Об утверждении Положения о комиссии по защите прав несовершеннолетних Күшін жойған
Басқа 0
Кәмелетке толмағандардын құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы
«Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабының тармағына, «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы №789 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Қосыла беріліп отырған камелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ережені бекітілсін.
Басқа 2. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
«Кәмелетке толмағандардың
құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссия туралы Ережені беқіту
туралы» аудан әкімдігінің
2004 жылғы 9 наурыздағы
№ 56 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі -Комиссия) Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларының кешенді шешілуін іске асыруға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты кызмет ететін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудандық комиссиялар жергілікті атқарушы орган жанынан құрылады. Әкім комиссия құрамын құрайды және аудандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынады.
Тармақ 3
3. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия құрамында төрағадан (әкімінің орынбасарынан), төрағаның орынбасарынан (аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасарынан, Комиссияның 6-12 мүшелерінен және тиісті атқарушы органның апаратында штаттық лауазымды қызмет атқаратын комиссияның жауапты хатшысынан құрылады.
Тармақ 4
4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алуға, олардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғауға мүдделі ішкі істер оргамдарыньщ, білім және ғылым, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, денсаулық сақтау және өзге де ведомстволар өкілдерін біріктіреді.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативті құқықтық кесімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған комиссияның бақылауында болады және оған есеп береді.
Тармақ 7
7. Комиссия қызметі:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандармен адамгершілік қарым-қатынас;
Тармақша 3
3) көмелетке толмағандарға, ата-анасына немесе оның заңды өкілдеріне сыйласымды қарым-қатынас;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандар, ата-анасы немесе оның заңды өкілдері туралы ақпаратың құпиялығы;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағанның құқықтары мөн заңды мүдделерін корғау мәселелері бойынша оның ата-анасымен немесе заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 6
6) кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған үшін лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершілік қағидаттарына негізделеді.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі функциялары:
2. Комиссияның негізгі функциялары:
Тармақ 8
8. Комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарлық құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда және қорғауда оларға жәрдем көрсету;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерінің алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы
анықталған фактілері туралы мүдделі ведомстволарға үнемі хабарлап отыру;
Тармақша 3
3) өмірі мен денсаулығына қауып төнетін жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтік ақтау, көмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене және рухани дамуына теріс әсер ететін немесе олармен қатыгездікпен қарым қатынас жасайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына немесе шектелуіне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдері мен басқа адамдардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну;
Тармақша 6
6) мемлекет көмегіне мұқтаж толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқорлық органдарына ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандарды дене және психикалық күш көрсетуден, кемсітудің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайданалудан, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 8
8) қылмыстық жауапкершілік жүктелетін жасқа толғанға дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық белгілері бар, қоғамға кауіпті әрекет фактілері бойынша материалдарды қарау;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік бұзушылықтар туралы істерді қарау;
Тармақша 10
10) әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құру;
Тармақша 11
11) балаларды төрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдың алумен айналасатын тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына карамастан өзге де органдар мен ұйымдарға:
тәрбиелеу колонияларынан босатылған;
арнайы білім беру ұйымдарынан оралған;
әкімшілік жауапкершілікке тартылған;
білім беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке болмағандармен жеке алдын-алу жұмысын жүргізудің қажеттілігі туралы ақпарат жіберу;
Тармақша 12
12) спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық немесе есеңгірететін заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материаядарды тиісті емдеу-алдын алу және ақтау шараларын жүргізу үшін ата-аналары келісімімен денсаулық сақтау мекемелеріне жіберу;
Тармақша 13
13) жалпы білім беретін оқу орындарына мектеп жасындағы кәмелетке толмағандардың ұзақ қатыспағандығы туралы білім беру ұйымдары әкімшілігінің ұсынымдарын қарау;
Тармақша 14
14) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде және осы ережеде көзделген жағдайлар мен тәртіпте ықпал ету шараларын қабылдау;
Тармақша 15
15) арнайы білім беру ұйымның әкімшілігімен бірлесіп кәмелетке толмағанның көрсетілген мекемеде болуын мерзімінен бұрын тоқтауға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағанның онда болу мерзімін оның жасаған әрекетінде қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар жағдайларда ұзатуға немесе заңнамамен белгіленген осы мекемеде болу жасына жетуіне байланысты басқа арнайы білім беру ұйымдарына ауыстыру мәселелері бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтініші бойынша сотқа ұсыныс дайындау;
Тармақша 16
16) кәмелетке толмаған сотталушыны жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату жөнінде не оған жазаның өтелмеген бөлігін жазаның мейлінше жеңілірек түрмен ауыстыру туралы жазаны атқарушы мекеменің немесе орган ұсынымының сот отырысында қаралуына кәмелетке толмағандардың құқықтарын ұсынушы ретінде
қатысу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандардың білім беру және мәдениет ұйымдарында, уақытша оқшалау, бейімдеу және ақтау орталықтарында, кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колонияларда, арнайы білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың тәрбиелеу, оқыту, ұстау, денсаулығын сақтау жағдайларын тексеру және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында тиісті аумақтарда орналасқан арнайы білім беру ұйымдарында болу. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен занды мүдделерін, сондай-ақ ұстау оқыту және тәрбиелеу жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 18
18) білім беру ұйымдарында олардың меншік нысанына қарамастан кәмелетке толмағандармен тәрбие, құқық, білім беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйін зерттеу.
