Об утверждении регламента Енбекшиказахского районного Маслихата Қолданыста
Басқа 0
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 9-бабына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының регламенті бекітілсін /қоса беріледі/.
Тармақ 2
2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 28-қаңтардағы N 6-2 "Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімі жойылсын.
Басқа 3
Еңбекшіқазақ аудандық
мәслихатының 19 наурыз
2004 ж. N 7-2 шешiмiне
қосымша
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТI
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты жергiлiктi өкiлдi орган, аудан халқына жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге сайланады. Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес халықтың еркiн бiлдiретiн шараларды анықтап, оның iске асуын қадағалайды.
Тармақ 2
2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат сессияларын оның органдарының отырыстарын өткiзу, оған мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, көпшiлiктiк тыңдаулар, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру, басқа да рәсiмдiк жұмысын ұйымдастыру мәселелерi осы регламентпен белгiленедi.
Тарау 2. 2-тарау. Мәслихатты құру
2-тарау. Мәслихатты құру
Тармақ 3
3. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" Заңына cәйкес сайланған 23 (жиырма үш) депутаттан тұрады.
Тармақ 4
4. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.
Тармақ 5
5. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының мөрi, мөртаңбасы бар.
Тарау 3. 3-тарау. Мәслихаттың құзыретi
3-тарау. Мәслихаттың құзыретi
Тармақ 6
6. Аудандық мәслихаттың құзыретiне:
Тармақша 1
1) аумақтық дамытудың жоспарларын бекiту, аудандық экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларын, аудан бюджетi және олардың атқарылуы туралы, соның iшiнде селолық округтер ұстауға арналған шығыстар сметасын бекіту;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөніндегі аудандық бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекіту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарға сәйкес өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 3
3) әкімнің ұсынуы бойынша Еңбекшіқазақ аудандық басқару схемасын бекіту;
Тармақша 4
4) жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс және жергілікті қауымдастық ұйымының шекараларын айқындау мәселелерін шешу;
Тармақша 5
5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешімі мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімиятының дербес құрамын келісу;
Тармақша 6
6) аудандық атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі белгілеген ережелерді бекіту;
Тармақша 8
8) ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының, жоспарларының, аудан бюджетінің орындалуын бақылау;
Тармақша 9
9) Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
Тармақша 10
10) Халықтың жұмыспен қамтылуына көмектесу мен кедейшілікпен күрес бағдарламасын бекіту;
Тармақша 11
11) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствааралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімият жанындағы консультативті-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының Жер Заңдарына сәйкес және жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 13
13) Есік қаласының және аудандағы селолық елді мекендер салудың бас жоспарларын бекіту,
Тармақша 14
14) Азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын орындауына ықпал ету.
Тарау 4. 4-тарау. Мәслихаттың актiлерi
4-тарау. Мәслихаттың актiлерi
Тармақ 7
7. Аудандық мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актiлерi болып табылады.
Тармақ 8
8. Аудандық мәслихаттың аудан бюджетi кiрiстерiн қысқарту немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiм жобалары аудан әкiмiнiң ұсынысы бойынша қарауға енгiзiледi.
Тармақ 9
9. Аудандық мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылданған шешiмдер аудандық "Еңбекшіқазақ" газетiнде жариялануға тиiс және ол аудан аумағында орындалуға мiндеттi.
Тармақ 10
10. Аудандық мәслихаттың жалпыға бiрдей мiндеттi маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарымен мiндеттерiне қатысты шешiмдер заңда белгiленген тәртiпте Әділет органында мемлекеттiк тiркелуге жатады.
Тармақ 11
11. Аудандық мәслихаттың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.
Тарау 5. 5-тарау. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
5-тарау. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 12
12. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда, тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясы төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасы Заңдарында белгiленген тәртiпте жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады. Егер мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
Тармақ 14
14. Аудандық мәслихат:
Тармақша 1
1) Мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың есептерiн тыңдайды;
Тармақша 2
2) Мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептерiн тыңдайды;
Тармақша 3
3) Мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды, тексеру комиссиясының актiлерiн бекiтедi;
Тармақша 4
4) заңдарда белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;
Тармақша 5
5) Мәслихаттың регламентiн бекiтедi;
Тармақша 6
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
Тармақша 7
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.
