О регулировании торговой деятельности Қолданыста
Басқа 0
Сауда қызметін реттеу туралы
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) автоматты түрде лицензиялау (байқау) – жекелеген тауар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты динамикасын мониторингтеу мақсатында белгіленетін уақытша шара;
Тармақша 2
2) ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы – сатушылар, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды-сатуды ұйымдастыру мақсатында олар туралы жарнамалық (ақпараттық) мәліметтерді қамтитын интернет-ресурс;
Тармақша 3
3) айрықша құқық – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың жекелеген тауар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруына айрықша лицензия негізінде ұсынылатын құқық;
Тармақша 4
4) арзандатылған тауар – кемшілігінің болуына не кемшілігінің жойылуына байланысты төмендетілген бағамен өткізілетін тауар;
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 7
7) бақылау (сәйкестендіру) белгісі – қолдан жасаудан қорғау элементтері (құралдары) бар, сәйкестендіру құралын қамтитын және тауарларды таңбалауға арналған қатаң есептілік бланкісі (құжат) (қорғалған полиграфиялық өнім);
Тармақша 8
8) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Тармақша 9
9) жаппай сату – тиiсiнше сападағы тауарларды төмендетілген бағалармен өткізу;
Тармақша 10
10) кедендік әкелу бажы – тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын міндетті төлем;
Тармақша 11
11) кедендік әкету бажы – тауарлардың экспорты кезінде алынатын міндетті төлем;
Тармақша 12
12) кедендік баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі – кедендік әкелу немесе әкету бажының белгіленген тарифтік квотадан артық әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін мөлшері (шамасы);
Тармақша 13
13) кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемесі – кедендік әкелу немесе әкету бажының белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін мөлшерi (шамасы);
Тармақша 14
14) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Тармақша 14-1
Тармақша 14-2
14-2) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі (бұдан әрі – Экспорттық-кредиттік агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтының мәртебесіне ие және осы Заң мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 14-3
14-3) қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шара – Қазақстан Республикасынан импортқа қатысты үшінші тарап енгізетін және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын шара;
Тармақша 15
15) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiруге, қайта өңдеуге, өткiзуге және тұтынуды ұйымдастыруға байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
Тармақша 16
Тармақша 17
17) материалдық жеткізгіш – қолдан жасаудан қорғау элементтерін (құралдарын) қамтитын немесе қамтымайтын және сәйкестендіру құралдарын басып беруге, сақтауға және беруге арналған, кез келген материалдан жасалған бақылау (сәйкестендіру) белгісі немесе объектісі;
Тармақша 18
18) өтемақы шарасы – осы шараны енгізуге өтініш берген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің экономикасы саласына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше субсидиялаушы мемлекеттің өзіндік ерекшелікті субсидиясының теріс әсерін бейтараптандыру жөніндегі шара;
Тармақша 18-1
18-1) рұқсат беру құжаты – сыртқы сауда қызметіне қатысушыға тауарлардың жекелеген түрлерін әкелу және (немесе) әкету құқығына берілетін құжат (лицензия, мемлекеттік бақылау актісі, қорытынды, нотификация, рұқсат);
Тармақша 19
Тармақша 20
Тармақша 21
21) сан жағынан шектеулер – тауарларлардың сыртқы саудасын саны жағынан шектеу жөніндегі, квоталарды белгілеу арқылы енгізілетін шаралар;
Тармақша 21-1
Тармақша 22
22) сауда алаңы – сауда объектiсiнiң тауарларды сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырсу жүргізуге, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы жабдық қойылған алаңы;
Тармақша 23
23) сауда базары – сауда қызметіне арналған, аумақта шаруашылық қызмет көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, сондай-ақ
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі,
сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін оқшауланған мүліктік кешен;
Тармақша 24
24) сауда желiсi – сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқару аясындағы және бiрыңғай коммерциялық белгiленім мен өзге де дараландыру құралдарының аясында пайдаланылатын, екi және одан да көп сауда объектiсiнiң жиынтығы;
Тармақша 25
25) сауда қызметі – ішкі және сыртқы сауданы қамтитын қызмет;
Тармақша 26
26) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 27
27) сауда объектiсi – тауарларды сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен арнайы жарақтандырылған ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
Тармақша 28
28) сауда орны – тауарларды сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырсу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен жарақтандырылған орын;
Тармақша 29
29) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шаралары мен өзге де шаралардың жиынтығы;
Тармақша 30
30) сауда шаралары – арнайы қорғау, демпингке қарсы, өтемақы шаралары;
Тармақша 30-1
30-1) сәйкестендіру коды – сауда қызметінде бір мәнді сәйкестендірілуі мақсатында штрих-код түрінде ұсынылған, тауарлар түрлеріне берілетін және Ұлттық тауарлар каталогында қамтылатын, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;
Тармақша 31
31) сәйкестендіру құралы – штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;
Тармақша 32
32) стационарлық емес сауда объектісі –
сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын,
инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық жалғануының) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыспаған, уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
Тармақша 33
33) стационарлық сауда объектісі – жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық жалғанған) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас,
қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай);
Тармақша 33-1
33-1) сыйақы – азық-түлік тауарларын жылжыту, оның ішінде осындай тауарларды жарнамалау және оларды арнайы қоюды жүзеге асыру жолымен жылжыту, сондай-ақ осы тауарларды дайындау, өңдеу, буып-түю жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жіберуді қоса алғанда, азық-түлік тауарларын сатып алуға және өткізуге байланысты, азық-түлік тауарларын берушінің сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне ақшалай төлемі;
Тармақша 34
34) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда қызметi) – сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетуге және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелуге байланысты қызметі;
Тармақша 35
35) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылмайтын ұйымдар;
Тармақша 36
36) таңбаланған тауарлар – белгіленген талаптар сақтала отырып сәйкестендіру құралдары басылған және тауарларды таңбалау
цифрлық жүйесінің ұлттық құрамдасында өздері туралы анық мәліметтер (оның ішінде өздеріне басылған сәйкестендіру құралдары және (немесе) сәйкестендіру құралдарын қамтитын материалдық жеткізгіштер туралы мәліметтер) қамтылған тауарлар;
Тармақша 37
37) тарифтік жеңілдік – кедендік әкелу немесе кедендік әкету бажын төлеуден босату не оны төмендету;
Тармақша 38
38) тарифтiк квота – тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құндық мәнде) әкелу немесе әкету кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелу немесе әкету бажының қолданыстағы мөлшерлемесiмен салыстырғанда кедендiк әкелу немесе әкету бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесiн қолдануды көздейтiн, жекелеген тауар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді реттеу шарасы;
Тармақша 39
39) тарифтік преференция – Қазақстан Республикасынан шығатын және Қазақстан Республикасы еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасасқан елдерге әкетілетін тауарларға, осындай келісімдердің ережелеріне сәйкес көрсетілген елдерден шығатын және Қазақстан Республикасына әкелінетін тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай тарифтік преференциялары жүйесін пайдаланушылардан – дамушы елдерден немесе неғұрлым төмен дамыған елдерден шығатын тауарларға қатысты кедендік баж мөлшерін азайту;
Тармақша 40
40) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;
Тармақша 40-1
40-1) тауардың шығу тегі туралы сертификат – тауарды шығарған ел туралы куәландыратын құжат;
Тармақша 40-2
Тармақша 41
41) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы – Тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуді, жүргізу мен жаңартуды қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының
цифрлық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, қолдап отыруды және пайдаланушылық қолдауды және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
Тармақша 42
42) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдар – өздері реттейтін салаларда тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
Тармақша 43
43) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші орган – тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 44
44) тауарлар сыныбы – ұқсас функционалдық мақсаты бар тауарлар жиынтығы;
Тармақша 45
45) Ұлттық тауарлар каталогы – тауарлар туралы ұлттық деректер тіркелімі, сондай-ақ тауарлар номенклатурасының бірыңғай көзі болып табылатын және сауда қызметінде тауарлар анықтамалығы ретінде пайдаланылуға міндетті «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі;
Тармақша 46
46) үшінші тарап – Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын шет мемлекет, шет мемлекеттер одағы;
Тармақша 47
47) фулфилмент орталығы – электрондық сауда саласында сатып алушы тауарға тапсырысты ресімдеген кезден бастап және осы тапсырыс сатып алушыға жеткізілген кезге дейінгі бүкіл операциялар кешенін орындайтын, оның ішінде: тауарларды қоймада сақтау, тапсырыстарды қабылдау және өңдеу, тапсырыстарды жасақтау және қаптау, сатып алушылардан төлемдер алу, тапсырыстарды жеткізу, тапсырыстардың кері қайтарылуын қабылдау сияқты функцияларды орындайтын логистикалық орталық;
Тармақша 48
48) халықаралық мамандандырылған көрме – бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:
Тармақша 49
ресми болып табылатын немесе халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған;
Тармақша 50
екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушы болып табылатын;
Тармақша 51
көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын;
Тармақша 52
өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын;
Тармақша 53
көрменің басталу және аяқталу күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекітетін тіркеу дерекнамасында көрсетілген көрме;
Тармақша 49
49) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы – нәрселерді (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің атынан өкілдік ететін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын, халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым не жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 50
50) халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағы – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекітетін тіркеу дерекнамасында көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін жер учаскелерi;
Тармақша 51
51) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану – халықаралық мамандандырылған көрменің обьектілерін басқару (объектілерді пайдалану);
Тармақша 52
52) халықаралық мамандандырылған көрменiң объектiлерi – халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан, оны өткізгеннен кейін қалған ғимараттар, сәулет объектiлерi, құрылысжайлар, инженерлiк және көлiктік инфрақұрылым мен өзге де объектілер;
Тармақша 53
53) iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;
Тармақша 54
54) ішкі сауда – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды сатып алуды-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсіпкерлік қызметі;
Тармақша 55
55) ішкі сауда субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ішкі сауданы жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 56
56) электрондық коммерция – электрондық саудадағы, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді сатудағы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет;
Тармақша 57
57) электрондық сауда – тауарларды өткізу жөніндегі, ақпараттық-коммуникациялық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет;
Тармақша 58
58) электрондық сауда алаңы –электрондық саудаға қатысушыларды инфрақұрылыммен, оның ішінде
цифрлық технологияларды пайдалана отырып, олардың арасында жұмыстар мен қызметтер көрсетуге арналған шарттар жасасуды қамтамасыз ететін
интернет-ресурс;
Тармақша 59
59) электрондық саудаға қатысушылар – сатып алушы, сатушы және (немесе) электрондық сауда алаңы ретінде қатысатын жеке және заңды тұлғалар.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары
3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:
Тармақша 1
1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;
Тармақша 2
2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;
Тармақша 5
5) Қазақстанда шығарылған тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Тармақша 6
6) мемлекет экономикасының орнықты дамуына жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) азық-түлік қауiпсiздiгін қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8)
ішкі және сыртқы нарықтарда қазақстандық өндірушілер үшін кемсітпейтін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi қағидаттары:
Тармақша 1
1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;
Тармақша 3
3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;
Тармақша 7
7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;
Тармақша 8
8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін қолданудың біртұтастығы;
Тармақша 10
10) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеу, қабылдау және қолдану кезіндегі жариялылық;
Тармақша 11
11) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың негізділігі, объективтілігі мен ашықтығы болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және сауда қызметi субъектiлерiне қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның күшi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының бұл заңнамалық актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру осы Заңның нормаларымен реттеледi;
Тармақша 2
2) қаржы ұйымдарының қызметіне байланысты, сондай-ақ қаржы құралдарымен операциялар жасауға байланысты;
Тармақша 3
3) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметіне және банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу
2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу
Бап 5. 5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері
5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері
Тармақ 1
1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары:
Тармақша 1
1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау;
Тармақша 2-1
2-1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде тауарларды өткізу шарттарын айқындау;
Тармақша 3
3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау;
Тармақша 5
5) сертификаттау болып табылады.
Тармақ 2
2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері:
Тармақша 1
1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу;
Тармақша 2
2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;
Тармақша 4
4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;
Тармақша 5
5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу;
Тармақша 6
6) қарсы шараларды қолдану;
Тармақша 7
7) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану;
Тармақша 8
8) өтемақы шараларын қолдану;
Тармақша 9
9) ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды қолдану болып табылады.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 9
9) шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сауда қызметi саласындағы үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды;
Тармақша 10-1
10-1) уәкілетті органның қорытындысы негізінде өтемақы шарасын қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 11
Тармақша 11-1
Тармақша 11-2
11-2) Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындайды;
Тармақша 11-3
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 14
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 14-1
14-1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны құрады;
Тармақша 14-2
Тармақша 14-3
14-3) қарсы шаралар қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 14-4
14-4) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 14-5
14-5)
Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе) өткізілетін
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда бағасын
белгілеу тәртібін бекітеді;
14-6) Экспорттық-кредиттік агенттікті және оның функцияларын айқындайды;
Тармақша 15
Бап 7. 7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттік сауда саясатын
және іске асырады;
Тармақша 1-2
1-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады;
Тармақша 1-3
1-3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сауда шараларын қолдану мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 1-4
1-4) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) жұмыс органдарымен және ДСҰ мүшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 1-5
1-5) ДСҰ-ның Дауларды шешу органымен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 1-6
1-6) ДСҰ-ның жұмыс органдарымен және мүшелерімен өзара
іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
Тармақша 1-7
1-7) ДСҰ мәселелері жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;
Тармақша 2-1
2-1) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiтедi;
Тармақша 2-2
2-2) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2-3
2-3) сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау тәртібін айқындайды;
Тармақша 2-4
2-4) таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оның енгізілетін күнін айқындайды;
Тармақша 3
3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 4
4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4-1
4-1) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;
Тармақша 4-2
Тармақша 4-3
4-3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6
6) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 7
Тармақша 7-1
7-1) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7-2
7-2) тауарларды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7-3
7-3) тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің анықтығын және дайындаушылардың тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді) тауарды шығарған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою, тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады;
Тармақша 7-4
7-4) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, тауарларды шығарған елді растау мақсатында экспорттаушыларды тауар әкелінетін елдердің
цифрлық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) халықаралық сауда-экономикалық ұйымдарымен және интеграциялық бірлестіктермен, шет мемлекеттермен, шет мемлекеттердің одақтарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан әрекет етеді;
Тармақша 10-1
10-1) сауда қызметі саласында үшінші тараппен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 10-2
10-2) Экспорттық-кредиттік агенттік қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын әзірлейді және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 10-3
10-3) Экспорттық-кредиттік агенттік үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларын әзірлейді және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 10-4
10-4) Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне, олардың құрылымына қойылатын талаптарды әзірлейді және оларды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 10-5
10-5) Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін әзірлейді және оларды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен, салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 10-6
10-6) Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
Тармақша 13
Тармақша 14
Тармақша 14-1
Тармақша 15
Тармақша 15-1
Тармақша 15-2
15-2) тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлар тізбесін бекітеді;
Тармақша 15-3
15-3) өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізеді;
Тармақша 15-4
Тармақша 15-5
15-5) Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе)
өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме сауда
бағаларын Қазақстан Республикасында өндірілетін, оған әкелінетін және (немесе)
өткізілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ең төмен көтерме
бағаны белгілеу тәртібіне сәйкес бекітеді;
Тармақша 15-6
15-6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін әзірлейді;
Тармақша 15-7
15-7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 15-8
15-8) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін сауда саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін бекітеді;
Тармақша 15-9
15-9)
цифрлық жүйеде тіркеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 15-10
15-10) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге
асырады;
Тармақша 15-11
15-11) өз құзыреті шегінде ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету тәртібін бекітеді және оларды көрсетеді;
Тармақша 15-12
15-12) Тауарлардың ұлттық каталогын жүргізу, сондай-ақ онда тауарларды тіркеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 17
17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7-1. 7-1-бап. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
7-1-бап. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Бап 7-2. 7-2-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы
саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік
органдардың құзыреті
7-2-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы
саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік
органдардың құзыреті
Тармақ 1
1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының
цифрлық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлейді және тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен келіседі;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде өздері айқындаған тәртіптерге сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) таңбалау мен қадағалануды енгізудің орындылығына талдау жасай отырып, жекелеген тауар топтарын таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі пилоттық жобаның қорытындылары бойынша тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша уәкілетті органға таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың тізбесіне қосу туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақша 4
4) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарларға реттеушілік әсер етуге талдау жүргізеді;
Тармақша 5
5) таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымына қатысушылардың тізілімдерін жүргізеді;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудадағы тауарлар айналымына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындайды;
Тармақша 8
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7-3. 7-3-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы
саласындағы үйлестіруші органның құзыреті
7-3-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы
саласындағы үйлестіруші органның құзыреті
Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші орган:
Тармақша 1
1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша олардың құзыреті шегінде тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының
цифрлық жүйесіне қойылатын талаптарды бекітеді;
Тармақша 4
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7-4. 7-4-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың
қадағалануының бірыңғай операторы
7-4-бап. Тауарларды таңбалау мен олардың
қадағалануының бірыңғай операторы
Тармақ 1
1. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының құзыретіне:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының
цифрлық жүйесін әзірлеу, ендіру, әкімшілендіру, қолдап отыру және пайдаланушылық қолдау;
Тармақша 2
2) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде
цифрлық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) сәйкестендіру құралдарын шығару және оларды есепке алу;
Тармақша 4
4) материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басып беру жөнінде қызметтер көрсету;
Тармақша 5
5) тауарларды Ұлттық тауарлар каталогында тіркеу және олар туралы мәліметтерді жаңартып отыру;
Тармақша 5-1
5-1) фискалдық деректер операторларының функцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық тауарлар каталогын олардың пайдалануы бойынша, оның ішінде сәйкестендіру кодын тексеру және бақылау-касса машиналары арқылы Ұлттық тауарлар каталогында тауарларды тіркеуге қол жеткізу үшін қызметтер көрсету, сондай-ақ тауардың біріздендірілген атауы мен сәйкестендіру кодын беру;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.
Тармақ 2
2. Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторының тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестерін қамтамасыз ететін ресурстары, оның ішінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының
цифрлық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ететін деректерді өңдеу орталығы (орталықтары), деректерді беру желілері;
Тармақша 2
2) материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басып беру жөніндегі қызметтерді көрсету үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында аудандардың әкімшілік орталықтары деңгейіне дейін филиалдары, өкілдіктері және (немесе) өзге де құрылымдық бөлімшелері;
Тармақша 3
3) өз инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету үшін білікті персоналы;
Тармақша 4
4) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы процестерін іске асыру бойынша
цифрлық жүйесі;
Тармақша 5
5) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының
цифрлық жүйесін пайдаланушыларға қызмет көрсету үшін байланыс-орталығы;
Тармақша 6
6) тауар өндірушілерге – Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг және басқа да қаржы құралдары шарттарымен берілетін материалдық жеткізгішке сәйкестендіру құралдарын басуға арналған жабдығы болуға тиіс.
Бап 7-5. 7-5-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік
кіріс органдарының құзыреті
7-5-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік
кіріс органдарының құзыреті
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында:
Тармақша 1
1) көлік құралдарын, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралдарын тоқтатады;
Тармақша 2
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тасымалдаушыдан немесе тұлғадан өткізілетін тауарларға қатысты қажетті ақпаратты, сондай-ақ құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттауды, бейне- және аудиожазуды, киноға- және фотоға түсіруді жүргізеді.
Тармақ 2
2. Салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру тәртібін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киіп жүруге құқығы бар жұмыскерлердің тізбесін бекітеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекрарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) өз құзыретi шегiнде ішкі сауда субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 6
6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Ішкі сауда саласында баға белгілеу
9-бап. Ішкі сауда саласында баға белгілеу
Тармақ 1
1. Тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайды қоспағанда, ішкі сауда субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды.
Тауар бағасы Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны өткізу кезінде теңгемен көрсетіледі.
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.
Тармақ 2
Тарау 3. 3-тарау. Iшкі сауда
3-тарау. Iшкі сауда
Бап 10. 10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi
10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi
Тармақ 1
1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады.
Тармақ 2
2. Стационарлық сауда объектілері:
сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын өткізетін, сауда алаңы он мың шаршы метрден асатын сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 1-санатты;
сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етiлген, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды өткізуге мамандандырылған, сауда алаңы екі мың шаршы метрден он мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілерін және өзге де объектілерді қамтитын 2-санатты;
сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бес жүз шаршы метрден екі мың шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 3-санатты;
сауда, қосалқы үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден бес жүз шаршы метрге дейінгі сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 4-санатты;
сауда үй-жайларымен, азық-түлік, азық-түлік емес тауарларын қабылдау, сақтау және сатуға дайындау үшін үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, сауда алаңы бір жүз шаршы метрден аз сауда объектілерін, қоғамдық тамақтандыру объектілерін (олар болған кезде) және өзге де объектілерді (олар болған кезде) қамтитын 5-санатты сауда объектілері болып бөлінеді.
Стационарлық сауда объектілерінің түрлерін және оларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 2-1
2-1. Стационарлық емес сауда объектілері мыналарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) автомат – тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
Тармақша 2
2) жылжымалы сөре – арнайы бөлінген орынға орналастырылатын сауда орнын білдіретін тасымалды уақытша құрылыс (конструкция);
Тармақша 3
3) автодүкен – сауда жабдықтарымен жарақталған мамандандырылған автокөлiк құралы;
Тармақша 4
4) шатыр (павильон) – бір немесе бірнеше сауда орындары үшін сауда жабдықтарымен жарақталған, сауда қоры үшін алаңы бар және арнайы белгіленген орынға орналастырылатын құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жеңiл құрылатын құрылыс;
Тармақша 5
5) дүңгiршек – бір немесе бірнеше сауда орындарына есептелген, азық-түлік тауарларын сақтауға арналған сауда залы және үй-жайлары жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс.
Тауарларды автодүкендер арқылы өткізген кезде мамандандырылған көлік құралы техникалық тұрғыдан жарамды болуға тиіс.
Тармақ 2-2
2-2. Сауда базарлары өткізетін тауарларына байланысты:
Тармақша 1
1) әмбебап;
Тармақша 2
2) мамандандырылған болып бөлінеді.
Тармақ 2-4
2-4. Әмбебап сауда базары сауда орындары түрлі сыныптағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады:
астананың, республикалық маңызы бар қаланың және халқының саны бір жүз мың адамнан асатын облыстық маңызы бар қаланың аумағында сауда базары, автодүкендерді қоспағанда, ішінде стационарлық емес сауда объектілері орналасуы мүмкін бір және одан да көп стационарлық сауда объектілерінен тұрады;
халқының саны бір жүз мың адамнан аз облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың аумағында сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерінен тұрады.
Тармақ 2-5
2-5. Мамандандырылған сауда базары сауда базарының жалпы санынан олардың жетпіс және одан да көп пайызы бір топтағы тауарларды сатуды жүзеге асыруға арналған сауда базары болып табылады.
Мамандандырылған сауда базары стационарлық және (немесе) стационарлық емес сауда объектілерін білдіреді.
Тармақ 2-6
2-6. Сауда базарлары:
Тармақша 1
1) сауда орындары орналастыру схемасына сәйкес жабдықталуға, әкімшілік-тұрмыстық, қойма үй-жайларымен және жалпы пайдаланатын орындармен жабдықталуға;
Тармақша 2
2) шолуға арналған қолжетiмдi орындармен жабдықталуға тиіс, онда:
сауда базарындағы сауда орындарын орналастыру схемасын қамтитын ақпарат;
авариялық немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау схемасы;
сауда орындарын жалға беру (пайдалану) тәртібі туралы және шарттары туралы ақпарат;
бос сауда орындарының болуы-болмауы туралы ақпарат;
сауда орындарын жалға беру (пайдалану) жөніндегі келіссөздерді жүргізуге уәкілетті тұлғаның байланыс (телефон нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы) деректері;
Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген ақпарат орналастырылады.
Тармақ 2-7
2-7.
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес қызметінің негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі,
сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру, мұндай объектілердің жұмыс істеуін қамтамасыз
ету және олардың жұмысын ұйымдастыру болып табылатын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) ішкі сауда субъектілері мен олардың әкімшілігінің жұмыскерлері үшін ірі сауда
объектісінің, сауда базарының жұмыс режимін қамтитын жұмыс регламентін
бекітеді;
Тармақша 2
2) ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда
инфрақұрылымына тең қолжетімділік береді;
Тармақша 3
3) ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары
беретін қосымша көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бар болса) бекітеді;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) цифрлық жүйеде тіркеледі, оған қол жеткізе алады және өз қызметін
цифрлық жүйе арқылы жүзеге асырады;
Тармақша 6
6)
цифрлық жүйеде жалға алу шарттарын жасасады немесе
оларға өзгерістер енгізеді;
Тармақша 7
7) сауда инфрақұрылымын құрады және жаңғыртады;
Тармақша 8
8) ірі сауда объектісінің, сауда базарының аумағындағы көтерме және
бөлшек саудада сату аймағының аражігін ажыратады;
Тармақша 9
9) аумақтарында техникалық жағдайлар болған кезде сауда
базарларында автодүкендерден сауданы ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) сауда орнын жалға алғаны (пайдаланғаны) үшін төлемді
цифрлық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен не екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге шот жазып беру жолымен қабылдауды қамтамасыз етеді.
Тармақша 2
Тармақ 2-8
2-8. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, жабдықталуына және жарақтандырылуына қойылатын талаптарды сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді;
Тармақ 3
3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi:
Тармақша 1
1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
Тармақша 2
2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
Тармақша 3
3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
Тармақша 4
4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi.
Тармақ 4
4. Сауда объектісінің мамандандырылуын оның меншік иесі айқындайды.
Тармақ 5
5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады.
Тармақ 6
6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Бап 11. 11-бап. Көтерме сауда
11-бап. Көтерме сауда
Тармақ 1
1. Көтерме сауда стационарлық сауда объектілерінде және сауда базарларында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнің және нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтауды, сондай-ақ тауарларды тасымалдауға, сақтау мен сатуға қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Бап 12. 12-бап. Бөлшек сауда
12-бап. Бөлшек сауда
Тармақ 1
1. Бөлшек сауда стационарлық, стационарлық емес сауда объектілері және сауда базарлары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады.
Тармақ 4
4. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда уәкілетті орган айқындаған тәртiппен реттеледi.
Тармақ 5
5. Бөлшек сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген орыннан тыс жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Жаппай сату және арзандатылған тауарды өткізу тәртібі iшкi сауда қағидаларында белгіленеді.
Бап 13. 13-бап. Қоғамдық тамақтандыру
13-бап. Қоғамдық тамақтандыру
Тармақ 1
1. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi өз өнiмдерiн, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларын өндiрудi, өңдеудi, өткiзудi және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде келушiлерге дастархан мәзiрiн ұсыну мәзiрде көрсетiлген қоғамдық тамақтандыру тауарларын бөлшек сатып алу-сату шартын жасауға ұсыныс (жария оферта) болып танылады.
Тармақ 3
3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында айқындалады.
Бап 14. 14-бап. Ішкі саудадағы сатып алу-сату шарты
14-бап. Ішкі саудадағы сатып алу-сату шарты
Тармақ 1
1. Сатып алу-сату шартын жасау тәртiбi мен талаптары, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылардың құқықтары мен мiндеттерi осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және өзге де заң актiлерiне сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қандай да бiр тауарды сату кезiнде тұтынушының жасына қарай шектеу белгiленсе, егер ол өзінің жасын растайтын құжатын көрсетпесе, онда сатушы тауар сатудан бас тартуға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты тауар беру шартының бiр түрi болып табылып, онда ішкі сауда субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнен өткізеді.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу
3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу
Бап 14-1. 14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы
14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы
Тармақ 1
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 2
2) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) ішкі сауда субъектілерін, оның ішінде Қазақстанда шығарылған азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
Тармақша 4
4) электрондық сауданы дамыту;
Тармақша 5
5) шекара маңындағы сауданы дамыту;
Тармақша 6
6) отандық сауда желілерін дамыту;
Тармақша 7
7) ішкі сауда субъектілерінің іскерлік белсенділігін сауда қызметі саласында көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру және өткізу арқылы ынталандыру
Тармақ 2
2. Ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шаралар
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары
бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері ескеріле отырып әзірленеді.
Бап 14-2. 14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау
14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау
Тармақ 1
1.
Халықты
сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері өңірлердің аумақтарының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасы), елді мекендердің бас жоспарларының кешендік схемаларын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді.
Тармақ 3
3. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу кезінде елді мекендердің санаттары, елді мекендегі халықтың құрылымы мен тығыздығы ескерілуге тиіс.
Бап 14-3. 14-3-бап. Ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау
14-3-бап. Ішкі сауда субъектілерін мемлекеттік қолдау
Ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Сыртқы сауда қызметі
4-тарау. Сыртқы сауда қызметі
Бап 15. 15-бап. Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк шаралар
15-бап. Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк шаралар
Бап 15-1. 15-1-бап. Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық ұйымның мақсаттары мен міндеті
15-1-бап. Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық ұйымның мақсаттары мен міндеті
Бап 16. 16-бап. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу
16-бап. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу
Тармақ 1
1. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына мыналарды:
Тармақша 1
1) кедендік баждарды;
Тармақша 2
2) тарифтік жеңілдіктерді;
Тармақша 3
3) тарифтік преференцияларды;
Тармақша 4
4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді береді.
Егер бірлескен актілерді қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, ақпарат осындай нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын тәртіппен беріледі.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерінде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, әкелу кезінде тауарлардың нысаналы мақсатына растама берілуі қажет болатын жекелеген тауар түрлеріне қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану мақсатында уәкілетті орган немесе өзге де мемлекеттік органдар тауардың нысаналы мақсатына растама береді.
Тауарлардың нысаналы мақсатын растауды уәкілетті орган немесе уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіпке сәйкес және нысан бойынша өз құзыреті шегінде уәкілетті орган немесе мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Бап 16-1. 16-1-бап. Тарифтік квоталар
16-1-бап. Тарифтік квоталар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдай жасау және Қазақстанда шығарылған тауарлар мен шетелдік тауарлардың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге немесе әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілейді;
Тармақша 2
2) бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды.
Уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөледі.
Тармақ 2
2. Әкелуіне немесе әкетуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 3
3. Тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету экспортқа және (немесе) импортқа уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға
және Еуразиялық экономикалық комиссия актілеріне
сәйкес белгіленеді.
Бап 16-2. 16-2-бап. Тарифтік жеңілдіктер
16-2-бап. Тарифтік жеңілдіктер
Тармақ 1
1. Тарифтік жеңілдіктер мынадай:
Тармақша 1
1) әкелінетін (әкелінген) тауарларға тарифтік жеңілдіктер беру Еуразиялық экономикалық комиссияның актілерінде айқындалған;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген;
Тармақша 3
3) акцизделетін тауарлардан (арнайы медициналық мақсаттарға арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда) басқа тауарлар үшінші тарап, халықаралық ұйымдар, үкіметтер желісі арқылы қайырымдылық мақсаттарда өтеусіз көмек (жәрдем), техникалық көмек (жәрдем) ретінде әкелінетін (әкелінген);
Тармақша 4
4) Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда беріледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасынан әкетілетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдік беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
Тармақ 3
3. Орталық мемлекеттік органдардың және сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тарифтік жеңілдік беру туралы ұсыныстары осы Заңның
7-бабының 2-3) тармақшасында белгіленген тәртіппен енгізіледі.
Тармақ 4
4. Әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер жеке-дара сипатта болмайды және тауарлардың шығарылған еліне қарамастан, ал әкетілетін тауарларға қатысты – сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға қарамастан қолданылады.
Бап 16-3. 16-3-бап. Тарифтік преференциялар
16-3-бап. Тарифтік преференциялар
Тармақ 1
1. Сауданы дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ еркін сауда аймағы туралы жасалған шарттар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерден шығатын тауарлар еркін сауда аймағы туралы келісімдердің шарттарына қарай кедендік баждар салудан босатылады не мұндай тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады.
Қазақстан Республикасынан шығатын және Қазақстан Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құратын мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарлар еркін сауда аймағы туралы келісімдердің шарттарына қарай, егер мұндай босату не кедендік баждардың мөлшерлемелерін төмендету еркін сауда аймағы туралы келісімде көзделсе, кедендік баждар салудан босатылады не мұндай тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады.