Тарау 3. 3. Аудан әкімдігінің жанындағы Комиссияның қолданатын шаралары
3. Аудан әкімдігінің жанындағы Комиссияның қолданатын шаралары
Тармақ 9
9. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегі Комиссия кабылдайтын шаралар:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алуға жауапты басқа органдармен бірлесіп, олардың өмірі мен денсаулығына қауып төндіретін жағдайда орналасқан, білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт қатыспаған, мемлекет көмегіне мұқтаж жасөспірімдерді анықтайды, олардың жеке есебін жүргізеді, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешім қабылдайды және қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылайды;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешімді білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау органдарына жібереді, олар кейінде екі апта мерзімде қабылданған шаралар туралы Комиссияға хабарлауға міндетті;
Тармақша 3
3) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің жоқтығына, ата-анасының ата-аналық құқығынан айрылуына байланысты арнайы білім беру ұйымдарынан шыққан немесе тәрбие колониясынан босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылықты жеріне оралуы мүмкін емес немесе қажет болмаған жағдайларында, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртібіне теріс әсер ететін өзге де себептерге байланысты көрсетілген мекемелердің орналасқан жері бойынша Комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерін есепке ала отырып, білім беру ұйымдарына орналастыру немесе еңбекке орналастыру жөнінде, сондай-ақ ол үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнінде көмек көрсетеді. Комиссия мәселені кәмелетке толмағанның жазбаша өтініші мен тиісті мекеме әкімшілігінің дәлелдеді қорытындысы берілген күннен бастап он күн ішінде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқорлық белгілеу үшін Комиссия тиісті қорғаншылық және қамқорлық органына өтініш білдіреді.
Тармақ 10
10. Комиссияның кәмелетке толмағандарға қолданатын ықпал ету шаралары.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілік туындайтын жасқа жеткенге дейінгі әкімшілік құқық бұзушылықтары немесе қылмыс белгілері бар қоғамға қауыпты әрекеттері жөніндегі істерді қарау кезінде Комиссия кәмелетке толмағанның жас ерекшелігін, өмір сүру және тәрбие жағдайларын, психиқалық даму деңгейін, жеке адамның өзге де ерекшеліктерін, әлеуметтік жағдайы мен мінез-құлқын, жасы үлкендердің ролі мен ықпалын, сондай-ақ әкімшіліктік заңнамамен көзделген шаралардан басқа, кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру ұйымдарына жіберу туралы сотқа өтініш беру.
Тармақ 11
11. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне Комиссия қолданатын ықпал ету шаралары.
Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын не олардың дене тәрбиесінің қалыпты жәңе өнегелі дамуына кері әсерін тигізетін ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне Комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:
кәмелетке толмаған келтірген материалдық зиянды өндіріп алу туралы сотқа өтініш беру;
кәмелетке толмағанның өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қауып төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе оның қамқорлыққа алған өзге де заңды өкілдерінен дереу алып қою туралы, сондай-ақ қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы не асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы шартты бұзу туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтініш беру;
ата-аналық құқығын шектеу жөнінде немесе айыру не оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де шаралар қолдану туралы сотқа өтініш беру.
Тарау 4. 4. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
4. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасымен өзінің құзыретіне жатқызылған кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс аудандық Комиссия қарайды.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау процесінде комиссия қылмыс белгілерін тапқан жағдайда онда ол тиісті ақпараты ішкі істер органдарына жіберді.
Тармақ 13
13. Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдарды:
кәмелетке толмағанның, оның ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша:
өзінің жеке бастамасы бойынша;
азаматтардың ақпараттары бойынша;
білім беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтініштері;
қылмыстық жауапкершілік туындаған жасқа толғанға дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты ішкі істер органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды.
Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдарды осы Ережемен және Қазақстан Республикасының құқықтық кесімдерімен белгіленген тәртіппен қарайды.
Тармақ 14
14. Комиссия отырыстарын дайындау.
Комиссия қарауына түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды Комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасынан орынбасары алдын-ала зерттейді.
