Жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабын негізге ала отырып, аудандық
Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру
Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың
әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған
ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау
мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешім Жамбыл облысы Әділет Департаментінде мемлекеттік
тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық газетте міндетті түрде
жариялануға тиісті.
Басқа 4. Жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесі
Сарысу аудандық Мәслихатының 2004
жылғы 17 ақпандағы "Жекелеген
азаматтар топтарына әлеуметтік
төлемді жүзеге асыру Ережесін
бекіту туралы" № 4-15 шешімімен
бекітілген
Жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру Ережесі
Тарау 1. 1. Ортақ қағида
1. Ортақ қағида
Тармақ 1
1. Жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді төлеудің негізгі
Ережесі (әрі қарай Ереже) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша
жекелеген азаматтар топтарына әлеуметтік төлемді төлеудің 15-бюджеттік
бағдарламасы бойынша ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз "Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Бюджеттік
жүйе туралы"Қазақстан Республикасының Заңдары болып табылады.
Тармақ 3
3. Бұл ереже Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек беру туралы" Заңымен реттелген қатынастарға қолданылмайды.
Тарау 2. 2. Төлем алу құқығы
2. Төлем алу құқығы
Тармақ 4
4. Табысы аз, ең төменгі күнкөріс деңгейінен табысы төмен отбасылар
/азаматтар/, төтенше жағдайларға ұшыраған, әлеуметтік жәрдем қажет ететіндер
және мерекелік күндеріне байланысты жеке азаматтар тобы әлеуметтік төлем алуға құқылы.
Тармақ 5
5. Өмірдің қиын жағдайлары болып саналатын: отбасы мүшесінің
біреуінің қазаға ұшырауы, өкпе және қатерлі ісікпен ауыратындардың ұзақ
емделуі, операция жасауға мұқтаждар Қазақстан Республикасы аумағы бойынша
госпитализацияға сапар билеті, тағы да басқалары арнаулы құрылған комиссия
мүшелері шешімімен анықталады.
Тармақ 6
6. Аудан көлемінде тұратын орташа табысы ең төменгі күнкөріс
табысынан аспайтын отбасылар, азаматтар, кездейсоқ оқыс оқиғаларға, апаттарға
ұшырау салдарынан денсаулығына нұқсан келсе, төлем алу құқығына ие болады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлем азаматтардың өтініштері бойынша арнаулы
құрылған комиссия мүшелері шешімімен бөлінеді.
Тарау 3. 3. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру
3. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Төлем төлеу жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық Мәслихат
депутаттарынан, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
қорғау басқармасы өкілдерінен, аудан қоғамдық ұйымдарының мүшелерінен,
жергілікті өз-өзін басқару органдарынан комиссия құрылады. Комиссияның
сандық және дербес құрамы аудандық Мәслихат шешімімен бекітіледі. Аудандық
еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасында
комиссия айына бір рет мәжіліс өткізеді.
Тармақ 9
9. Комиссияның негізгі мақсаты мыналар:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік көмек беру туралы азаматтар өтініштерін қарау;
Тармақша 2
2) Көмек сұраған отбасының /азаматтың/ әлеуметтік тұрмыстық
жағдайы мен отбасы қамтылуы деңгейін тексеру;
Тармақша 3
3) Әлеуметтік көмек берілуі не берілмеуі туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Көмек берудің тәртібі мен мөлшері
4. Көмек берудің тәртібі мен мөлшері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік төлем отбасына жылына 1 рет ақшалай түрде беріледі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік төлем алуға үміткер адам аудандық еңбек, халықты
жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш береді.
Өтінішке қоса мына құжаттар керек:
Тармақша 1
1) жеке куәлік;
Тармақша 2
2) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 3
3) алдыңғы тоқсандағы табысы туралы анықтама немесе /жекелеген
азаматтар үшін/ жеңілдік куәлігі;
Тармақша 4
4) комиссияның әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімі.
Тармақ 12
12. Өтініш төлем берушінің есеп айырысу шотына қаражатты аудару
арқылы төленеді, ал мерекелік күндеріне байланысты қайырымдылық астарды
өткізу үшін, бөлінген нысаналы қаражатты аудандық еңбек, халықты жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жіберілсін.
Тармақ 13
13. Мерекелік күндерге орай төлем төлеу, осы төменде көрсетілген
азаматтар тобына арыз бермей-ақ есеп айырысу шотына қаражатты аудару
арқылы жүргізіледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға және мүгедектерге 9 Мамыр-
Жеңіс күніне байланысты 1000 теңге;
Тармақша 2
2) Табысы аз азаматтарға және куәлік алу үшін көмек ретінде - 450 теңге;
Тармақша 3
3) Табысы аз азаматтардың отбасында мүшесінің біреуі қазаға ұшыраса-
төлеу үшін есептік көрсеткіштің екі еселенген бағамы негізге алынады;
Тармақша 4
4) Кездейсоқ, оқыс оқиғаларға, апаттарға ұшырау салдарынан
денсаулығына нұқсан келген жағдайы төмен отбасыларына - 2000 теңге;
Тармақша 5
5) Төлем төлеу көлемі әрбір нақты жағдайда комиссия шешімімен
анықталады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік төлемдер бойынша қаржыландыру шығысы "Жекелеген
азаматтардың әлеуметтік төлемі" 15-аудандық бюджет бағдарламасы бойынша
осы мақсаттарда қарастырылған қаражат аумағында жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі
5. Төлем төлеудің жүргізілу тәртібі
Тармақ 15
15. Жиынтық тізім негізінде мереке күндеріне байланысты, әлеуметтік
көмек беру төлемін Халық банкісінде және пошта бөлімдерінде алушының жеке
есеп шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы әлеуметтік көмек төлемін төлеу үшін азаматтар тізімін жасайды. Ол
2004 жылы аудан бюджетінде қарастырылған қаражатты пайдаланушы
азаматтардың тізімінің нақтылығына жауап береді.
Тарау 6. 6. Төлем төлеудің жүзеге асырылуын бақылау
6. Төлем төлеудің жүзеге асырылуын бақылау
Тармақ 17
17. Әлеуметтік төлем төлеу бойынша есеп берілу мен оны бақылау
Қазақстан Республикасының "Республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуын бақылау туралы" Заңға сәйкес жүзеге асырылады.