Об образовании комиссии по государственным символам при акиме Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихаттың сессиясына белгіленген тәртіппен бекітілуге ұсынылсын.
Басқа 4. Қостанай облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік
нышандар жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2004 жылғы 19 наурыздағы
№ 70 қаулысына қосымша
Қостанай облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік
нышандар жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы № 2797 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес мемлекеттік нышандарды зерделеу, насихаттау мен қолдану, мемлекеттік стильді қалыптастыру және оларды қолдану тәжірибесін қорытындылау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру туралы ұсыныстарды, әзірлейтін облыс әкімінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия төрағасы лауазымы жағынан облыс әкімі болып табылады. Комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Бөлім 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) облыс халқының бойында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына деген құрмет сезімін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану мәселелері жөнінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес мемлекеттік стильді қалыптастыру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік сәйкестендіру нышандары мен геральдикалық таңбаларды насихаттау мен енгізу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу.
Бөлім 3. 3. Комиссияның өкілеттілігі
3. Комиссияның өкілеттілігі
Тармақ 5
5. Осы ережемен айқындалған міндеттерді іске асыру үшін Комиссия:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану жөніндегі мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік сәйкестендіру нышандары мен геральдикалық таңбаларды белгілерді жасаудың және енгізудің әлемдік тәжірибесін зерделейді және Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссияға Қазақстан Республикасында оларды қолданудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) облыс аумағында ресми іс-шаралар өткізу кезінде мемлекеттік нышандарды қолданудың рәсімдік ережелерін әзірлеуге қатысады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік нышандарды насихаттау және мемлекеттік стильді қалыптастыру жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған зерттеулерді жүргізуге бастамашылық жасайды;
Тармақша 5
5) геральдикалық белгілер жобаларын қарайды және сараптама қорытындыларын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың жазбаша өтініштерін қарайды;
Тармақша 7
7) Комиссия өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыру кезінде жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 6
6. Комиссия:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шеңберінде жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардан, мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан жұмысқа қажетті ақпаратты және өзге де материалдар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) өздерінің отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын олардың өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін орындау жөнінде жүргізген жұмыстары туралы тыңдауға;
Тармақша 3
3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану мәселелері бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін өкілетті мемлекеттік органдардың тексеру жүргізуіне бастамашылық жасауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаражат шегінде және сол қаражат есебінен мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану мәселелері жөнінде кең ауқымда акциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», мәжілістер өткізуге;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік нышандар жөніндегі Республикалық комиссияға, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерге Комиссия қызметінің нәтижесі болып табылатын ұсынымдық сипаттағы талдау, әдістемелік және өзге де ақпараттық материалдарды жолдауға;
Тармақша 6
6) Комиссия құзыретіне жататын сараптамалық талдау зерттеулерін жүргізу үшін сараптама кеңесін құруға құқылы.
Бөлім 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
Тармақ 8
8. Комиссия жұмысы қоғамдық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссияға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, Комиссия мәжілістеріне төрағалық етеді;
Тармақша 2
2) Мемлекеттік нышандар жөніндегі республикалық комиссия төрағасын Комиссияның қызметі туралы тұрақты түрде хабардар етеді және оған мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану жөнінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Комиссияның сараптама кеңесінің құрамын бекітеді;
Тармақша 4
4) Комиссия мүшелері арасында тапсырмаларды бөледі;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға, мүдделі ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға Комиссия мәжілістеріне материалдар, өзінің атына келіп түскен ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындауды тапсырады;
Тармақша 6
6) Комиссия мәжілістерінің хаттамаларына, жұмыс жоспарларына қол қояды;
Тармақша 7
7) Комиссияның жұмысын жетілдіру және оның құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын қарайды;
Тармақша 8
8) Комиссия мәжілістерінің күн тәртібін анықтайды.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасының орынбасары:
Тармақша 1
1) төраға тапсырмаларының және Комиссия ұсынымдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын Комиссия төрағасына бекітуге енгізеді;
Тармақша 3
3) Комиссия мәжілістерін дайындау үшін жалпы бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) Комиссия төрағасының келісімімен Комиссия хатшысына немесе мүшелеріне Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдарды, азаматтардың жазбаша өтініштерін қарауға жібереді;
Тармақша 5
5) осы Ережеге сәйкес Комиссия төрағасының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы ақпарат министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша ақпарат басқармасының бастығы лауазымы бойынша Комиссияның жұмыс органына басшылықты жүзеге асыратын Комиссия хатшысы болып табылады.
Тармақ 12
12. Комиссияның мүшелері:
Тармақша 1
1) халық арасында мемлекеттік нышандарға құрмет сезімін қалыптастыруға жәрдемдеседі, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде және қаражат есебінен насихаттауға қатысады;
Тармақша 2
2) Комиссия мәжілістеріне қатысады;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының және төраға орынбасарының тапсырмаларын орындайды;
Тармақша 4
4) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсынымдар, сараптама қорытындыларын дайындауға қатысады;
Тармақша 5
5) Комиссияның жұмыс органынан Комиссия мәжілістеріне қажетті материалдар алады;
Тармақша 6
6) Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыстарын жоспарлауға қатысады;
Тармақша 7
7) оның жазбаша түрде баяндалған және хаттамаға тіркелген ерекше пікірлерге құқығы бар.
Тармақ 13
13. Комиссияның жұмыс органы Батыс Қазақстан облысы бойынша ақпарат басқармасы болып табылады:
Жұмыс органы:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысын жалпы ұйымдастыруды және оның мүшелерінен қалыптасатын сараптама кеңесінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік нышандарды қолдану және насихаттау мәселелері қарауына жататын облыстық, қалалық және аудандық әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларына әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат жинауды, өңдеуді, мемлекеттік нышандарды қолдану және насихаттау практикасын талдауды, бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсынымдар жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және өзге де мүдделі ұйымдарға Комиссия ұсынымдарын түсіндіреді және жолдайды;
Тармақша 5
5) бұқаралық ақпарат құралдарымен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік нышандарды насихаттауға және қолдануға бағытталған Комиссия қызметін жариялау жөнінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өз өкілеттіктері шегінде өтінім білдірушілерге олар енгізген ұсыныстар бойынша қорытынды жолдайды;
Тармақша 7
7) Комиссия мәжілістеріне материалдар, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарлары жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Комиссия мүшелерінің Комиссия жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қорытады;
Тармақша 9
9) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, лауазымды тұлғалармен және мүдделі ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізеді;
Тармақша 10
10) іс жүргізуге жауап береді, Комиссия материалдарын сақтауды және оларды мұрағатқа өткізуді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжілістерін қажеттігіне қарай, жылына кемінде екі рет төраға шақырады.
Тармақ 15
15. Комиссия мәжілістері, егер оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан болса заңды деп саналады.
Тармақ 16
16. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие. Қажет болған жағдайда олар Комиссия төрағасы облыс әкімінің әкімімен ресімделеді.
Тармақ 17
17. Шешімдер оның мәжілістеріне қатысушылар санының кемінде үштен екісінің даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған кезде, Комиссияның мәжілісіне төрағалық етушінің берген дауысымен шешім қабылданды деп саналады.