Об установлении публичного сервитута на земельный участок Күшін жойған
Басқа 0
Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабына сәйкес Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Комаровское тау-кен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке талшықты – оптиқалық байланыс желісін (ТОБЖ) төсеу және пайдалану үшін Жітіқара ауданының Пригородный ауылының аумағында орналасқан ауданы 0,77 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.