Об утверждении Правил содержания собак и кошек на территории города Лисаковска, поселка Октябрьский, села Красногорское Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелерін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 6-тармақшасына, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 311, 543-баптарына сәйкес және иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау шарттарын ретке келтіру, Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында, Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау заңдылық, азаматтардың құқықтарын және құқық тәртібін қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Р.А. Дәурембековаға жүктелсін..
Тармақ 3
3. Қалалық мәслихаттың "Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Майлин станциясының, Красногор поселкесінің аумағында ит пен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 9 маусымдағы № 50 және "Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Майлин станциясының, Красногор поселкесінің аумағында ит пен мысықтарды ұстау ережелерін бекіту туралы" 2000 жылғы 9 маусымдағы № 50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Қостанай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 5. Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау
Қалалық мәслихат сессиясының 2004 жылғы 16 наурыздағы № 44 шешімімен бекітілген Лисаков қаласының, Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы иттерді және мысықтарды күтіп-ұстау Осы Ережелер ведомстволы бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан Лисаков қаласының. Октябрь поселкесінің, Красногор селосының аумағындағы үй хайуанаттарының барлық иелеріне кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды қоса алғанда қолданылады.
Тарау 1. 1. Ит мен мысық иелерінің міндеттері
1. Ит мен мысық иелерінің міндеттері
Тармақ 1
1. Ит мен мысық иелері:
Тармақша 1
1) жануарларды олардың 6иологиялық ерекшелігіне сәйкес күтіп-ұстауға, жануарлармен адамгершілікпен қарауға, қараусыз, тамақсыз және сусыз қалдырмауға, ұрып-соқпауға және ауырған кезде ветеринарлық көмекке сүйенуге;
Тармақша 2
2) санитарлық - гигиеналық нормаларды және жануарларды күтіп-ұстау ережелерін қатаң сақтауға, жалпы пайдаланымдағы олардың орындарын ластауға жол бермеуге;
Тармақша 3
3) ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптарымен қарау, диагностикалық тексерулер мен емдеу-алдын ала өңдеу үшін уақытылы малдарды жеткізуге;
Тармақша 4
4) жануарлардан қорғануда айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдауға тиіс: аула иттерін байлаулы және арнайы бөлінген орындарда ұстауға, сақтандыру кестелерінің ілулі тұруы, иттерді қарғы баумен, тұмылдырықпен қыдыртылуы;
Тармақша 5
5) жануарлар адамды немесе малды қауіп алса, олардың иелері тез арада жақын маңайдағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабар беруге міндетті, ол ветеринарлық мамандардың бақылауына алынып, карантин жасау және тексеру үшін ветеринарлық ем қолдануға жеткізуге;
Тармақша 6
6) аумақтарды объектілерді күзетші иттермен күзету кезінде, олардың иелері сақтандыру кестелерің іліп қоюға міндетті.
Тарау 2. 2. Жануар иелерінің, құқықтары
2. Жануар иелерінің, құқықтары
Тармақ 2
2. Кез келген жануар иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік заңмен қорғалды.
Тарау 3. 3. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау
3. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау
Тармақ 3
3. Рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) жануарларды тұрғын үй-жайларында, соның ішінде пәтерлерде ұстауға;
Тармақша 2
2) иттерді тек қана қысқа қарғы баумен және тұмылдырықпен көшеге, аулаға, өзге қоғамдық орындарға шығаруға;
Тармақша 3
3) қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайлар сақталған болса, мысықтар мен иттерді көліктің кез келген түрімен алып жүруге;
Тармақ 4
4. Тыйым салынады:
Тармақша 1
1) қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын орындарынға, мас күйіндегі азаматтарға, 14 жасқа дейінгі балаларға ірі иттерді қыдыртуға;
Тармақша 2
2) жануарларды жалпы пайдаланатын орындарда күтіп-ұстауға: кіре-берістерде, баспалдақ алаңдарында, сондай-ақ балкондар мен лоджияларда;
Тармақша 3
3) жануарлармен кіре берістерді, баспалдақ алаңдарды, спорт, балалардың алаңдары, көгалдарды, аяқжолдарды, саябақ пен гүл бақтарының аумағын ластамауға, егер жануар осы жерлерде нәжістерін қалдырса, оны жануарлардың иелері тазалауға міндетті;
Тармақша 4
4) қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, сауда залдарына және азық түлік дүкендердің өндірістік жайларына иттер мен мысықтарды күтіп-ұстауға және өткізуге;
Тармақша 5
5) тұрғындар (адамдар) шомылу үшін бөлінген орындарда және ағыс бойымен жоғары 500 метрге дейін жануарларды шомылдыруға.
Тармақ 5
5. Иелерінің дүкеннің, емдеу орындарының, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының маңында байлап қалдырғаннан басқа, Қоғамдық орындарда шығарып салатын тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтарды, қадағалаусыз қалған деп саналады және арнайы қызметкерлермен аулауға жатады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйлер маңында жануарларды шығарған кезде иелері тыныштықты сақтағаны жөн.
Тармақ 7
7. Жануарлар өлген жағдайда өліктерді тек мал қорымының аумағына ғана жерлеу рұқсат етіледі. Өліктерді лақтырып тастауға немесе Лисаков қаласының, Октябрь қаласының, Красногор селосының аумағында жерге оларды көміп тастауға тыйым салынады.
Тарау 4. 4. Осы Ережелерді сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелеріне жауапкершілік
4. Осы Ережелерді сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелеріне жауапкершілік
Тармақ 8
8. Осы Ережелерді сақтамағаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.