Тарау 6. 6-тарау. Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi
6-тарау. Мәслихат сессиясын шақыру тәртiбi
Тармақ 15
15. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
Тармақ 16
16. Мәслихаттың кезектi сессиясы үш айда бiр рет шақырылады бiрақ, кемiнде жылына төрт реттен кем емес және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия оны өткiзу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрiлмей шақырылады.
Тармақ 17
17. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды. Халық мәслихат сессиясының жүргiзiлуiн, сессияға енген сұрақтар туралы аудандық "Еңбекшіқазақ" газетiнiң бетiне берiлген хабарландыру арқылы бiле алады. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгiзген мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн қалғанда табыс етедi.
Тарау 7. 7-тарау. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi
7-тарау. Мәслихат сессиясын өткiзу тәртiбi
Тармақ 18
18. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өтедi.
Тармақ 19
19. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.
Тармақ 20
20. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi. Жалпы мәслихаттың сессиясы күннiң бiрiншi жартысында жүргiзiледi. Қажет болған жағдайда сессия жұмысы әр 1,5 сағаттық жұмыстан кейiн 20 минут үзiлiспен және бiр сағаттық түскi үзiлiспен күнi бойы жұмыс iстеуi мүмкiн. Мәслихат сессиясының шешiмi бойынша отырыстың басталуы және аяқталуы туралы басқаша тәртiп белгiленуi мүмкiн. Сессияда негiзгi баяндама үшiн бiр сағат, қосымша баяндама үшiн 20 минут, жарыссөз үшiн 10 минутке дейiн, сұрақ, сауал, ұсыныс хабарлама және анықтама беру үшiн 3 минут берiледi.
Сессия жұмысында мәслихат шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн.
Тармақ 21
21. Мәслихат сессиялары, әдетте ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiнен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, жабық сессиялар өткiзуге жол берiледi.
Тармақ 22
22. Кезектi сессияның күн тәртiбi сессия төрағасы, мәслихат хатшысы, тұрақты және басқа да комиссиялармен, депутаттармен, депутаттық топтар, аудан әкiмiмен үйлестiрiледi. Сессияның күн тәртiбi талқыланған кезде толықтырылуы, өзгертiлуi мүмкiн.
Сессия жұмысының тәртiбi және күн тәртiбiне деген ұсыныстармен ескертпелердi депутаттар сессия төрағасына жазбаша түрде бередi, ол түскеннен кейiн төрағалық етушi жариялайды.
Сессияның күн тәртiбiне енетiн ұсыныстар туралы сұрақ әр ұсынысқа ашық дауыс беру арқылы сессияға қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгiмен шешiледi.
Тармақ 23
23. Мәслихат сессиясы төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқару органдары басшылары, аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларымен өзге де лауазымды адамдарды мәслихаттың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттар беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.
Шақырылған адамдарға өздерiне тиiстi сұрақтар бойынша сессияда сөз берiлуi мүмкiн. Шақырылған адамдардың сессия жұмысына араласуға құқығы жоқ, олар сессия төрағасының әкiмiне бағынуға және тәртiбiн сақтауға тиiстi.
Тарау 8. 8-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
8-тарау. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары
Тармақ 24
24. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауы тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды қайта құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
Тармақ 25
25. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi.
Тармақ 26
26. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.
Тармақ 27
27. Тұрақты комиссиялар өз бастамалары бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.
Тармақ 28
28. Төрағалардың ұсынысы бойынша аудандық мәслихат тұрақты комиссиялардың құрамдарына өзгерiстер енгiзуге құқылы. Мәслихат тұрақты комиссияның төрағалары өз мiндеттерiн атқара алмаған жағдайда немесе өз өтiнiштерi бойынша мерзiмiнен бұрын өкiлеттiгiн тоқтата алады.
Тармақ 29
29. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кiретiн депутаттар санының жартысынан астамы қатысса заңды болып есептеледi.
Тұрақты комиссиялардың қаулысы комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Тармақ 30
30. Комиссияның отырысында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Олардың төрағасы қол қояды.
Тармақ 31
31. Аудандық мәслихаттың хатшысы Тұрақты комиссиялардың сандары, тiзбесi, сан құрамдары және төрағаларына кандидаттар туралы ұсыныс енгiзедi.
