О некоторых вопросах установления изъятия из национального режима Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ұлттық режимнен алып тастауды белгілеудің кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын жиһаз өнеркәсібі тауарларын, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер тиісінше орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерден шығарылатын машина жасау саласының тауарларын ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
Тармақ 2
2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, осы қаулының 1-тармағында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.