Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" N 2347 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Кеңесі құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның құрамы Жаңақала аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Кеңес туралы Ереже бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Қажғалиға жүктелсін.
Басқа 4. Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Жаңақала ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N 27 қаулысымен бекітілген Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі аудандық үйлестіру-әдістемелік Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) ауданның атқарушы органдары мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметін құқықтық білім насихатты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің төрағасы аудан әкімінің орынбасары болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын және осы ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) азаматтардың құқықтық білім деңгейін көтеру, бұл жұмысқа кәсіби заңгерлерді тарту;
Тармақша 2
2) халықтық құқықтық мәдениетін көтеру және заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің құқықтық тәрбие жұмыстарын үйлестіру;
Тармақша 4
4) еңбек қатынасында, шарт жасасу және ондағы міндеттемелерді орындауда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің заң қызметі, кадрлар бөлімі қызметкерлерін құқықтық оқыту.
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) ауданның мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметінде құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ауданның мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының жұмысын талдау;
Тармақша 3
3) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ауданның мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
4) оң тәжірибе тарату, құқықтық тәрбие беру жұмысын жетілдіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық әзірлеу, азаматтарды құқықтық тәрбиелеудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметтерінің түрлері
3. Кеңес қызметтерінің түрлері
Тармақ 6
6. Кеңес жұмысының негізгі түрлері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өзара ақпарат алмастыру;
Тармақша 2
2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту мәселелеріндегі жұмыстың жағдайын бірлесіп талқылау;
Тармақша 3
3) ауданның атқарушы органдарымен, ұйымдарымен бірлескен іс-шараларды (дөңгелек столдар, дискуссиялар, кездесулер, семинарлар, дәрістер) ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) құқықтық білім«күндерін»,«аптасын», «айлығын» өткізу;
Тармақша 5
5) құқықтық жалпы оқыту және құқықтық жұмыстың жақсы ұйымдастырылуына арналған конкурстық шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) халықты құқықтық насихаттау және құқықтық тәрбие беру мәселелері жөнінде ғылыми іс-тәжірибелік конференциялар өткізу.
Тармақ 7
7. Кеңес қабылдаған барлық шешімдері, ұсыныстары және құжаттары мүдделі ведомстволарға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.
Тарау 4. 4. Кеңестің функциялары
4. Кеңестің функциялары
Тармақ 8
8. Кеңес келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ауданның мемлекеттік кәсіпорындарында, мекемелерінде құқықтық білім және құқықтық жалпы оқытуды насихаттау жөніндегі жұмыстың жағдайымен танысады, осы мәселелер бойынша олардың басшыларының ақпаратын тыңдайды, құқықтық тәрбие беру және құқықтық жалпы оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру жөнінде қажетті ұсыныстар, қорытындылар және ұсынымдар әзірлейді, жүзеге асыруда көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдарының дәрістік бағдарламаларының тақырыптық бағыттарын және кәсіби мазмұнын талдайды;
Тармақша 3
3) ауданның мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына тақырыптық жоспарларды әзірлеуде және құқықтық тақырыптарға арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында басуда іс-тәжірибелік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзыретіне жататын басқа да, функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Кеңес жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жұмыс атқарады. Кеңестің отырысы тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 10
10. Отырыс төраға басшылығымен немесе оның тапсырысы бойынша кеңестің бір мүшесі басшылық етумен өткізіледі.
Тармақ 11
11. Отырыс кеңес мүшелерінің жартысынан аса мүшелері қатысуында ғана заңды деп есептеледі.
Тармақ 12
12. Талқылаудың қорытындылары мен қабылданған ұсыныстар кеңестің отырысынан кейін екі күн ішінде рәсімделетін хаттамаға енгізіледі. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды және жүзеге асыру үшін оның мүшелеріне барлық қажетті құжаттар қоса беріліп таратылады.
Тармақ 13
13. Кеңес өз жұмысына құқық қорғау органдарының, заң қызметтерінің қызметкерлерін тартуға және шешімдері, жоспарлы іс-шараларды орындау жөнінде ұсыныстар беруге құқылы.