Тармақ 32
32. Тұрақты комиссиялар:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгiзедi;
Тармақша 2
2) Өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
Тармақша 3
3) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттiк органдар, ұйымдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
Тармақ 33
33. Әкiмият, жергiлiктi бюджеттен қаржыланатын ұйымдар, аудандық атқарушы органдардың лауазымды адамдары, белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретiндегi мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
Тармақ 34
34. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Тармақ 35
35. Тұрақты комиссияның жұмысын үйлестiру және жұмысына көмек берудi аудандық мәслихаттың аппараты және хатшысы жүзеге асырады. Тұрақты комиссияның ұйымдастыру жұмыстары, мiндеттерi мен құқықтары Қазақстан Республикасы Заңдарымен және осы регламентпен белгiленедi.
Тарау 9. 9-тарау. Мәслихаттың уақытша комиссиялары
9-тарау. Мәслихаттың уақытша комиссиялары
Тармақ 36
36. Мәслихаттың құзырына жатқызылған мәселелердi сессияда қарауға әзiрлеу мақсатында мәслихат, не мәслихат хатшысы уақытша комиссиялар құруға құқылы. Уақытша комиссиялардың құрамын, мiндеттерiн, өкiлеттiк мерзiмдерiн және құқықтарын мәслихат оларды құру кезiнде белгiлейдi.
Уақытша комиссияның отырысы ашық түрде өтедi, комиссия отырысын жабық түрде де өткiзуге болады.
Уақытша комиссиялар өз құзыретiндегi сұрақтар бойынша қорытынды жасайды.
Тармақ 37
37. Мәслихаттың уақытша комиссиясы Еңбекшіқазақ ауданы аумағында мемлекеттiк және қоғамдық органдардан, кәсiпорындар, ұйымдардан, меншiк түрi дербес ұйымдардан қажеттi құжаттар мен материалдар талап етуге, экспорт шақыруға аудандық мәслихат берген өзге де өкiлеттiктi пайдалануға құқылы.
Қолданылатын Заңдарға сәйкес уақытша комиссияның қызметiне кедергi жасаған лауазымды адамдар жауапкершiлiкке тартылады.
Уақытша комиссия жұмысына қатысқаны үшiн ақы төленбейдi.
Уақытша комиссия мәслихат сессиясының шешiмiмен мерзiмiнен бұрын немесе мiндеттерiн атқарғаннан кейiн өз қызметiн тоқтатады.
Тарау 10. 10-тарау. Мәслихат сессиясының төрағасы
10-тарау. Мәслихат сессиясының төрағасы
Тармақ 38
38. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы өз депутаттарының арасынан мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады.
Тармақ 39
39. Мәслихат сессиясының төрағасына кандидатты депутаттар жазбаша немесе ауызша түрде ұсынады.
Тармақ 40
40. Бiрнеше кандидаттар ұсынылған жағдайда әрбiр кандидатқа жеке дауыс беру арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 41
41. Сессия төрағасы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланған болып есептеледi.
Тармақ 42
42. Сессия төрағасы болып сайланғаны туралы мәслихат сессиясында шешiм қабылданады.
Тармақ 43
43. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.
Тармақ 44
44. Мәслихат сессиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) Мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 2
2) Мәслихат сессиясын әзiрлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады.
Тармақша 3
3) Мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) Мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген мәслихаттың шешiмiне, хаттамаларына өзге де құжаттарға қол қояды.
Тармақ 45
45. Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылмаған негiзде жүзеге асырады.
Тармақ 46
46. Мәслихат сессиясында дауыс беру кезiнде депутаттардың дауысы тең бөлiнген жағдайда, мәслихат сессиясының төрағасы шешушi дауыс құқығын пайдаланады.
Тарау 11. 11-тарау. Мәслихаттың хатшысы
11-тарау. Мәслихаттың хатшысы
Мәслихаттың хатшысы Тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.
Тармақ 47
47. Мәслихат хатшысы:
Тармақша 1
1) Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi, сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында, қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
Тармақша 2
2) депутаттардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына оның Тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына, сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
Тармақша 3
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
Тармақша 4
4) Мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады.
