Размер и Правила оказания жилищной помощи в районе Алтай Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Алтай ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Алтай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII шешіміне 1-қосымша Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алтай ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (келесіде - Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсалатын шығыстарының жол берілетін шекті деңгейі 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4-1
4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен мынадай нормалар шегінде есептеледі:
Тармақша 1
1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;
Тармақша 2
2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
Тармақша 3
3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары: бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су; бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;
Тармақша 4
4) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;
Тармақша 5
5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
Тармақша 6
6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;
Тармақша 7
7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
Тармақша 8
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;
Тармақша 9
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;
Тармақша 10
10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.
Тармақ 5
5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінеді. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 8
8. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қағидамен айқындалады.
Тармақ 9
9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Басқа 25. Алтай ауданының мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Алтай ауданының мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII шешіміне 2-қосымша Алтай ауданының мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 56/2-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6311 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63/2-VI «Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 56/2-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6876 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 3/5-VII «Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 56/2-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8572 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 2022 жылғы 21 қазандағы № 23/2-VII «Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 56/2-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30285 болып тіркелген).
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 7/3-VIII «Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 56/2-VI «Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8930-16 болып тіркелген).