Аудан бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Қеңес құру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Қеңес құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Кеңесі құрылсын (бұдан әрі - Қеңес), оның құрамы Шыңғырлау аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды жүзеге асыру жөніндегі құқықтық мектептер аудан әкімі аппараты мен селолық округтер әкімдері жандарынан ұйымдастырылып, оларды қажетті оқу-көрнекті және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Жалпыға бірдей құқықтық оқуды өткізудің кестесін дайындау және оның өтуін қамтамасыз ету, аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Е. Р. Турмагамбетов міндетілсін.
Тармақ 4
4. Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Кеңес туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Кабуловқа жүктелсін.
Басқа 6. Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 23 наурыздағы N 44 қаулысымен бекітілді Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметін құқықтық білім насихатты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативті-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің төрағасы аудан әкімінің орынбасары болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын және осы ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеру, бұл жұмысқа кәсіби заңгерлерді тарту;
Тармақша 2
2) халықтық құқықтық мәдениетін көтеру және заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелердің құқықтық тәрбие жұмыстарын үйлестіру;
Тармақша 4
4) еңбек қатынасында, шарт жасасу және ондағы міндеттемелерді орындауда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің заң қызметі, кадрлар бөлімі қызметкерлерін құқықтық оқыту.
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметінде құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ауданның атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының жұмысын талдау;
Тармақша 3
3) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
4) оң тәжірибе тарату, құқықтық тәрбие беру жұмысын жетілдіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық әзірлеу, азаматтарды құқықтық тәрбиелеудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Kеңес қызметтерінің түрлері
3. Kеңес қызметтерінің түрлері
Тармақ 6
6. Kеңес жұмысының негізгі түрлері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өзара ақпарат алмастыру;
Тармақша 2
2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту мәселелеріндегі жұмыстың жағдайын бірлесіп талқылау;
Тармақша 3
3) ауданның атқарушы органдарымен, ұйымдарымен бірлескен іс-шараларды (дөңгелек столдар, дискуссиялар, кездесулер, семинарлар, дәрістер) ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) құқықтық білім "күндерін", "аптасын", "айлығын" өткізу;
Тармақша 5
5) құқықтық жалпы оқыту және құқықтық жұмыстың жақсы ұйымдастырылуына арналған конкурстын шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) халықты құқықтық насихаттау және құқықтық тәрбие беру мәселелері жөнінде ғылыми іс-тәжірибелік конференциялар өткізу.
Тармақ 7
7. Kеңес қабылдаған барлық шешімдері, ұсыныстары және құжаттары мүдделі ведомстволарға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.
Тарау 4. 4. Кеңестің функциялары
4. Кеңестің функциялары
Тармақ 8
8. Кеңес келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ауданның мемлекеттік кәсіпорындарында, мекемелерінде құқықтық білім және құқықтық жалпы оқытуды насихаттау жөніндегі жұмыстың жағдайымен танысады, осы мәселелер бойынша олардың басшыларының ақпаратын тыңдайды, құқықтық тәрбие беру және құқықтық жалпы оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру жөнінде қажетті ұсыныстар, қорытындылар және ұсынымдар әзірлейді, жүзеге асыруға көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдарының дәрістік бағдарламаларының тақырыптық бағыттарын және кәсіби мазмұнын талдайды;
Тармақша 3
3) ауданның атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына тақырыптық жоспарларды әзірлеуде және құқықтық тақырыптарға арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында басуда іс-тәжірибелік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзыретіне жататын басқа да, функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Кеңес жылдың және тоқсандық жоспарларға сәйкес жұмыс атқарады. Кеңестің отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 10
10. Отырыс төраға басшылығымен немесе оның тапсырысы бойынша кеңестің бір мүшесі басшылық етумен өткізіледі.
Тармақ 11
11. Отырыс кеңес мүшелерінің жартысынан аса мүшелері қатысуында ғана заңды деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Талқылаудың қорытындылары мен қабылданған ұсыныстар кеңестің отырысынан кейін екі күн ішінде ресімделетін хаттамаға енгізіледі. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды және жүзеге асыру үшін оның мүшелеріне барлық қажетті құжаттар қоса беріліп таратылады.
Тармақ 13
13. Кеңес өз жұмысына құқық қорғау органдарының, заң қызметтерінің қызметшілерін, жергілікті атқару органдарының басшыларын тартуға және шешімдерді, іс-шараларды орындау жөнінде ұсыныстар беруге құқылы.