Тармақша 6
6) Мәслихаттың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
Тармақша 8
8) Мәслихаттың Тұрақты комиссияларымен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 9
9) Мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
Тармақша 10
10) Мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
Тармақша 11
11) Мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
Тармақ 48
48. Мәслихат хатшысының мәслихаттың Тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
Тармақ 49
49. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат Тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы уақытша жүзеге асырады.
Тарау 12. 12-тарау. Мәслихат депутаты
12-тарау. Мәслихат депутаты
Мәслихат депутаты жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi.
Тармақ 50
50. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретiнде тiркеген кезден басталып, мәслихат өкiлеттiгi тоқталған кезден бастап тоқтайды.
Тармақ 51
51. Мәслихат депутатының өкiлеттiгi мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) депутат заңдарға сәйкес депутаттық мiндеттердi орындаумен сыйымсыз лауазымға сайланса немесе тағайындалса;
Тармақша 2
2) депутатты әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енсе;
Тармақша 3
3) мәслихаттың өкiлеттiгi тоқтатылса;
Тармақша 4
4) депутат қайтыс болса;
Тармақша 5
5) ол Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылса;
Тармақша 6
6) соттың депутатқа қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енсе;
Тармақша 7
7) депутаттың орнынан түсу туралы жеке өтiнiшiне байланысты;
Тармақша 8
8) депутат өз мiндеттерiн жүйелi түрде орындамаса, оның iшiнде мәслихат сессиясының жалпы отырыстарына дәлелдi себептерсiз қатарынан үш реттен артық қатыспаса, мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
Тармақ 52
52. Депутаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сессиясында қабылданады.
Тармақ 53
53. Депутат:
Тармақша 1
1) сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы немесе мүшесi болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;
Тармақша 2
2) Мәслихат сессиясы мен оның Тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшiн мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешiмдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) тиiстi мәслихаттың аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретiне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жiберуге;
Тармақша 4
4) өз округiнiң сайлаушыларымен, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен, ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткiзуге;
Тармақша 5
5) сессияда тиiстi мәслихат аумағында орналасқан жергiлiктi атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдардың мәслихаттың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша есептерiн тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 6
6) тиiстi әкiмият отырыстарының жұмысына қатысуға;
Тармақша 7
7) мәслихатпен оның органдары, отырыстарының хаттамаларымен танысуға;
Тармақша 8
8) саяси партиялардың депутаттық тобы түрiнде депутаттық бiрлестiктер құруға;
Тармақша 9
9) заңдарда және мәслихат регламентiнде көзделген өзге де iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 54
54. Депутат:
Тармақша 1
1) Мәслихаттың және өзi құрамына сайланған оның органының жұмысына қатысуға;
Тармақша 2
2) өз округi сайлаушыларымен Тұрақты байланыс жасауға, оларға мәслихаттың жұмысы, оның Тұрақты комиссияларымен өзге де органдарының қызметi, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға мiндеттi.
Тармақ 55
55. Мәслихаттың әрбiр депутатына өкiлеттiктерiн кедергiсiз және тиiмдi жүзеге асыру үшiн жағдай жасалуына, оның құқықтарын қадiр-қасиетiмен ар-ожданын қорғауға кепiлдiк бередi.
Тармақ 56
56. Депутат регламентте белгiленген тәртiппен мәслихат сессияларын, Тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткiзу кезеңдерiнде, депутаттық өкiлеттiктердi жүзеге асыру уақытында оған негiзгi жұмыс орны бойынша жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен орташа жалақысы сақтала отырып, қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатылады.
Тарау 13. 13-тарау. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi
13-тарау. Мәслихат өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi
Тармақ 57
57. Аудандық мәслихаттың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген оның өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанда тоқтатылады.
Тармақ 58
58. Аудандық мәслихаттың өкiлдiгi Қазақстан Республикасы бас прокурорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты мерзiмiнен бұрын мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын сот тәртiбiмен заңсыз деп танылған шешiмдер қабылдау түрiнде бiрнеше рет (екi және одан да көп) бұзса;
Тармақша 2
2) егер жаңадан сайланған аудандық мәслихат бiрiншi сессиясын ашылған күннен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын белгiлемесе және тиiстi органдарын құрмаса;
Тармақша 3
3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылса немесе таратылса;
Тармақша 4
4) мәслихат өз депутаттары жалпы санының кемiнде үштен кiсiнiң жасырын даусымен өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаса;
Тармақша 5
5) жергiлiктi бюджеттi, аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын екi рет бекiтпеумен бiлдiрiлген аудандық әкiммен арада еңсерiлмейтiн келiспеушiлiктер болса;
Тармақша 6
6) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын екi рет бекiтпеумен бiлдiрiлген әкiммен арадағы еңсерiлмейтiн келiспеушiлiктер болса тоқтатады.
