О проведении в области традиционного трехмесячника по благоустройству, озеленению и санитарной очистке территорий городов, райцентров, населенных пунктов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс қалаларының, аудан орталықтарының, елді-мекендерінің аймақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасыныдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңына сәйкес елді-мекендерді тәртіпке келтіру, көркейту және тазарту жұмыстарын жүргізу мақсаттарында облыс әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында 2004 жылдың 15 сәуірінен 15 шілдесіне дейін елді-мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі дәстүрлі үшайлық (бұдан әрі - үшайлық) жариялансын.
Тармақ 2
2. Көркейту жөніндегі үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді жүргізу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын (Қосымша 1).
Тармақ 3
3. Облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы (А.М.Рыспаев) он күннін ішінде үшайлық өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеп, бекітуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Қ.Қ.Тәшметов) үшайлық өткізу жөніндегі облыстық іс-шараларды орындау бойынша апталық есеп беру түрін әзірлеу және комиссия қарауына енгізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандар мен қалалардың әкімдері: жарияланған үшайлық аясында 2004 жылдың 25 мамырының 20 маусымына дейін сумен қамтамасыз ету, канализация жүйелерінің көктемгі-жазғы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы бойынша байқау өткізсін; үшайлық өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және бекіту кезінде кұрамында әкім аппаратының мамандары, мемлекеттік санитарлыкэпидемиологиялық қадағалау басқармасының, ішкі істер басқармасының (келісімі бойынша) мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің, қоршаған ортаны қорғау басқармасының (келісімі бойынша) мамандары бар шағын топтар құруды, он күн сайын рейдтер өткізіп жұмыс нәтижелерін қорытындылап отыруды қарастырсын.
Тармақ 6
6. Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 20 наурыздағы №а-3/100 (1642) «Облыс қалаларының, аудан орталықтарының, елді-мекендерінің аймақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы» қаулысының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
Басқа 8
Қосымша 1 Облыс әкімдігінің 2004 ж. 29 наурыздағы №а-3/91 «Облыс қалаларының , аудан орталықтарының, елді-мекендерінің аймақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы» қаулысы Үшайлық ұйымдасқан түрде және тиімді өткізу жөніндегі облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ Комиссия төрағасы Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы - облыс әкімінің орынбасары Комиссия төрағасының орынбасарлары: Рыспаев Асқар Мақшанұлы - облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасының бастығы Тәшметов Қасмжан Қалижанұлы - облыстық мемлекеттік сан-эпидқадағалау басқармасының бастығы Комиссия мүшелері: Мырзахметов Болат Кәмалиұлы - облыс әкімі аппаратының өндірістік салалар бөлімінің меңгерушісі Жақышев Сәрсенғали Төлеуханұлы - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша) Қажкенов Ақан Сәттібайұлы - облыстық ішкі істер бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинович - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Дмитриенко Елена Александровна - облыстық білім басқармасының бастығы Тоқмырзин Талап Хамитұлы - облыстық жер инспекциясының бастығы Жолдаспаев Болат Жұмагұлұлы - мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің бастығы Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы Иманжүсіпов Абылай Төлеубайұлы - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша) Тоқмырзин Шабдан Хамитұлы - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бастығы Петрищев Валерий Николаевич - «Астана су» РМК бастығы (келісім бойынша) Долгих Геннадий Васильевич - облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы (келісім бойынша) Құлышев Бегәлі Шорманұлы - «Қазақавтожол» Ақмола филиалының директоры (келісім бойынша) Жұматаев Жақсылық Төлеуұлы - «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Ақмола темір жол бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Чеша Ольга Николаевна - облыс әкімі аппаратының бас маманы