Об утверждении Положения о государственном учреждении «Рудненский городской отдел предпринимательства и сельского хозяйства» акимата города Рудного Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Рудный қаласы әкімдігінің 2023 жылғы «21» желтоқсан № 1213 қаулысымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекеменің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мекеменің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтіледi.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95 құрылыс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мекеменің қызметiн каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ішкі нарығына және оларды қайта өңдеу өнімдеріне мониторинг жүргізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы өндірісін әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық және индиактивті жоспарларын әзірлеу, іске асыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және техникалық және ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету жағдайларын жасау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау және цифрландыру, қайта өңдеу кәсіпорындарымен тепе-тең негізде әріптестік экономикалық өзара қарым-қатынастар;
Тармақша 4
4) аграрлық секторда реформаларды жүзеге асыру, саланы қаржылық сауықтыру, жеделдетілген экономикалық өсу және ауыл шаруашылығы өндірісінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін инвестициялар тарту;
Тармақша 5
5) бәсекеге қабілетті жоғары сапалы азық-түлік және ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оларды қайта өңдеуге және өткізуге көмектесу;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Рудный қаласының кәсіпкерлік саласын дамыту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
Тармақша 9
9) қаланың кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 10
10) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 11
11) кәсіпкерлік саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің тізілімін жүргізу және өзектендіру;
Тармақша 12
12) өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға көмектесу;
Тармақша 13
13) мерекені өткізу кезінде бөлшек сауданы ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) бөлім қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: өз құзыреті шегінде уәкілетті органдардан ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу; заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болу, сотта талапкер және жауапкер болу; бөлім құзыреті мәселелері бойынша қала әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) Міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс және қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру; агроөнеркәсіптік кешен және шағын, орта бизнес саласында кредит беруді, субсидиялауды дамытуды жүзеге асыру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру;
Тармақша 3
3) ішкі азық-түлік ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 4
4) облыстық азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының өнімдерін өткізу бөлігінде «Тобыл ӘКК» акционерлік қоғамымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы саласында Рудный қаласын дамыту бағдарламаларын іске асыру;
Тармақша 6
6) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы егіс алқаптары, дақылдардың өнімділігі және жалпы жинақтары туралы деректерге мониторинг жүргізу;
Тармақша 8
8) бөлімнің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Тармақша 9
9) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеуді дамыту жоспарларын, болжамдарын әзірлеу, мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын және инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 10
10) Рудный қаласын дамыту Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау;
Тармақша 11
11) азық-түлік тауарлары қорларының есебін жүргізу және есептілікті облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
Тармақша 12
12) мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру бойынша алдын ала есептерді дайындау және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің статистикалық есептілікті уақтылы ұсынуын бақылау;
Тармақша 13
13) отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісін дамыту үшін ауыл шаруашылығы субъектілеріне микрокредит беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 14
14) субсидияларды қаржыландыру жоспарын әзірлеу;
Тармақша 15
15) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру;
Тармақша 16
16) республикалық, облыстық және қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру, өткізу және сүйемелдеу;
Тармақша 17
17) қағидалар мен стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді қабылдау, қарау және көрсету;
Тармақша 18
18) техникалық инспекция саласында рұқсат құжаттарын беру, кепілді, қосымша кепілді тіркеу.
Тармақша 19
19) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) туристік қызметтер нарығын талдау және уәкілетті органға қала аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 21
21) қалалық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
Тармақша 22
22) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға және дамытуға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 23
23) халық пен шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында сауда саласындағы заңнаманы қолдау және іске асыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 24
24) кеңестер мен конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
Тармақша 25
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 19
19. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімнің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 3
3) бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және тиісті емес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) бұйрықтар шығарады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қызметкерлердің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;
Тармақша 6
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 7
7) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 8
8) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын, біліктілік талаптарын бекітеді;
Тармақша 9
9) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбекақы төлеу қорын үнемдеу шегінде тәртіптік жаза қолдану, көтермелеу және материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
Тармақша 10
10) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлер саны шегінде штат кестесін, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 11
11) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
Тармақ 21
21. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.