Комиссияның қарауына келіп түскен материалдарды алдын ала зерттеу процесінде ол:
осы материалдардың деректерін қарау оның құзыретіне жататындығын;
Комиссия отырысында шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберін;
материалдарды дұрыс және уақытылы қарау үшін маңызы бар жағдайларға қосымша тексеру жүргізу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттілігін анықтайды.
Комиссия материалдарды алдын-ала зерттеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдай алады:
материалдарды қарауға тағайындау және кәмелетке толмағанды, оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін, отырысқа қатысуы міндетті деп танылған басқа да адамдарды Комиссия отырысының күні мен орны туралы хабардар ету;
келіп түскен материалдардағы мәліметтерге тексеру жүргізу немесе оны жүргізуді тиісті мамандарға тапсыру;
Комиссия отырысында қарауға жататын мәселелердің нақтылығы бойынша кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішін қарау;
кәмелетке толмағанның Комиссия отырысында келуін қамтамасыз ету жөнінде осы ереженің 15-тармағында көзделген шараларды кабылдау;
кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері, адвокат Комиссия отырысы басталғанға дейін оның қарауына дайындалған материалдармен танысуға құқылы. Осы тармақта көрсетілген адамдардың материалдармен танысу құқығы оларды Комиссия отырысына шақыру туралы қағазында түсіндіріледі.
Комиссияның алған материалдарды олардың Комиссияға келіп түскен күнінен бастап он бес күң ішінде қаралуы тиіс.
Тармақ 15
15. Комиссия отырысында қатысушы адамдардың келуін камтамасыз ету.
Көмелетке толмаған Комиссия отырысына қатысудан жалтарады деуге негіз болған кезде, Комиссия келуін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне, не ол тәрбиеленетін білім беру ұйымдары әкімшілігіне жүктейді, олар осы мәселе бойынша жазбаша міндеттемелер береді.
Комиссия отырысына дәлелсіз себептермен келмеген кезде жасөспірімдердің заңды өкілдерін хабарландыруымен:
қоғамдық қауіпті әрекет жасаған, он төрт жасқа толған кәмелетке толмағандар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, он алты жасқа толған кәмелетке толмағандарды мәжбүрлеп жеткізілуі мүмкін:
Қоғамдық қауіпті әрекет жасаған және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауапкершілік туындайтын жасқа толғанға дейін жағдайда заңды өкілдері мәжбүрлеп жеткізілуі мүмкін.
Тармақ 16
16. Комиссия отырыстарын өткізу тәртібі.
Комиссия отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде айына екі рет өткізіледі және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша жабық отырыс өткізу туралы дәлелді қаулы қабылдай алады.
Комиссия қажет кезіңде істері қаралатын адамдардың оку, жұмыс орны немесе тұрғылықты жері бойынша көшпелі отырыс өткізе алады.
Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерінің кемінде жалпы санының жартысы қатыса занды болып табылады. Комиссия отырысында оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссияның орынбасары төрағалық жасайды.
Кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды комиссия тек кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қатысуымен ғана қарайды.
Кәмелетке толмағанның тілегі бойынша Комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жіберіледі.
Комиссия отырысына өткізу күні, орны мен уақыты туралы прокурорға міндетті түрде хабарлануы керек.
Қылмыстық жауапкершілік туындайтын жасқа толғанға дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезінде отырыска прокурор шақырылады.
Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатынын хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Мұнан кейін қажетті құжаттар жарияланады, келіп түскен материалдар, сондай-ақ негізделген шешім қабылдау үшін маңызы бар жағдайлар бар жағдайлар зерттеледі, өтініштер қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзі тыңдалады.
Қаралатын материалдардың мәні бойынша өтініштерді кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері, адвокаты, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ Комиссияға кәмелетке толмағанға қатысты ұсынымдармен өтініш білдірген адамдар және олардың заңды өкілдері береді. Берілген өтініштерді қарау нәтижелері комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі.
Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға кері әсерін тигізетін жағдайларды зерттеу уақытында комиссияның оны залдан шығуға құқығы бар, бұл туралы комиссия отырысының хаттамасында жазылады.
Тармақ 17
17. Комиссия қаулысы.
Кәмелетке толмағанға, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдары, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу үшін жауапты органдардың ұсынымдары олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына карамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтініштері, азаматтардың ақпараттары бойынша комиссия қаулы қабылдайды, онда:
Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында көзделген жаза және ықпал ету шараларын қолдану туралы;
кәмелетке толмағанды орналастыру жөнінде осы Ереженің 9-тармағында көзделген шараларды белгіленген тәртіппен қабылдау туралы;
осы Ереженің 10,11-тармақтарында көзделген ықпал ету шараларын қолдану туралы;
дайындалып жатқан не жасалған қылмыс туралы ақпаратты ішкі істер органдарына жіберу туралы шешім баяндалады.