Тармақ 59
59. Аудандық мәслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен әкiмге сенiмсiздiк бiлдiруге және тиiсiнше жоғары тұрған әкiмнiң алдына оны қызметiнен босату туралы мәселе қоюға құқылы.
Әкiм ұсынған аумақта дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi мәслихаттың екi рет бекiтпеуi аудандық мәслихаттың әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселенi қарауы үшiн негiз болып табылады.
Тарау 14. 14-тарау. Мәслихат аппараты
14-тарау. Мәслихат аппараты
Тармақ 60
60. Аудандық мәслихат аппараты аудандық мәслихаттың, депутаттарымен оның органдарының қызметiн қамтамасыз ететiн, жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
Тармақ 61
61. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң штат саны жетi депутатқа бiр қызметкер қатынасында, бiрақ үш адамнан кем емес болып белгiленедi. Аудандық мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 62
62. Аудандық мәслихат аппараты мәслихатпен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
Тармақ 63
63. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiк мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.
Тарау 15. 15-тарау. Мәслихаттың тексеру комиссиясы
15-тарау. Мәслихаттың тексеру комиссиясы
Тармақ 64
64. Аудандық мәслихат жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерінің санын мәслихат белгілейді. Тексеру комиссиясының төрағасының мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Аудандық мәслихаттардың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылған негізінде жүзеге асырады. Тексеру комиссиясының жұмысына мәслихат депутаты емес адамдар да шарт негізінде тартылуы мүмкін.
Тармақ 65
65. Тексерулер мәслихатының, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешімдерін, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемінде үштен бірінің талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізілуі мүмкін. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап ол туралы мәслихат пен әкімиятқа хабарлайды. Тексеру жылына кемінде 1 рет жүргізіледі.
Тарау 16. 16-тарау. Саяси партиялардың депутаттық топтары
16-тарау. Саяси партиялардың депутаттық топтары
Тармақ 66
66. Аудандық мәслихатта Жарғыға сәйкес 5 депутаттан кем емес саяси партиялардың мүшелерi партиялық топтар құра алады.
Тармақ 67
67. Саяси партиялардың депутаттық топтарын тiркеу мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнде жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихат саяси топтарының қызметi Қазақстан Республикасы Конституциясында белгiленген мәслихат өкiлеттiгi бiткен жағдайда тоқтайды немесе:
Тармақша 1
1) саяси партиялардың өзiн өзi тарату туралы шешiмi қабылданғанда;
Тармақша 2
2) заң органдарының саяси партияларға тиым салу, тарату туралы шешiмiне байланысты;
Тармақша 3
3) партиялық топтардың мүшелерiнiң саны 5-тен кемуiне байланысты.
Тармақ 68
68. Партиялық топтарда алдын-ала талқыланып, сессияның қарауына:
Тармақша 1
1) Тұрақты комиссияның төрағаларына, мәслихат органдарының басқарушы лауазымдарына кандидаттарын;
Тармақша 2
2) партиялық топтардың бастамасы бойынша күн тәртiбiн құрастыруға байланысты қосымша сұрақтар енгiзуге;
Тармақша 3
3) ауданның экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламасын, басқару схемасын, бюджеттiң жобасын;
Тармақша 4
4) аудан әкiмiнiң, селолық әкiмдердiң, орынбасарларының және басқа да аудандық қызметтегi лауазымды адамдардың есебiн тыңдау туралы сұрақ;
Тармақша 5
5) Тұрақты комиссиялардың көпшiлiктiк тыңдауларды ұйымдастыру туралы;
Тармақша 6
6) Мәслихаттың қарауына және бекiтуiне енетiн басқа да құжаттардың жобаларын ұсынады.
