О некоторых вопросах установления изъятия из национального режима Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің
кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын машина жасау тауарларын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын химия өнеркәсібі тауарларын, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер тиісінше орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын металлургия өнеркәсібі тауарларын, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер тиісінше орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын құрылыс өнеркәсібі тауарларын, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер тиісінше орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын азық-түлік тауарларын ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
Тармақ 2
2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, осы қаулының 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген тауарлардың тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.