Тармақ 2
2. Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден және неғұрлым төмен дамыған мемлекетттерден шығатын тауарлар саудасын ынталандыру мақсатында дамушы мемлекеттерден және неғұрлым төмен дамыған мемлекеттерден шығатын және әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баждардың төмендетілген немесе нөлдік мөлшерлемелері қолданылады. Тауарлар мен елдердің тізбесін Еуразиялық экономикалық комиссия бекітеді.
Тармақ 3
3. Тарифтік преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы және неғұрлым төмен дамыған елдерден шығатын тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің мөлшерлерін Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайды.
Бап 17. 17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу
17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу
Тармақ 1
1. Сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларына:
Тармақша 1
1) тыйым салу;
Тармақша 2
2) сан жағынан шектеулер;
Тармақша 3
3) рұқсат беру тәртібі
Тармақша 4
4) айрықша құқық;
Тармақша 5
5) автоматты түрде лицензиялау (байқау) жатады.
Тармақ 2
2.
Жекелеген тауарларға қатысты тарифтік
емес реттеу шараларын уәкілетті орган, сондай-ақ өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес енгізеді.
Экспорты және (немесе) импорты осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларға сәйкес рұқсат беру құжаттарының негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде айқындайды.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшін қажетті, оның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді береді.
Егер бірлескен актілерді қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген болса, ақпарат осындай актілерде айқындалатын тәртіппен беріледі.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының негізінде экономикалық салдарларды жою үшін қажетті мерзімге енгізілетін шараларды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шаралары олар енгізілген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімге енгізіледі.
Бап 18. 18-бап. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер
18-бап. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер
Тармақ 1
1. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер:
Тармақша 1
1) қоғамдық құқықтық тәртiпті сақтау;
Тармақша 2
2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау;
Тармақша 3
3) алтынның немесе күмістің экспортын және (немесе) импортын реттеу;
Тармақша 4
4) мәдени құндылықтар мен мәдени мұраны қорғау;
Тармақша 5
5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуі мен тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болғызбау;
Тармақша 6
6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
Тармақша 8
8) жүзеге асырылатын тұрақтандыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде осындай материалдарға ішкі баға әлемдік бағадан анағұрлым төмен деңгейде ұсталатын кезеңдер ішінде ішкі өңдеу өнеркәсібін
Қазақстанда шығарылған тауарлардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін осындай тауарлардың экспортын шектеу;
Тармақша 9
9) тауарлардың жалпы немесе жергілікті тапшылығы кезінде оларды сатып алу немесе бөлу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогресшіл өзгерістерге жағдай жасау;
Тармақша 11
11) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдануға, зияткерлік меншікті қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып енгізіледі.
Тармақ 2
2. Елеулі маңызы бар тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлiк тауарларының немесе өзге де тауарлардың iшкi нарықта айқын жетiспеушiлiгiн болғызбау немесе азайту үшiн орталық мемлекеттiк органдар өз құзыреті шегінде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және оны сан жағынан шектеулердi енгiзе алады.
Елеулі маңызы бар тауарлар тізбесін уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде айқындайды.
Тармақ 3
3. Тиісті орталық мемлекеттік органдар жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді (квоталарды) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлуді, квоталар мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде айқындайды.
Квоталарды бөлу тәртібін орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша, өз құзыреті шегінде айқындайды.
Квоталар шеңберінде жекелеген тауарларды әкету және (немесе) әкелу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Бап 18-1. 18-1-бап. Рұқсат беру тәртібі
18-1-бап. Рұқсат беру тәртібі
Тармақ 1
1. Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге рұқсат беру тәртібі рұқсат беру құжаттарын беру жолымен сыртқы сауда қызметін лицензиялауды енгізу немесе өзге де әкімшілік реттеу шараларын қолдану арқылы іске асырылады.
Тармақ 2
2. Рұқсат беру тәртібін уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде енгізеді және оның күшін жояды.
Бап 18-2. 18-2-бап. Қарсы шаралар
18-2-бап. Қарсы шаралар
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін тиімді қорғау мақсатында орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде қарсы шараларды, егер үшінші тарап немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет:
Тармақша 1
1) халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасына қатысты қабылдаған міндеттемелерді орындамаса;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін бұзатын шараларды, оның ішінде
Қазақстанда шығарылған тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің) үшінші тарап немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет нарығына кіруін негізсіз жабатын (шектейтін) не оларды өзгеше түрде негізсіз кемсітетін шараларды қабылдаса, енгізеді.
Бап 18-3. 18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері
18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері
Тармақ 1
1. Сыртқы сауда қызметі қабылдануы Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес халықаралық санкцияларға қатысу үшін қажетті шаралармен, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралармен шектелуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Сыртқы қаржылық жағдайды қорғау және төлемдік теңгерімнің тепе-теңдігін қолдау мақсатында сыртқы сауда қызметін шектеу шаралары, оның ішінде осы Заңның 18-бабының ережелерінен алшақ шаралар енгізілуі мүмкін.
Бап 18-4. 18-4-бап. Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып
енгізілетін шаралар
18-4-бап. Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып
енгізілетін шаралар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша ұлттық қауіпсіздік мүдделерін сақтау мақсатында осы Заңның 16 – 21-баптарында көзделген шараларды енгізуге құқылы.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шаралар тауарлар импортының ұлттық қауіпсіздікке әсерін айқындау жөнінде уәкілетті орган жүргізген талдау нәтижелері бойынша енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бап 18-5. 18-5-бап. Сараптама ұйымы және тауарды шығарған елді,
Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе
шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторлар
18-5-бап. Сараптама ұйымы және тауарды шығарған елді,
Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе
шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі
сарапшы-аудиторлар
Бап 19. 19-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы
19-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы
Бап 20. 20-бап. Айрықша құқық
20-бап. Айрықша құқық
Тармақ 1
1. Жекелеген тауар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берiлген тауарлар тiзбесiн, сондай-ақ айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесін тиiстi орталық мемлекеттiк органдардың ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Айрықша лицензияны беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Бап 21. 21-бап. Автоматты түрде лицензиялау (байқау)
21-бап. Автоматты түрде лицензиялау (байқау)
Тармақ 1
1. Автоматты түрде лицензиялау (байқау) жекелеген тауар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты динамикасын мониторингтеу мақсатында қолданылады және рұқсаттар беру арқылы іске асырылады.
Тармақ 2
2. Рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға электрондық өтініш ұсынады.
Тармақ 3
3. Рұқсат өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде беріледі.
Тармақ 4
4. Рұқсаттар барлық өтiнiш иелеріне шектеусiз берiледi.
Тармақ 5
5. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi рұқсат берiлген күнтiзбелiк жылмен шектеледi.
Тармақ 6
6. Берiлген рұқсатқа өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.
Тармақ 7
7. Берiлген рұқсат басқа өтiнiш иелеріне қайта ресiмделуге жатпайды.
Тармақ 8
Бап 22. 22-бап. Сауда шаралары және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шаралар
22-бап. Сауда шаралары және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шаралар
Тармақ 1
1. Үшінші тараптан келетін тауарлардың импортына қатысты сауда шараларын қолдану алдында тергеп-тексерулер жүргізу шарттары мен тәртібі, сондай-ақ осындай шараны қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасында айқындалады.
Тармақ 2
2. Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардан және ұйымдардан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тергеп-тексерулер шеңберінде үшінші тараптың құзыретті органдарына беруді уәкілетті орган, оны үшінші тараптың заңнамасында айқындалған тиісті
цифрлық жүйеге жүктеу арқылы беру жағдайларын қоспағанда, сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырады.
Бап 22-1. 22-1-бап. Өтемақы шаралары
22-1-бап. Өтемақы шаралары
Тармақ 1
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтеу шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізудің шарттары мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардан және ұйымдардан алынған, оның ішінде құпия ақпаратты осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген тергеп-тексерулер шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің құзыретті органдарына беруді уәкілетті орган сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырады.
