Об открытии в области спортивно-любительской охоты на пернатую дичь Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жабайы құстарды спорттық-әуесқойлық аулаудың ашылуы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 62 өкімімен.
Тармақ 1
1. Сулы және батпақты жердің құсын спорттық-әуесқойлық аулаудың күзгі маусымы үстіміздегі жылғы 5 қыркүйектен 15 қарашаға дейін, ал құр аулау 1998 жылғы 3 қазаннан 15 қарашаға дейін ашылсын.
Тармақ 2
2. Қаз, үйрек пен қасқалдақты аулау лимиті аңшылық алқаптарын пайдаланушылар мен аңшылық шаруашылықтары бойынша № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жалпы пайдаланымдағы аңшылық шаруашылықтары мен аңшылық алқаптарында бір аңшыға олжасының бір жолғы нормасы № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 4
4. Орман, балық және аңшылық шаруашылықтарында құр аулау лимиті Ақкөл ауданында 80 құс Сандықтау ауданында 120 құс болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.08.98 жылғы № 760 қаулысына сәйкес спорттық-әуесқойлық мақсатта жабайы жануарларды аулау үшін бір құсқа жасалатын төлем ставкасы мынадай: қаз - 200 теңге құр -250 теңге үйрек – 60 теңге қасқалдақ – 50 теңге
Тармақ 6
6. № 3 қосымшаға сәйкес су айдындарының акваториясында, сондай-ақ ондатраның кәсіпшілік қоры және қаздар мен үйректердің демалу үшін жиналған жерлері бар ұдайы молайту учаскелерінде, сондай-ақ егіні жиналмаған жерлерде аң аулауға тиым салынсын.
Тармақ 7
7. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекцияға (Н.Ә.Қадыркеев), орман, балық және аңшылық шаруашылығы басқармасына (С.Ш.Шалин) жүктелсін.
Басқа 8
Облыс әкімінің 27.08.1998 Жылғы № 1-70ө өкіміне № 1 қосымша Ақмола облысы бойынша 1998 жылғы аң аулау маусымындағы қаз, үйрек және қасқалдақ саны мен оларды аулау лимиті Рет № Аңшылық шаруашылығының атауы Саны Аулау лимиті Қаз Үйрек Қасқалдақ Қаз Үйрек Қасқалдақ 1. Облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы 29471 94161 42066 4420 14124 6310 2. “Қасқыр” СЭЗ 35 43 - - - - 3. “Саят” АБШ 14700 16700 2190 2200 2500 328 4. “Қулыкөл” АБШ 755 2210 1700 113 330 255 5. “Динамо” аңшылар ұжымы 865 - - 130 - - 6. АООБАШБ 3273 38274 7432 490 5740 1115 7. “Интеграция-Целина” АБШ 480 5988 2690 72 898 400 8. Жалпы пайдаланымдағы алқаптар 876 5918 1222 131 887 183 Жиынтығы 50455 163294 57300 7556 24479 8591
Басқа 9
Облыс әкімінің 27.08.1998 Жылғы № 1-70ө өкіміне № 2 қосымша 1998 жылға арналған Ақмола облысының аңшылық алқаптарында бір аңшыға сулы және батпақты жердің жабайы құсын аулаудың БІР ЖОЛҒЫ НОРМАСЫ Рет № Құс тобы мен түрінің атауы Облыстың аңшылық шаруашылықтарындағы құс аулаудың бір жолғы нормасы Жалпы пайдаланымдағы аңшылық алқаптарындағы құс аулаудың бір жолғы нормасы қыркүйек қазан-қараша қыркүйек қазан-қараша 1. Қаз 50455/2 845474/4 799783/2 850238/4 2. Үйрек 163294/4 1069660/6 531000/4 1590660/6 3. Қасқалдақ 57300/1 201263/2 117113/1 174413/2 4. Балықшы 10 - 6 - 5. Көгершін мен орман кептері 10 - 10 - 6. Бөдене 5 - 3 -
Басқа 10
Облыс әкімінің 27.08.1998 Жылғы № 1-70ө өкіміне № 3 қосымша 1998 жылы су тартылғанға дейін сулы және батпақты жердің жабайы құсын аулауға акваториясында тиым салынатын су айдындарынң ТІЗІМІ Әкімшілік аудандарының атауы Су айдындарының атауы Атбасар Жарлыкөл, Ұзынкөл, Барлыкөл, Қара қоға, Тайкеткен, Бүйріктал, Қызыл сай тоғаны, Әксіней тоғаны, Құбықкөл, Әупілдек Ақкөл Итемген, Кеңес, Құзған, Қотыркөл, Жолдыбай, Барап, Жарсор Астрахан Алакөл, Барсен, Шұңқыркөл, Иван Васильевич, Бұғымбай, Ұзынкөл, Өртенкөл, Баянды, Камышатое, Сандықтау Пиявочное Аршалы Рыбное, Улкен Барлыкөл, Бірсуат, Шерқал, Красное, Шенкан, Жоннакөл, Алакөл, Батпакөл Егіндікөл Қожакөл, Жарлыкөл, Шөптікөл, Қоржынкөл, Жалманқұлақ, Құскөл, Алакөл Қорғалжын Алакөл, Құралас, Шібек, Жанды Шалқар, Саумалкөл, Донская бөгеті, Қарасар, Біртабан, Шалқар, Шолақ, Қулыкөл, Нағызөтек, Құмдыкөл, Зүрман Целиноград Кіші Барлыкөл, Ащықұмкөл, Ұзынкөл, Жарлыкөл, Жалаңаш, Шнет, Құскөл, Егіндікөл Шортанды Баскөл, Балықтыкөл, Қамыркөл, Новокубань бөгеті, Күлшін, Губернское, Талагүл Ерейментау Ащыкөл, Қамыскөл, Ойнақ, Қаракөл, Мантин, Сілеті су қоймасы, Майкөл Бұланды Талдыкөл, Шарлыкөл, Барлыкөл, Колоколовское, Прохоровское Жарқайың Бүрыкөл, Қарағайлыкөл, Жаркөл, Қосқакөл Жақсы Қалмакөл Есіл Комсомальское, Самыстыкөл, Жаландыкөл