Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Улытаускому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Ұлытау аудандық мәслихатының XIV сессиясының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 110 шешіміне 1 қосымша Ұлытау ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер Атауы Есептік бірлік Қызметтердің құны (теңге) Жайлы үйлер және жайлы емес үйлер Айына бір тұрғыннан 217 Жылдық тариф бір бірлігіне (көлем) 1 м3 1066