Об утверждении Правил, перечня и формы сведений, подлежащих передаче посредством интеграции аппаратно-программных комплексов организаторов игорного бизнеса, осуществляющих деятельность букмекерской конторы и (или) тотализатора, с информационными системами органов государственных доходов Күшін жойған
Басқа 0
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары мен тізбесін және нысанын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 28-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары;
Тармақша 2
2) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер тізбесі (бұдан әрі - Тізбе);
Тармақша 3
3) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер нысаны (бұдан әрі - Нысан) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Басқа 0. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары
Қазақстан Репсубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 160 Бұйрықпен
бекітілген
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабының 28-тармағына сәйкес әзірленді және мәліметтерді беру бойынша автоматтандырылған өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі - МКО АЖ) интеграциялау арқылы мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аппараттық-бағдарламалық кешен - ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
Тармақша 2
2) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;
Тармақша 3
3) бәс тігуге қатысушы - бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;
Тармақша 4
4) ойын бизнесiн ұйымдастырушы – құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес ұйымдастыруды және өткiзудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 5
5) сайт пен браузер арасында деректер алмасу қауіпсіз арна – SSL сертификаты арқылы жүргізілетінін растайтын интернет – ресурстың цифрлық куәлігі;
Тармақша 6
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы;
Тармақша 7
7) eXtensible markup language (бұдан әрі – XML) – құрылымдық және машинада оқылатын форматта деректерді сақтау және беру үшін қолданылатын белгілеудің кеңейтілген тілі;
Тармақша 8
8) hypertext transfer protocol secure (бұдан әрі – HTTPS) – гипермәтінді беру хаттамасы;
Тармақша 9
9) simple object access protocol (бұдан әрі – SOAP) – ақпараттық жүйелерді интеграциялау кезінде хабарламаларды жіберуге арналған XML-ге негізделген хаттама;
Тармақша 10
10) web Service definition language – веб-сервис интерфейстерін сипаттау стандарты (бұдан әрі – WSDL).
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де салаларында қолданылатын мағынада қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру тәртібі
2-тарау. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру тәртібі
Тармақ 3
3. Ойын бизнесін ұйымдастырушы МКО АЖ-мен аппараттық-бағдарламалық кешендерді интеграциялау арқылы мәліметтерді беру мақсатында мыналарды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша аппараттық-бағдарламалық кешен серверінің болуын;
Тармақша 2
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарында белгіленген тәртіппен МКО АЖ-мен интеграциялауды;
Тармақша 3
3) Тізбе мен Нысанға сәйкес күнделікті негізде мәліметтерді тәулік бойы үздіксіз өңдеуді және автоматты режимде беруді.
Тізбе бойынша мәліметтерді беру мыналарды:
Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген SSL-сертификаттарды тіркеу куәліктерін қолдана отырып, HTTPS кеңейтілген көлік хаттамасын;
SOAP өзара әрекеттесу хаттамасын;
WSDL сипаттау тілін;
қол қойылған ЭЦҚ;
веб-әдістер мен олардың параметрлері үшін берілетін XML деректерді;
ақпарат алу кезеңділігін - Астана қаласының уақыты бойынша сағат 03:00-ден кешіктірмей:
ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша қаражатын алуды;
жеке тұлғаның ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша қаражатын алуды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Тармақша 4
4) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс режиміндегі іркілістер немесе оны ауыстыру кезінде жұмыстың ақаулыққа төзімділігі және резервтік деректерді құруды;
Тармақша 5
5) деректердің өспелі қорытындысымен есепке алуды жүргізуді;
Тармақша 6
6) техникалық іркіліс туындаған кезде Тізбе бойынша мәліметтерді беру мүмкін еместігі туралы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына жазбаша түрде хабарлауды;
Тармақша 7
7) Тізбе бойынша мәліметтерді осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген іркіліс болған кезеңі үшін ақпараттық жүйелердегі іркіліс себептері жойылған күннен бастап 3 (үш) тәуліктен кешіктірмей жолдауды;
Тармақша 8
8) деректерді:
микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – ойын бизнесін ұйымдастырушылармен бәс тігуге қатысушылар арасында бәс тігу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап кемінде 3 (үш) жыл;
ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – ойын бизнесін ұйымдастырушылармен бәс тігуге қатысушылар арасында бәс тігу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап кемінде 5 (бес) жыл ішінде сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кірістер органдары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тізбеге сәйкес алынған мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) МКО АЖ сервистерінің тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Тізбе бойынша мәліметтерді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, ойын бизнесін ұйымдастырушыларға себебін көрсете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
Басқа 1. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер тізбесі
Қазақстан Репсубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 160 Бұйрықпен
бекітілген
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер тізбесі
Тармақ 1
1. Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі.
Тармақ 2
2. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша қаражатын алған күні мен уақыты.
Тармақ 3
3. Заңда көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан алған ақша қаражатының сомасы.
Тармақ 4
4. Заңда көзделген тәсілдермен жеке тұлғаның букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша қаражатын алған күні мен уақыты.
Тармақ 5
5. Заңда көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан жеке тұлғаның алған ақша қаражатының сомасы.
Басқа 2
Қазақстан Репсубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 19 наурыздағы
№ 160 Бұйрықпен
бекітілген
Нысан
№
Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі
2. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша қаражатын алған күні мен уақыты
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан алған ақша қаражатының сомасы
Күні
Уақыты
1
2
3
4
5
Кестенің жалғасы:
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен жеке тұлғаның букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша қаражатын алған күні мен уақыты
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан жеке тұлғаның алған ақша қаражатының сомасы
Күні
Уақыты
6
7
8