О создании государственного учреждения "Национальная академическая библиотека Республики Казахстан в городе Астане" Министерства культуры Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы Астананың ақпараттық, бiлiм беру, мәдени-ағарту инфрақұрылымын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттiк мекемеci (бұдан әpi - Мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне көзделетiн қаражаттың есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.