Об утверждении Правил формирования и ведения реестра, а также аккредитации каналов коммуникаций государственных органов с населением Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 205) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарының тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғамды коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Басқа 0. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидалары
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2024 жылғы 11 наурыздағы № 93-НҚ Бұйрығымен бекітілген Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 205) тармақшасына сәйкес әзірленді және тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникация арналарын аккредиттеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) азаматтар мен заңды тұлғалардың коммуникацияларын дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтар мен заңды тұлғалардың коммуникацияларын дамыту саласында басшылықты және ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) аккредиттеу – уәкілетті органның коммуникациялар арнасын осы Қағидаларда көзделген тәртіппен халықпен мемлекеттік органдардың коммуникациялар арналарының тізіліміне енгізу рәсімі;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арнасы (бұдан әрі - коммуникациялар арнасы) – мемлекеттік орган халықпен өзара іс қимыл жасайтын тәсіл немесе құрал;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарының тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен аккредиттелген коммуникациялар арналары туралы мәліметтерді қамтитын деректер тізілімі;
Тармақша 5
5) өтініш беруші – коммуникациялар арнасының жұмыс істеуіне жауапты орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың);
Тармақша 7
7) электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) - қатысушылар арасындағы қатынастар «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттармен алмасу жүйесі.
Тарау 2. 2-тарау. Коммуникация арналарын аккредиттеу тәртібі
2-тарау. Коммуникация арналарын аккредиттеу тәртібі
Тармақ 3
3. Өтініш беруші осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуникациялар арнасын аккредиттеу үшін өтінімді уәкілетті органға ЭҚЖ арқылы жолдайды. Мемлекеттік органның байланыс орталығы ұйымдастырылған жағдайда, телекоммуникациялар саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік органның аккредиттеу жүргізу үшін өтініші мен тиісті құжаттарын жібереді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган өтінімді қарау кезінде жиынтығында мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:
Тармақша 1
1) қолданыстағы коммуникация арналарының функционалымен қайталанудың болмауы;
Тармақша 2
2) коммуникациялар арнасының жұмыс тәртібінің регламенттелуі;
Тармақша 3
3) коммуникациялар арнасының жұмысынан күтілетін нәтижелер мен тиімділігі.
Тармақ 5
5. Коммуникациялар арнасын аккредиттеуге арналған өтінім осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда және осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген өлшемшарттар негізінде уәкілетті орган өтінім келіп түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) Тізілімге енгізе отырып, коммуникациялар арнасын аккредиттеу;
Тармақша 2
2) коммуникациялар арнасын аккредиттеуден бас тарту.
Тармақ 6
6. Өтінімді қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ЭҚЖ арқылы өтініш берушіні немесе (мемлекеттік органның байланыс орталығы ұйымдастырылған жағдайда) телекоммуникациялар саласындағы уәкілетті органды аккредиттеуден өткені және коммуникация арнасының Тізілімге енгізілгені туралы не аккредиттеуден бас тартылғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 6-1
6-1. Уәкілетті орган мемлекеттік органдардың байланыс орталықтарына кемінде екі жылда бір рет мерзімді аттестаттауды жүзеге асырады. Байланыс орталығына қатысты аттестаттау жүргізу жоспарланған мемлекеттік орган бұл туралы екі жылдық мерзімнің аяқталуына 3 ай қалғанда хабардар етіледі. Мерзімді аттестаттау осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Жүргізілген мерзімді аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу;
Тармақша 2
2) аккредиттеуден бас тарту. Қабылданған шешім туралы екі жұмыс күні ішінде телекоммуникациялар саласындағы уәкілетті органға, аттестаттау жүргізілген байланыс орталығына қатысты мемлекеттік органға хабарланады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникация арналарының тізіліміне тиісті өзгерістер енгізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
3-тарау. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 7
7. Тізілімді қалыптастырудың мақсаты аккредиттелген коммуникация арналарын есепке алу болып табылады.
Тармақ 8
8. Тізілім электрондық түрде уәкілетті органның интернет-ресурсында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылады.
Тармақ 9
9. Тізілімді жүргізу деп түсініледі:
Тармақша 1
1) аккредиттеуден өту нәтижелері бойынша коммуникациялар арналары туралы мәліметтерді енгізу;
Тармақша 2
2) өтініш берушілер ұсынған мәліметтер өзгерген және (немесе) толықтырылған кезде Тізілімді өзектендіру;
Тармақша 3
3) коммуникациялар арнасын Тізілімнен шығару туралы мәліметтерді енгізу.