Комиссия қаулысы отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлінген жағдайда Комиссия отырысында төрағалык етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия қаулысында:
Комиссияның атауы және жеке құрамы;
Комиссия отырысының күні мен жері;
материалдар қаралуға қатысты адам туралы мәліметтер;
материалдарды қарау кезінде белгіленген жағдайлар;
шешім қабылдауға негіз болған дәлелдер;
кәмелетке толмағанның құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік көзделетін не құқықтарына кепіл беретін нормативтік құқықтық кесім;
Комиссия қабылдаған шешім;
кәмелетке толмағанға Комиссия ұсынған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар, олар тапсырылған органдар мен адамдар;
осы қаулы бойынша шағымданудың мерзімдері мен тәртібін түсіндіру туралы мәліметтер көрсетіледі.
Комиссия қаулысына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдауға белгіленген мерзім өткеннен кейін, заңды күшіне енеді.
Комиссия қаулысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сөйкес шығарылады.
Комиссия қаулысы орындау үшін тиісті мемлекетік органдарға жөне олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанынан тәуелсіз ұйымдарға жіберіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша қаулы істі қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады, ал оның көшірмесі, бұл ретте, шығарылған қаулыға қатысты адамға тапсырылады.
Айыппұл кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мүмкін мүлкі болған жағдайда тағайындалады. Айыппұл мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мүмкін мүлкі болмаған жағдайда айыппұл ата-анасына немесе оны алмастыратын адамдарға жалпы негізде салынады.
Айыппұл әкімшілік айыппұл қолдану туралы қаулының заңды күшіне енген күннен бастап отыз күн ішінде не қажетті соманы белгіленген тәртіпте банк мекемесіне өткізу жолымен әкімшілік заңнамамен белгіленген ұзарту мерзімі өткеннен кейін төленуі тиіс.
Комиссия қаулысын орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілік жүктейді.
Тармақ 18
18. Комиссияның ұсынысы.
Егер материалдарды қарау барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттер мен қараусыз қалуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталатын болса, комиссия мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға оларды жою туралы тиісті ұсыныстар енгізеді.
Осы тармақта көрсетілген органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары Комиссия ұсынысын алған күннен бастап бір айдың ішінде оны қарауға және тиісті Комиссияға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлауға міндетті.
Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтан жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламау Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.
Тармақ 19
19. Комиссия отырысының хаттамасы.
Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргізеді, онда:
Комиссияның атауы мен жеке құрамы;
Комиссия отырысының күні мен жері;
қаралатын материалдардың мазмұны;
материалдардың қаралатын адамның тегі, аты және әкесінің аты, туған күні мен жері, оның тұрғылықты жері, сондай-ақ материалдардың қаралуы үшін маңызы бар өзге де мәліметтер;
Комиссия отырысына қатысушылардың келуі және оларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру туралы мәліметтер;
Комиссия отырысына қатысушы адамдардың түсініктемелері;
материалдарды қарау кезінде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтар;
берілген отініштер мен оларды қарау нәтижелері;
Комиссия отырысында қабылданған қаулы немесе ұсынысты жариялау туралы мәліметтер;
қабылданған қаулы немесе ұсыныс бойынша шағымдану мерзімдері мен тәртібін түсіндіру туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды.
Тармақ 20
20. Кәмелетке толмаған қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттеріне, сондай-ақ қараусыз қалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды зерттеу мақсатында комиссия отырыстарда қаралған барлық істерді есепке алуды және сақтауды ұйымдастырды, өзінің аумағының шегінде осы есепке алудың деректері қорытындылайды.
Тармақ 21
21. Комиссия қаулысына немесе ұсынысына шағым беру.
Қаралған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қаулы ол кімге қатысты қабылданса, сол адам, оның заңды өкілдері, адвокаты, сондай-ақ жәбірленуші сотқа немесе жоғары тұрған Комиссияға шағым бере алады.
Комиссияның тиісті қаулысының көшірмесін алған күннен бастап он күн ішінде осы комиссияны құрған атқарушы органға шағымдануы мүмкін.
Көрсетілген мерзімде шағым беру тиісті қаулының немесе ұсыныстың орындалуын тоқтатады.
Комиссияның қаулысы бойынша сотқа шағым беру мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Комиссия қаулысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокурор қарсылық білдіре алады.
Тарау 5. 5. Комиссияның материалдық-техникалық қамтамасыз ету
5. Комиссияның материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 22
22. Комиссия қызметін материалдык-техникалық қамтамасыз ету аудан әкімінің аппаратына жүктеледі.