Бап 22-2. 22-2-бап. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелік
жағдайларындағы міндеттемелері шеңберінде
мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың
бүкпесіздігін қамтамасыз ету
22-2-бап. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелік
жағдайларындағы міндеттемелері шеңберінде
мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың
бүкпесіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. ДСҰ құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамада айқындалған Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелік шеңберіндегі міндеттемелерін орындау мақсатында мемлекеттік органдар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері осы Заңның 22-3-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес, қолданылатын мемлекеттік реттеу шараларының және Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелік шеңберіндегі міндеттемелерін қозғайтын өзге де шаралардың бүкпесіздігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың бүкпесіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік реттеу шараларының бүкпесіздігі мына құралдарды қолдану:
Тармақша 1
1) құқықтық актілер мен олардың жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялау;
Тармақша 2
2) хабарламалар (нотификациялар) жіберу;
Тармақша 3
3) ДСҰ мәселелері жөніндегі ақпарат орталығының жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Бап 22-3. 22-3-бап. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігіне
байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл
22-3-бап. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігіне
байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл
Қазақстан Республикасының ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелерін қозғайтын мәселелер бойынша ДСҰ-ның жұмыс және консультативтік органдарымен, сондай-ақ ДСҰ-ның мүшелелерімен өзара іс-қимылды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Берілуі Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігіне байланысты жүзеге асырылатын, оның ішінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде берген ақпаратты, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ДСҰ-ның жұмыс және консультативтік органдарына жібереді.
Уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға мүшелігіне байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасасу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бап 22-4. 22-4-бап. Гуманитарлық көмек көрсету шеңберіндегі
сыртқы сауда қызметін реттеу
22-4-бап. Гуманитарлық көмек көрсету шеңберіндегі
сыртқы сауда қызметін реттеу
Гуманитарлық көмекті және (немесе) дүлей зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарларын жою мақсатында көрсетілетін көмекті беру (алу) шеңберінде тауарларды әкету және (немесе) әкелу кедендік-тарифтік, тарифтік емес және сауда шаралары қолданылмай жүзеге асырылады.
Бап 22-5. 22-5-бап. Қазақстан Республикасының Еуразиялық
экономикалық одаққа мүшелігіне байланысты
мәселелер бойынша өзара іс-қимыл
22-5-бап. Қазақстан Республикасының Еуразиялық
экономикалық одаққа мүшелігіне байланысты
мәселелер бойынша өзара іс-қимыл
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттері директорларының және директорлары орынбасарларының бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілікті іріктеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген кандидаттарға қатысты «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік қызметшілерді іссапарға жіберу бөлігіндегі нормалары қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Берілуі Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігіне байланысты жүзеге асырылатын, оның ішінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде берген ақпаратты, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс және консультативтік органдарына жібереді.
Бап 22-6. 22-6-бап. Экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі және оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауы
22-6-бап. Экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі және оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауы
Тармақ 1
1. Экспорттық-кредиттік агенттік экспорттық кредиттерді, инвестицияларды, отандық экспорттаушыларға және отандық шикізаттық емес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) шетелдік сатып алушыларға кредит (қарыздар) беруге байланысты мәмілелерді, олардың пайдасына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктерді қаржы ұйымдарының тиісті залалдарынан, өзге де қаржылық залалдардан және тиісті азаматтық-құқықтық жауаптылықтан ерікті сақтандыруды, сондай-ақ оларды тиісті лицензиясыз қайта сақтандыруды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Экспорттық-кредиттік агенттіктің қаржылық орнықтылығы параметрлерін сақтау мақсатында сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеменің портфелі сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеменің жиынтық сыйымдылығынан аспауға тиіс.
Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтандыру және кепілдік міндеттемелерінің жиынтық сыйымдылығы:
Тармақша 1
1) меншікті капиталдың;
Тармақша 2
2) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің жиынтық мөлшерінің сомасына тең.
Сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеме портфелінің мөлшерін сақтандыру міндеттемесі мен кепілдік міндеттеменің жиынтық сыйымдылығынан асыруға жол бермеу үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Экспорттық-кредиттік агенттіктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданады.
Тармақ 3
3. Экспорттық-кредиттік агенттік «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілікті жасайды.
Тармақ 4
4. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру топтарын пруденциалдық реттеу, басшы қызметкерлерді келісу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің, сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында
цифрлық ресурстар алмасудың, еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, ірі қатысушы, сақтандыру холдингі мәртебесін алуға, заңды тұлғалардың, оның ішінде бейрезиденттердің капиталына елеулі қатысуға рұқсат берудің (кері қайтарып алудың) тәртібіне, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру, тарату тәртібіне қойылатын сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтауына бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Экспорттық-кредиттік агенттік қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді береді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелер Экспорттық-кредиттік агенттікке, оның шетелдік өкілдеріне және өкілдіктеріне отандық шикізаттық емес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сыртқы нарыққа ілгерілетуге жәрдем көрсетеді.
Тармақ 6
6. Өзге де орталық мемлекеттік органдар және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде отандық өңделген тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі тетіктерді іске асыруда және жергілікті жерлерде экспортқа бағдарланған кәсіпорындармен жұмыс істеуде Экспорттық-кредиттік агенттікпен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік органдар, коммерциялық, банктік және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты Экспорттық-кредиттік агенттіктің сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен беруге міндетті.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметіне мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының кез келген нысанда араласуына тыйым салынады.
Бап 22-7. 22-7-бап. Үлестес тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу
22-7-бап. Үлестес тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салу
Тармақ 1
1. Экспорттық-кредиттік агенттіктің үлестес тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруіне тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Үлестес тұлғаға жеңілдікті жағдайлар беру мәні, мақсаты, ерекшеліктері мен тәуекелі бойынша Экспорттық-кредиттік агенттік үлестес тұлғаға жатпайтын тұлғамен жасамайтын мәмілені онымен немесе оның мүддесінде жасасуды білдіреді.
Тармақ 3
3. Үлестестік белгілері «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Экспорттық-кредиттік агенттіктің үлестес тұлғаларына:
ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;
ұлттық басқарушы холдингтің және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жатпайды.
Тарау 5. 5-тарау. Сауданың өзге түрлері
5-тарау. Сауданың өзге түрлері
Бап 23. 23-бап. Аукциондық сауда
23-бап. Аукциондық сауда
Тармақ 1
1. Тауарларды сату жөнiндегi аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық жасау кезiндегi тауардың рыноктық құнына орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды.
Тармақ 2
2. Аукциондық сауда жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
Бап 24. 24-бап. Комиссиялық сауда
24-бап. Комиссиялық сауда
Комиссиялық сауда Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 25. 25-бап. Тапсырыс бойынша сауда
25-бап. Тапсырыс бойынша сауда
Тармақ 1
1. Тапсырыс бойынша сауда сатушының тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Тапсырыстар бойынша сауда ішкі сауда субъектiлерiнiң тапсырыстарды тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында беру және (немесе) қабылдау арқылы, телефон немесе пошта тапсырысы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөнiндегi қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртiбi, жеткiзу мерзiмi шартпен айқындалады.
Тармақ 4
4. Тауарды елдi мекен шегiнде жеткiзу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды басқа орындардан жеткiзу көлiк немесе почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.
Бап 26. 26-бап. Шекара маңындағы сауда
26-бап. Шекара маңындағы сауда
Тармақ 1
1. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртібі уәкілетті орган бекіткен ішкі сауда қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған, шектес мемлекеттермен жасалған халықаралық шарттарда айқындалған талаптарға сәйкес айқындалады.
Бап 27. 27-бап. Көшпелi сауда
27-бап. Көшпелi сауда
Тармақ 1
1. Көшпелi сауда тиістi аумақта жоқ тауарларға қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ішкі сауда субъектiсi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы айқындаған арнайы бөлiнген орындарда және (немесе) маршруттарда жүзеге асырады.
Ішкі сауда субъектісі сауданы бекітілген маршрут бойынша оның кез келген нүктесінде жүзеге асыра алады.
Тармақ 3
3. Көшпелi сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылады.
Бап 28. 28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметі
28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметі
Тармақ 1
1. Көрме-жәрмеңке қызметі нарықтың конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңке қызметі тауар үлгілерін көрсетумен байланысты.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқарушы органдар, жеке немесе заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызды мәртебесі бар көрмелер мен жәрмеңкелер өткізген жағдайда оларды өткізу көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасын уәкілетті органмен алдын ала келісу жолымен жүзеге асырылады. Көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасында болжалды ұйымдық және қаржылық ресурстар мен ықтимал қатысушылар туралы мәліметтер болуға тиіс.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар халықаралық мамандандырылған көрмеге қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға өз қызметінің мақсатына қол жеткізу үшін мынадай функцияларды орындайды:
Тармақша 1
1) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге тікелей байланысты іс-шараларды қаржыландыруды, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілерінің құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның жарғысында көзделген өзге де функциялар.