Тарау 17. 17-тарау. Аудандық мәслихат басқару органдарын сайлаудың
iс-жосығы
17-тарау. Аудандық мәслихат басқару органдарын сайлаудың
iс-жосығы
Тармақ 69
69. Аудандық мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды депутаттар, саяси партиялардың депутаттық топтары ұсынады. Депутаттардың өзiн өзi ұсынуына да болады.
Тармақ 70
70. Мәслихат хатшысы лауазымына сайлану үшiн кандидат сессияда атқарылатын жұмыс бағдарламасын баяндайды.Сессияға қатысушы әр депутат кандидатқа сұрақ қоюға, ұсынылған бағдарлама туралы өз ойын айтуға құқылы. Кандидаттарды талқылау депутаттардың көпшiлiк даусымен қабылданған мәслихат сессиясының шешiмiмен тоқтатылады.
Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатты сайлау үшiн аудандық мәслихат сессияда бекiтедi.
Жасырын дауыс беру үшiн депутаттардың арасынан санақ комиссиясы сайланады, дауыс беру үшiн бюллетеньдер, бюллетень салатын жәшiк және дауыс беру кабинасын дайындайды.
Аудандық мәслихат хатшысы лауазымына ұсынылған екi кандидаттан дауыс беруге қатысқан депутаттар жалпы санының жартысынан көп дауыс алған кандидат сайланған болып есептеледi.
Егер аудандық мәслихат хатшысы лауазымына екiден көп кандидаттар ұсынылса және олардың бiрде-бiреуi сайлануға қажеттi дауыс санын алмаған жағдайда, көп дауыс алған екi кандидаттарға қайта жасырын дауыс беру жүргiзiледi.
Егер қайта дауыс беру кезiнде екi кандидаттың бiрде бiреуi дауыс беруге қатысушы депутаттардың жалпы санының жартысын көп дауыс алмаса жаңа кандидаттар ұсынылып, қайта сайлау өткiзiледi.
Тармақ 71
71. Мәслихат депутаты Тұрақты негiзде мәслихат хатшысы болып сайланған жағдайда, оған аудан әкiмiнiң орынбасары үшiн белгiленген мөлшерде жалақы белгiленедi.
Тармақ 72
72. Хатшы өзiнiң қызметi бойынша аудандық мәслихатқа есеп бередi және кез келген уақытта ашық және жасырын дауыс беру арқылы қызметiнен босатылады.
Мәслихат хатшысын керi шақыру туралы сұрақ осы Регламентте көрсетiлгендей жасырын дауыс беру арқылы жүргiзiледi.
Аудандық мәслихаттың хатшысын керi шақыру туралы шешiм аудандық мәслихаттың депутаттары жалпы санының үштен екiсi көпшiлiк даусымен қабылданады.
Тармақ 73
73. Аудандық мәслихат хатшысы өз өкiлеттiгiн ерiктi мерзiмiнен бұрын тоқтату өз өтiнiшi бойынша iске асады. Аудандық мәслихат хатшысы өкiлеттiгiн ерiктi мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы сессияда шешiм қабылдайды.
Аудандық мәслихат хатшысы мәслихаттың Тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.
Тармақ 74
74. Тексеру комиссиясының төрағасын сайлау тәртiбi аудандық мәслихаттың сессиясында бекiтiлген "Тексеру комиссиясының қағидасымен" белгiленедi.
Тармақ 75
75. Тұрақты комиссияның төрағасы ашық дауыс беру арқылы сайланады. Қажет болған жағдайда жасырын дауыс беру шаралары қолданылады. Тұрақты комиссиялардың мүшелерiн сайлау үшiн сессия шешiмi бойынша комиссия құрамына толық немесе әр кандидатқа жеке дауыс беру арқылы жүргiзiледi. Тұрақты комиссияның төрағалары мен мүшелерiн сайлау туралы аудандық мәслихат сессиясында шешiм қабылданады.
Тарау 18. 18-тарау. Қорытынды ережелер
18-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 76
76. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы туралы" Заңында белгiленген жағдайда мәслихат сессиясы өтетін залдарда әкiмият және аудандық мәслихат ғимараттарында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы қолданылады.
Тармақ 77
77. Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат және әкiмият өз баспасөз органына құрылтайшы болуға, жергiлiктi радио, телевидение, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға құқылы.
Тармақ 78
78. Аудандық мәслихаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн.