О дальнейшем совершенствовании земельных отношений и практической реализации норм и положений Земельного кодекса Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің ережелерін іс жүзінде жүзеге асыру және жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңына сәйкес, ауыл шаруашылық саласындағы жерлерді жеке меншікке беруге орай әдістемелік көмек көрсету мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық жұмыс тобы құрылсын (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Облыстық жұмыс тобының ережесі мен негізгі міндеттері бекітілсін. (қосымша 2).
Тармақ 3
3. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдіктері:
Тармақша 1
1) облыстық жұмыс тобына ұқсас аудандар мен қалалар әкімдерінің төрағалығымен жұмыс топтарын құрсын;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашьшық мәндегі жерге жеке меншіктік институт енгізуге байланысты ұйымдастыру-дайындық жұмыстары облыстық жұмыс тобымен келісіп жүргізсін;
Тармақша 3
3) жер учаскелерін саудаға қою жөніндегі ақпараттарын (конкурс, аукцион), 2004 жылдың 1 мамырына дейін тапсырсын;
Тармақша 4
4) жерді пайдаланушылар арасында әрбір жер учаскелері жөніндегі өздерінің ойларын анықтау үшін түсініктеме жұмысын жүргізсін;
Тармақша 5
5) жерді пайдаланушылардың (субарендаторлар) жерді пайдаланудағы өз құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі ойлары бойынша мониторинг нәтижелерін тоқсан сайын тапсырсын.
Тармақша 6
6) әр жер учаскесін қоса есептегенде, ауданда ауыл шаруашылығы өндірісінің ақпараттық базасын құруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 7
7) облыстық жұмыс тобына осы мәселелер бойынша атқарылған іс жөнінде ақпарат беру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетіне, мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі институтына, облыстық жер инспекциясына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) жер үлесі иелерінің іс - қимылдарын негізгі заңнамамен жүргізуде өздерінің құқықтарын іске асыруды бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) аудандар және қалалар әкімдерімен бірлесіп, жерді қайтара пайдалану және ауыл шаруашылық жерлеріне қосалқы жалгерлік күшін жою туралы шарттарды бұзу жөніндегі жұмыс 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін жүргізу;
Тармақша 3
3) шартгы жер үлестерін пайдаланушылардың өз құқықтарын жүзеге асыру және ауыл шаруашылығы саласындағы жерледі қосалқы жалға алу шартын бұзу жөнінде мониторинг енгізу.
Тармақша 4
4) егіншілікке инвестиция тарту және жер учаскелерінде коммерциялық пайдаланумен бюджетке түсетін қаржыны көбейту үшін, аудандар мен қалаларда жер аукциондары мен конкурстарын өткізу тәжірибесі кеңінен насихаттау;
Тармақша 5
5) жерлерді пайдалануда және қорғауда мемлекеттік бақылауды күшейту жөніндегі жұмыс жетілдіру;
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің баспасөз - қызметі жер реформасын жүргізу шараларын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазатын болсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 20
Ақмола облысы әкімдігінің
2004 жылғы 26.03. № а-3/86
қаулысына 1 косымша Қазақстан
Республикасы Жер кодексінін
ережелерін ісжүзінде жүзеге
асару және жер қатынастарын
одан әрі жетілдіру туралы
Облыстық жұмыс тобынын ҚҰРАМЫ
Отаров Қадырхан Махмұтұлы
облыс әкімінің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы
Бекімов Марат Еркінұлы
облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы, жұмыс тобы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Турчин Юрий Иванович
облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы (келісім бойынша)
Ыбыраев Зарап Балташұлы
облыс әкімі аппараты мемлекеттік-кұқықтык жұмыстар бөлімінің меңгерушісі
Шалабаев Кәрібай Мақанұлы
Ақмола мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі институтының директоры
Токмырзин Талап Хамитұлы
облыстық жер инспекциясының бастығы
Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы
Облыстық ауыл шаруашылык басқармасының бастығы
Мыңжанов Марат Тұрсынайұлы
ҚР АШМ облыстық аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Жәкішев Сәрсенғали Төлеуханұлы
қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Рыспаев Асқар Мақшанұлы
Сәулет, құрылыс, тұрғын-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасының бастығы
Басқа 21
Ақмола облысы әкімдігінің
2004 жылғы 26.03 «Қазақстан
Республикасы Жер кодексінің
ережелерін іс жүзінде жүзеге
асыру және жер қатынастарын
одан әрі жетілдіру туралы
№ а-3/86 қаулысына 2 қосымша
Облыс жұмыс тобы туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Облыстық жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізгі нормаларын және Ережелерін жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік өкілеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың іс - қимылын үйлестіру мақсаттарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Есімовтың 2004 жылғы 26 ақпандағы № 17-71/и-101 тапсырмасына сәйкес құрылған.
Тарау 2. 2. Жұмыс тобының негізгі талаптары
2. Жұмыс тобының негізгі талаптары
Тармақ 1
1. Жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлығын арттыру, басқа да, табиғат қорғау шаралары кешенінде жер ресурстарын қорғау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің негізгі нормаларын және ережелерін, олардың заңнама актілерін іс жүзінде жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету
Тармақ 3
3. Азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қосалқы шарттарын бұзу тәртібі мен қажеттігін түсіндіру және заңда көрсетілгеніндей шартты жер үлестері барлардың өз құқықтарын 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асыру;
Тармақ 4
4. Мемлекеттік меншіктегі және жерді пайдалануға берілмеген жер учаскелерін жалға беру құқығын немесе облыстың аудандары және қалаларында сауда тәсілімен сатуға қойылатын нақты жер учаскелерін келісу (конкурстар, аукциондар)
Тармақ 5
5. Жерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттарына енгізу және ерекше қорғалатын аймақ резервіне жатқызу жөнінде ұсыныс енгізу;
Тармақ 6
6. Жер учаскелерін меншікке беру немесе Астана қаласының ерекше қала құрылысын реттеу аймағындағы жерді пайдалануға беру жөніндегі ұсыныстар енгізу;
Тарау 3. 3. Жұмыс тобынын жұмысын ұйымдастыру
3. Жұмыс тобынын жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Облыстық жұмыс тобын облыс әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 2
2. Төраға жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді.
Тармақ 3
3. Жұмыс тобының мәжілісі облыстық жұмыс тобының негізгі талаптарына сәйкес, жер құқығы қатынастары мәселелері жөніндегі түскен өтінімдер бойынша өткізіледі.
Тармақ 4
4. Жұмыс тобы төрағасының құқығы:
-жұмыс тобының мәжілісіне істелген жұмыс туралы есептерін талдау, қарастырылған мәселелерді шешу үшін аудандық жұмыс топтарының төрағаларын шақыру;
-жұмыс топтарының мүшелерінен және аудандық жұмыс топтарының төрағаларынан Жер кодексін іске асыру жөніндегі ақпаратты талап ету;
-«Ақмола облысындағы жер реформасының негізгі бағыттары мен жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы» іс - шараларды орындауда қанағаттанғысыз жұмыс істеген лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану жөнінде облыс әкіміне ұсыныс енгізу.