Тармақ 5
5. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым:
Тармақша 1
1) орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты сұратуға;
Тармақша 2
2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу мәселелерін қозғайтын шешімдер қабылдауға қатысуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды олармен жасалған өтеусіз шарттар негізінде Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге қатысу үшін волонтерлер ретінде тартуға құқылы.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 29. 29-бап. Электрондық сауда
29-бап. Электрондық сауда
Электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 29-1. 29-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру
29-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін сатушы электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) офертаға шарттың маңызды талаптарын енгізуге немесе оларды айқындау тәртібін көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды енгізуге;
Тармақша 2
2) шартты жасасу тәртібі туралы ақпаратты ұсынуға;
Тармақша 3
3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен шот-фактураны жазып беруге, сондай-ақ "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бастапқы eceпкe алу құжаттарының көшірмелерін беруге міндетті.
Тармақ 1-1
1-1. Сатушының, сол сияқты сатып алушының электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде басқа тараптан электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауын талап етуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Электрондық сауда мәмілелері бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 2-1
2-1. Электрондық сауда алаңындағы электрондық коммерция инфрақұрылымында:
Тармақша 1
1) электрондық сауда алаңының электрондық саудаға қатысушыларға қоятын ішкі талаптары;
Тармақша 2
2) тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет үшін банктік төлем жүйелерін пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігі;
Тармақша 3
3) тауардың немесе көрсетілетін қызметтің жеткізілуін ұйымдастыру немесе үйлестіру;
Тармақша 4
4) сатып алушы мен сатушы арасындағы, оның ішінде тауарды қайтарып беру кезіндегі өзара есеп айырысуды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) сатып алу-сату шартын, қызметтер көрсету шартын электрондық құжаттар немесе электрондық хабарлар алмасу жолымен
цифрлық технологиялар арқылы жасасу мүмкіндігін беру қамтылады.
Тармақ 3
3. Электрондық сауда алаңы электрондық коммерцияны жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1)
цифрлық ресурстарда қамтылған ақпараттың, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердің тұтастығы мен құпиялылығын;
Тармақша 2
2) электрондық сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша сатып алушының өз міндеттемелерін орындауын, егер мұндай шарттарды электрондық сауда алаңы іске асырған жағдайда, қамтамасыз ету шарттарын айқындайды.
Тармақ 4
4. Электрондық коммерциядағы электрондық сауда алаңы,
ақпараттық-жарнамалық сауда алаңы:
Тармақша 1
1) электрондық құжаттарда немесе электрондық хабарларда қамтылған ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге;
Тармақша 2
2) электрондық құжаттарды, электрондық хабарларды немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде оларда қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге, егер оның электрондық саудаға басқа қатысушылармен жасасқан шартында немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе;
Тармақша 3
3) егер оның электрондық саудаға басқа қатысушылармен жасасқан шартында немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттардың немесе электрондық хабарлардың мазмұнын не оларды пайдалану тәртібін өзгертуге құқылы емес.
Тармақ 5
5. Электрондық сауда алаңының сатушысы және (немесе) иесі электрондық сауда кезінде ақпараттың келісімге сәйкес және онда көзделген шарттарда сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының заңдарында электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды міндетті түрде жүргізу жағдайлары белгіленеді.
Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Бап 29-2. 29-2-бап. Фулфилмент орталықтарының функциялары
29-2-бап. Фулфилмент орталықтарының функциялары
Фулфилмент орталығы мына функцияларды:
Тармақша 1
1) өндірушіден, сатушыдан, делдалдан немесе фулфилмент орталығының қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан басқа тұлғадан тауар қабылдауды;
Тармақша 2
2) қабылданған тауарды қоймада сақтауды;
Тармақша 3
3) тауарға тапсырыстарды, оның ішінде
цифрлық байланыс құралдары арқылы қабылдау мен өңдеуді;
Тармақша 4
4) тауарға келіп түскен тапсырыстарға сәйкес тауарды жасақтауды;
Тармақша 5
5) тауарды қаптауды;
Тармақша 6
6) тауарды сатып алушыға жеке жеткізу қызметімен жеткізуді немесе тауарды бөгде жеткізу қызметтері арқылы жөнелтуді;
Тармақша 7
7) сатып алушылардан тауар үшін төлемақы алуды;
Тармақша 8
8) қайтарып берулерді өңдеуді жүзеге асырады.
Бап 30. 30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау
30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау
Биржалық сауда Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. Ішкі сауда субъектілеріне және тауарларға қойылатын талаптар
6-тарау. Ішкі сауда субъектілеріне және тауарларға қойылатын талаптар
Бап 31. 31-бап. Ішкі сауда субъектілеріне қойылатын талаптар
31-бап. Ішкі сауда субъектілеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Ішкі сауда субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
Тармақша 1
1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстанда шығарылған тауарларды көрнекі және физикалық қолжетімді жерлерде орналастыруға;
Тармақша 2
2) тауарларды тиісінше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;
Тармақша 2-1
2-1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) заңнамасына сәйкес таңбалау туралы шешім қабылданған, таңбаланған тауарларды сатуға;
Тармақша 2-2
2-2) бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарларды ішкі сауда қағидаларында айқындалатын тәртіппен есепке алуды жүргізуге міндетті.
Ішкі сауда субъектісі бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарлар туралы ақпараттың күнтізбелік бір жыл ішінде сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2-3
2-3) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестендіру құралдары басылған тауарларды бөлшек саудада өткізу кезінде сәйкестендіру құралдарын оқу арқылы деректерді тіркеп-белгілеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары арқылы операцияларды есепке алуды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртiбi, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берілетін құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттері туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге;
Тармақша 4
4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетімді жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға;
Тармақша 5
5) сатып алушыда тауарлардың массасы мен ұзындығына қатысты күмән туындаған жағдайларда, оған бақылау-өлшеу құралдарының көмегiмен аталған сипаттамаларды өз бетінше тексеру мүмкiндiгiн беруге;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестiгі міндетті расталуға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестік сертификатын (белгіленген үлгідегі бланкілердегі көшірмесін) не сәйкестік туралы декларацияны көрсетуге;
Тармақша 6-1
6-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды көтерме саудада сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестiк сертификатын не сәйкестiк сертификаты көшірмесінің берілген күнін көрсете отырып, тауарларды беруші болып табылатын заңды тұлға басшысының немесе құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе дара кәсіпкердің мөрімен және қолымен расталған сәйкестiк сертификатының көшірмесін не сәйкестiк туралы декларацияны көрсетуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiп пен жағдайларда фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 32-бабында белгіленген қауіпсіздік талаптары мен нормаларға сай келмейтін тауарды айналымнан алып қоюға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарды және тұтынушыны оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға ықтимал қауіп туралы уақтылы хабардар етуге, оның ішінде сатылған тауардың құны мен тұтынушыға келтірілген залалдары (нұқсанды) өтей отырып, оны тұтынушыдан қабылдап алуға;
Тармақша 9
9) мемлекеттiк органдардың белгiленген тәртiппен шығарылған ұйғарымдарын орындауға;
Тармақша 9-1
9-1) тауарларды өндіру немесе импорттау кезінде оларды сату жүзеге асырылғанға дейін Ұлттық тауарлар каталогында тіркеуге;
Тармақша 9-2
9-2) бөлшек және көтерме сауда кезінде тауарларды сатуды тауарлар туралы мәліметтер Ұлттық тауарлар каталогында болған кезде ғана жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.
Тармақ 1-1
1-1. Өндіруші немесе өткізуші Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келмейтін өнімді анықтаған және оны өткізуден өз еркімен қайтарып алған жағдайларда, бақылау және қадағалау органдары мұндай өндірушілерге немесе өткізушілерге қатысты шаралар қолданбайды.
