Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений на административной территории города Лисаковска Күшін жойған
Басқа 0
Лисаков қаласының әкімшілік аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңдарына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 300 және 543-баптарына сәйкес, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласының әкімшілік аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау заңдылық, азаматтардың құқықтарын және құқық тәртібін қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Р.А. Дәурембековаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қалалық мәслихатының 2001 жылғы 21 тамыздағы № 147 «Лисаков қаласының жасыл қорын қорғау, сақтау және ұстау ережелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Қостанай облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 5. Лисаков қаласының әкімшілік аумағындағы
жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қалалық мәслихат сессиясының
2004 жылғы № 43 шешімімен
бекітілген
Лисаков қаласының әкімшілік аумағындағы
жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы ережелер Лисаков қаласының әкімшілік аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау мәселесіндегі жеке және заңды тұлғалардың қатынасын реттейді және жауапкершілікті белгілейді.
Жалпы пайдаланудағы өсімдік қорын қорғау ережелері Лисаков қаласында, Октябрь поселкесінде және Крансогор селосында сүрек, бұталар мен шөп дақылдарының қорын негізгі жиынтықтарының бірі ретінде қалалық аумақта көлемі, құрамы және орналастыру тиімді және қоршаған ортаны салауаттылық шартын құру мен сақтау мақсатында енгізіледі.
Жалпы пайдаланудағы қорғалатын өсімдік қорының құрамына кіретін көп жылдық және бір жылғы сүрек, бұталар мен шөп себінділері, оларға арнайы бөлінгендерді орналастырған және қалалық аумақтық учаскелерінде және тұрғын үйде құжат арқылы ресімделгендер кіреді.
Лисаков қаласының әкімшілік аумағындағы барлық жасыл желектер, олардың ведомство құрамындағы және меншік нысандарына қарамастан, жанаспаған қалалық қорды құрайды.
Тарау 1. 1. Жасыл желектерді сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету
1. Жасыл желектерді сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Өсімдіктің жасыл қорын сақтау және қорғауды қамтамасыз етеді:
саябақтарда, гүл бақтарда және көшелерде - көгалдандыру, сүрек-бұталарды және гүл екпелерін отырғызу және күтім жасау жұмысын жүзеге асыратын ұйым;
мекеме, кәсіпорын, ұйым аумақтарында тиісті кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың басшылары;
тұрғын үй учаскелерінде - үй-жай иелері кооперативтерінің басшылары мен азаматтары;
құрылыс аудандарында құрылысшылар;
бақша және гараждардың ұжымдық қоғамдарында бағбандық және гараж кооперативтерінің басқармалары.
Тармақ 2
2. Мекеме, кәсіпорын, ұйым басшылары, жалгерлер, басқа лауазымды тұлғалар мен азаматтар міндетті:
көшелерде, саябақтарда, гүл бақтарында және басқа қоғамдық орындарда жасыл желектер мен екпелерді сақтау;
агротехникалық шаралар кешенін жүргізу: суару, кесу (тілу), әктеу, қопсыту.
Тармақ 3
3. Көшелердің бойына, тұрғын үйлердің, мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың учаскелерінде, үй маңында ағаштарды отырғызуды байланыс, электр қабылдау, газ құбырларының желілерін сақтау ережелеріне сәйкес - әр жақтан 2-3 метрге аралықты қамтамасыз ете отырып, жүргізу.
Заңды және жеке тұлғалар жер пайдалану актілеріне сәйкес оларға бекітілген аумақтарда өсетін жасыл желектерді сапалы және сан жағынан есепке алуды жүргізу қажет.
Тармақ 4
4. Құрылысшылар (құрылыс ұйымдары) құрылыс аймағында міндетті:
жоба бойынша құрылыс аймақтарын көгалдандыруды қамтамасыз ету, жасыл желектерді сақтау;
объектілерді салу (қайта құрылымдау) учаскелерінде сүрек-бұталар дақылдарын, гүлзар мен көгалдарды, сондай-ақ қаланың көркейту және көгалдандыру комиссиясымен келіскен кезде жерасты коммуникацияларын өтеу кезінде алып тастауды жүргізу.
Аталған келісімді беру үшін қажетті шарттар кесіп тастайтындардан немесе бар жасыл желектері көшіруге үш есе санымен жаңа ұқсас дақылдарды отырғызуға арналған сүрек-бұталар мен гүл екпелерін көгалдандыру, отырғызу, күту жұмысын жүзеге асыратын ұйымдармен шарт ұсынылған құрылысшы болып табылады.
Тармақ 5
5. Сүрек-бұталар мен екпе гүлдерді көгалдандыру, отырғызу күту жұмысын жүзеге асыратын ұйымдар қамтамасыз етуге міндетті:
жалпы қолданыстағы жасыл желектерді уақытылы мамырдан қыркүйек айын қоса суару;
жер отын шабу;
экологиялық талаптарды ескере отырып, аталған өсімдікке тән, пішінін сақтай отырып, қиылыстарда, радио және электр қабылдау желілерінде нашар шолатын бұтақтарды кесу.
Тармақ 6
6. Жасыл желектердің мәжбүрлі кесу объектілерді салу (қайта құрылымдау), жерасты коммуникацияларды төсеу ретінде жер учаскелерін бөлу кезінде экологиялық нормаларды сақтау үшін қадағалауды жүзеге асыратын тек мемлекеттік органның келісімімен жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Халық өміріне қауіп тудыратын және апат жағдайын туғызатын ағаштар мен бұталарды кесу жоспар, экологиялық нормалар сақтауға қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және қаланың бас сәулетшісімен келісу бойынша жедел тәртіппен көгалдандыру, ағаш-бұталар мен екпе гүлдер отырғызу және күтім жасау бойынша жұмыс жүзеге асыратын ұйымдармен жүргізілуі тиіс.
Тарау 2. 2. Осы ережелермен тыйым салынған әрекет
2. Осы ережелермен тыйым салынған әрекет
Тармақ 8
8. Жасыл желектер аумағында тыйым салынады:
көгалдардың үстінде жүру, жасыл желектерді сындыру, жұлу немесе кесу;
өсімдік қорының учаскелерін ластау, сондай-ақ ағынды сулармен, өндірістік-тұрмыстық қалдықтармен, аумақты өніммен ластау;
көгалдарда және ағаштардың түбіндегі қандай да бір заттар мен құрылыс материалдарын жинау;
автомашиналарда, мотоциклдарда, велосипедтерде және басқа автокөлік құралдарында (арнайы көлікті қоспағанда) жүру;
көгал және ағаш шарбақтарының маңында жүргіншілер көлігінің аялдамасын орнату;
алау жағу, басқа өртке қарсы ережелерін бұзу;
электр қабылдаулар, сым, әткеншектерді бекіту үшін ағаштарды пайдалану;
тиісті қызметтермен келісілген кесулер ережесін сақтамауға және белгіленгеннен тыс агрономиялық мерзімде ағаштардың сұлбаларын кесу, екпе ағаштар мен бұталарды еркін кесуді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Ережелерді бұзғаны үшін жеке
және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
3. Ережелерді бұзғаны үшін жеке
және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
Тармақ 9
9. Осы Ережелерді бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.