Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов Күшін жойған
Басқа 0
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Приозерск қаласының сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 2/1 «Приозерск қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлерінің сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3648 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Приозерск қалалық
сайлау комиссиясы
Басқа 0. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Приозерск қаласының әкімдігінің
2024 жылғы 29 ақпандағы
№ 10/39
қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
№
Елді мекен атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
1
Приозерск қаласы
Көкжиек көшесіндегі "Березка" дүкеніне қарама-қарсы ақпараттық тақта
2
Приозерск қаласы
Балқаш және Кисунько көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта
3
Приозерск қаласы
Кисунько көшесіндегі "Грей" дүкені ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта
4
Приозерск қаласы
Пушкин көшесіндегі "777" дүкеніне қарама-қарсы ақпараттық тақта
5
Приозерск қаласы
Б. Момышұлы көшесі, № 12/1 үйдің артқы жағындағы ақпараттық тақта