Тармақ 2
2. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік сипаты бар және:
Тармақша 1
1) ішкі сауда субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа ішкі сауда субъектілерімен, сондай-ақ басқа ішкі сауда субъектілерімен осындай немесе өзге талаптарда тауарлар беру шарттарын жасасуына тыйым салу туралы талаптар;
Тармақша 2
2) тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа ішкі сауда субъектілерімен жасалатын шарттар туралы мәліметтер ұсынуы туралы талап қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне кіруін шектеуіне тыйым салынады.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-тармағын бұзған кезде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 5
5. Егер сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын беруші арасында мұндай тауарларды сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне бергеннен кейін белгілі бір уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгілеу үшін мұндай тауарларға ақы төлеу мерзімі мынадай қағидалар бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі күнтізбелік он күннен аз жарамдылық мерзімі белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс;
Тармақша 2
2) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, күнтізбелік он және одан да көп күн жарамдылық мерзімі белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс.
Тармақ 6
6. Тауарларға осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде ақы төлеу тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөніндегі міндетті орындаған жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын беруші арасында азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде ішкі сауда субъектісінің өнім берушіден азық-түлік тауарларының белгілі бір санын сатып алуына байланысты оған төленетін сыйақыны азық-түлік тауарының бағасына енгізу көзделуі мүмкін. Көрсетілген сыйақының мөлшері осы шарт тараптарының келісуіне жатады және сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасының бес пайызынан аспайды. Сыйақының көрсетілген жиынтық мөлшерін есептеу кезінде қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды. Ішкі сауда субъектісінің уәкілетті орган бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін сатып алуына байланысты осы тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуге жол берілмейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген сыйақы мөлшерін арттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Бап 31-1. 31-1-бап. Сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi – дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
31-1-бап. Сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi – дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегi, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтiзбелiк ай шегiнде күнтiзбелiк үш күннен асатын мерзiмге жалға (пайдалануға) берген кезде жалға беру (пайдалану) жазбаша шартын жасауға міндетті. Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шартында:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде);
Тармақша 2
2) жалға алушы – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнi;
Тармақша 4
4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрi;
Тармақша 5
5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) және жасасқан күнi;
Тармақша 6
6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның кезеңі;
Тармақша 7
7) жалға беру төлемінің сомасы және (немесе) өтелетін шығыстар сомасы;
Тармақша 8
8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсаты;
Тармақша 9
9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жері;
Тармақша 10
10) жалға берушінің және жалға алушының қолы және мөрі (ол болған кезде);
Тармақша 11
11) шартқа сәйкес өзге де талаптар міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беруші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін жүргізуге және оны салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.
Бап 32. 32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар
32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.
Тармақ 2
2. Тауарлардың сапасы туралы мәліметтер мынадай ақпаратпен расталады:
Тармақша 1
1) дайындаушының тауар белгісі;
Тармақша 2
2) тауардың шыққан елі;
Тармақша 3
3) тауардың құрамы туралы;
Тармақша 4
4) азық-түлік тауарлары үшін – тамақ құндылығы;
Тармақша 5
5) дайындалған күні;
Тармақша 6
6) сақтау және жарамдылық мерзімі туралы;
Тармақша 7
7) стандарттау жөніндегі құжаттың көрсетілуі;
Тармақша 8
8) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.
Тауар сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде заттаңбаларда, затбелгілерде, жапсырмаларда (стикерлерде), қосымша парақтарда, материалдық жеткізгіштерде қамтылуға тиіс.
Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшін қауіпсіздік талаптарының сақталуы, оның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшін арнайы арналған көлік құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға және белгіленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиісті құжаттардағы жазбалармен расталуға тиіс.
Тармақ 3
3. Мыналарды:
Тармақша 1
1) айналыстан алынған тауарларды;
Тармақша 2
2) арнайы рұқсат алынбастан, айналыс қабілеті шектелетін тауарларды;
Тармақша 2-1
2-1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес алып қоюға және кері қайтарып алуға жататын өнімді;
Тармақша 3
3) белгіленген тәртіппен таңбалауға жататын сәйкестендіру құралдары немесе есепке алу-бақылау таңбалары жоқ акцизделетін тауарларды;
Тармақша 3-1
3-1) бақылау (сәйкестендіру) белгілері немесе материалдық жеткізгіштері жоқ, бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен немесе материалдық жеткізгіштермен таңбалануға жататын тауарларды;
Тармақша 4
4) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды;
Тармақша 4-1
4-1) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарларды;
Тармақша 4-2
4-2) аталған тауарларды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының нысанды киім-кешегінің заттарына жататын тауарларды;
Тармақша 4-3
4-3) қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау құралдарын;
Тармақша 4-4
4-4) сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің оны өткізуін қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу қолданылатын кезеңде;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында сатуға тыйым салынған өзге де тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптамасына сәйкес тауарлар сыныпталуға және Ұлттық тауарлар каталогына сәйкес олардың біріздендірілген атауы мен сәйкестендіру коды болуға тиіс.
Бап 32-1. 32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары
32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары
Тармақ 1
1. Сауда қызметі субъектілері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Сауда қызметі субъектісі:
Тармақша 1
1) сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда);
Тармақша 2
2) сатылатын тауарлардың ассортиментін;
Тармақша 3
3) жұмыс режимін;
Тармақша 4
4) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатылатын тауарлар бағаларын өз бетінше айқындайды.
Тармақ 3
3. Сауда қызметі субъектісі өзінің мүдделері қозғалатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауы үшін ұсынуға құқылы.
Бап 32-2. 32-2-бап. Көтерме-тарату орталықтары
32-2-бап. Көтерме-тарату орталықтары
Кейіннен ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарда көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу үшін, үлесі тауарлардың жалпы ассортиментінің кемінде алпыс пайызын құрайтын азық-түлік тауарларын және тізбесі көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарда айқындалатын азық-түлік емес тауарларды тиісінше сақтауға және (немесе) олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және (немесе) арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункционалды инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен көтерме-тарату орталығы деп танылады.
Көтерме-тарату орталықтары қызметтер кешенін көрсетеді немесе технологиялық мамандануына және көрсетілетін қызметтер түріне қарай мынадай болып бөлінуі мүмкін:
Тармақша 1
1) сақтайтын көтерме-тарату орталығы азық-түлік тауарларын сақтауға және олармен жасалатын сатып алу, дайындау, бөлу және (немесе) өзге де операцияларды орындауға арналған, көбінесе жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарына жақын орналасқан және
қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, орау және басқа да көрсетілетін қызметтер) бойынша қызметтер көрсететін жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
Тармақша 2
2) бөлетін көтерме-тарату орталығы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сақтауға және өткізу объектілері бойынша бөлуге және тауарларды сауда объектілерінің мұқтаждары үшін уақытша сақтау және тиеу (ауыстырып тиеу) жөніндегі логистикалық қызметтерді көрсетуге арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;
Тармақша 3
3) сауда көтерме-тарату орталығы сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және (немесе) ішкі сауда субъектілеріне сауда қызметін жүзеге асыру кезеңіне инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен шегіндегі сауда алаңдарына, сақтау орындарына және басқа да үй-жайларға кедергісіз қол жеткізуді ұсынатын жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады.
Тарау 7. 7-тарау. Қорытынды ережелер
7-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 33. 33-бап. Сауда қызметiн жүзеге асыруды бақылау
33-бап. Сауда қызметiн жүзеге асыруды бақылау
33-1-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 33-1. 33-1-бап. Тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылау
33-1-бап. Тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылау
Бап 33-2. 33-2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы
заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
33-2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы
заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының
сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру
және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау
нысанында жүзеге асырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы бапқа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда
базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін ішкі сауда субъектілері,
дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының сауда қызметін
реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау субъектілері болып
табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талаптар мен шектеулер
қолданылатын қызмет пен мүлік Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу
туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары өздеріне қатысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің бекітілген тізімі негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау субъектісін осы бақылауды жүргізудің басталғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етілмейді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарынан алынған мәліметтер негізінде өздеріне қатысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін қалыптастырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы көрсетілген мерзімдерде орындамау жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылады.
Тармақ 2
Бап 34. 34-бап. Дауларды шешу
34-бап. Дауларды шешу
Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.
Бап 35. 35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 36. 36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.