Тармақ 10
10. Тізілімде коммуникациялар арнасы туралы келесі мәліметтер көзделеді:
Тармақша 1
1) коммуникациялар арнасының атауы;
Тармақша 2
2) қолданысында коммуникациялар арнасы бар орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органның атауы;
Тармақша 3
3) коммуникациялар арнасының Тізілімге енгізілген күні;
Тармақша 4
4) коммуникациялар арнасы бойынша енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) коммуникациялар арнасын алып тастау туралы мәліметтер.
Тармақ 11
11. Тізілім мәліметтерін өзектендіру үшін өтініш беруші уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭҚЖ арқылы өтінім жібереді.
Тармақ 12
12. Коммуникациялар арнасының жұмысы тоқтатылған кезде өтініш беруші уәкілетті органды ЭҚЖ арқылы еркін нысанда хабардар етеді.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 11, 12-тармақтарында көзделген коммуникациялар арнасының жұмысын тоқтату туралы ақпаратты, сондай-ақ коммуникациялар арнасы бойынша деректердің өзгеруі және (немесе) толықтырылуы туралы мәліметтерді уәкілетті орган олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Тізілімге енгізеді.
Басқа 1
Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша Нысаны __________________________________________________________ (алушы уәкілетті органының атауы) кімнен _____________________________________________________________________ (жіберуші уәкілетті органының атауы) Аккредиттеуді өткізуіңізді сұраймын: ____________________________________________________________________ (коммуникациялар арнасының атауы) Коммуникациялар арнасын аккредиттеу және мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарының тізіліміне енгізу үшін қажетті мынадай мәліметтерді қоса беремін:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және (немесе)Қазақстан Республикасы Үкіметінің коммуникациялар арнасын құру мәселесі жөніндегі тапсырмасы (болған жағдайда): ____________________________________________________________________
Тармақша 2
2) коммуникациялар арнасының жұмыс тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық акт және (немесе) құжат (болған жағдайда): ____________________________________________________________________
Тармақша 3
3) коммуникациялар арнасының функционалдық мақсаты: ____________________________________________________________________
Тармақша 4
4) коммуникациялар арнасын пайдаланушыларды қамту (республикалық, өңірлік): ____________________________________________________________________
Тармақша 5
5) коммуникациялар арнасы арқылы халықпен өзара іс-қимылдың форматы (онлайн, офлайн, гибрид): ____________________________________________________________________
Тармақша 6
6) коммуникациялар арнасының жұмысы үшін қажетті инфрақұрылым, кадр және қаржы ресурстары туралы мәліметтер: ____________________________________________________________________
Тармақша 7
7) коммуникациялар арнасының қажеттілігінің негіздемесі, оның ішінде халықаралық тәжірибе, Халықаралық ұйымдардың ұсынымдары, жүргізілген сауалнама нәтижелері (болған жағдайда): ____________________________________________________________________ Өтініш беруші ұсынуы қажет деп санайтын өзге де ақпарат: ____________________________________________________________________ Өтінімге қоса беріледі:
Тармақша 1
1)______________________________________________________________
Тармақша 2
2) _____________________________________________________________ ____________________ «____» ____________ 20 __ жыл (мемлекеттік органның бірінші басшысы орынбасарының қолы) (ЭЦҚ)
Басқа 2. Мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарының тізілімі
Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша Нысаны Мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарының тізілімі № Ком­му­ни­ка­ция ар­на­сы­ның ата­уы Қол­да­ны­сын­да ком­му­ни­ка­ция ар­на­сы бар ор­та­лық мем­ле­кет­тік неме­се жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ата­уы Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның ұй­ым­да­сты­ры­л­ға­ны ту­ра­лы бел­гі Ком­му­ни­ка­ци­я­лар ар­на­сы­ның Ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген кү­ні Ком­му­ни­ка­ци­я­лар ар­на­сы бой­ын­ша ен­гі­зі­л­ген өзге­рі­стер және (неме­се) то­лық­ты­ру­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Ком­му­ни­ка­ци­я­лар ар­на­сын алып та­стау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер 1 2 3 4 5 6 7
Басқа 3
Тізілімді қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен коммуникациялар арналарын аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша Нысаны ұсынылады _______________________________________________________________ (уәкілетті органның атауы) кімнен ____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) Өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін Тізілім жазбасының атауы мен мазмұны: ____________________________________________________________________ Жаңа редакциядағы Тізілім жазбасының атауы мен мазмұны: ____________________________________________________________________ Мәлімделген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың негіздемесі: ____________________________________________________________________ Өтінімге қоса беріледі: 1)______________________________________________________________ 2)______________________________________________________________ ____________________ «____» _______ 20 __ жыл (мемлекеттік органның бірінші басшысы орынбасарының қолы) (ЭЦҚ)