге карантин аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны жариялау үшін қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен бірлесіп (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеуге арналған карантиндік объектілердің тізбесі
Алматы қаласы әкімдігінің № __ 2024 жылғы «___» __________ қаулысына қосымша Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеуге арналған карантиндік объектілердің тізбесі № Қала аудандары бойынша карантиндік объектілердің таралу ошақтары Карантиндік объектінің түрі, га Карантиндік зиянкестер Карантиндік арамшөптер Калифорниялық қалқаншалы сымыр Шығыс жеміс жемірі Мәрмәр қандаласы Жусан жапырақты ойраншөп Жіңішке сабақты арам сояу Қызғылт жатаған у кекіре Көп жылдық ойраншөп 1 Алмалы ауданы: көшелер, даңғылдар бойында 0,997 2 Бостандық ауданы: көшелер, даңғылдар бойында 1,13 1,531 3 Жетісу ауданы: көшелер, даңғылдар бойында 0,05 «Jasiljelek Qurilis» ЖШС 0,5 0,02 «Көкжиек» ш.а. 0,5 4 Түрксіб ауданы: көшелер, даңғылдар бойында 3,33 Алматы қаласының Халықаралық әуежайы 0,6 4 1,5 1,6 № 11 өрт сөндіру бөлімі 1,04 1,04 Маяк парк ш.а. «Желтоқсан» саябағы 1 0,04 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы 1,96 5 Медеу ауданы: Нұрмағамбетов көшесі 0,00325 орталық мәдениет және демалыс саябағы 0,0625 28 панфиловшылар паркі 0,5 6 Наурызбай ауданы «Таусамалы» ш.а. 2 Алматы қаласы бойынша барлығы 7 1,1 0,5625 5,06 6,58125 1,5 1,6