О работе акимов г.Балхаша и Осакаровского района по организации выполнения Закона Республики Казахстан "О языках в Республике Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
Балқаш қаласы мен Осакаровка ауданы
әкімдерінің Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы» Заңының орындалуын ұйымдастыру
жөніндегі есептері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен.
Қарағанды облысы әкімі жанындағы алқа Балқаш қаласы мен Осакаровка ауданы әкімдерімен Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылған атап көрсетті. Жұмысшы топтар құрылып, 2000 жылғы кезеңге дейінгі мемлекеттік және басқа тілдері дамыту жөніндегі қалалық, аудандық бағдарламалар бекітілді.
Осакаровка ауданы әкімінің жанындағы алқа мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» мәселе қаралды, оның нәтижесінде «Осакаровка ауданының селолық округттері мен поселкелік әкімдерін мемлекеттік тілде іс-жүргізуге кезең-кезеңмен көшіру туралы» аудан әкімінің шешімі қабылданды.
Мемлекеттік тілді үйрену Балқаш қаласының – 11, (құрамы 1342 бала), Осакаровка ауданының 5 (балалар саны - 416) балалар мекемесін құрайтын барлық мектепте дейінгі балалар мекемелерінде ұйымдастырылған. 1998-1999 оқу жылының басында Молодежный поселкесінде қазақ тілінде оқытатын және тәрбиелейтін бір топ ашылды.
Мемлекеттік және басқа тілдері оқып үйрену, жалпы білім беретін, кәсіптік-техникалық мектептерде, колледждерде, ұйымдастырылған. Балқаш қаласындағы 19 мектептің 10-да, Осакаровка ауданындағы 55 мектептің 15 мектебінде мемлекеттік тілде оқыту жүреді, сонымен қатар ауданның 3 мектебінде неміс тілі ана тілі ретінде оқытылады.
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын орындалуында атқарылған жұмыстар ішінде почта жұмысын атап өту керек. Бұл жерде көрнекі ақпартқа қатысты барлық нормалар мен талаптар орындалған. Іс жүргізу мемлекеттік және орыс тідерінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілді оқытуға барлық жағдай жасалған, оқытушысы бар.
Балхаш қаласы мен Осакаровка ауданында мәдени бұқаралық шаралар екі тілде жүргізіле бастады.
Сонымен қатар, ұлттық тілді енгізуді насихаттау, оларды оқытудың озық тәжірибелерін тарату ұлттық дәстүрлерді қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарда бұқаралық ақпараттық құралдары толық түрде пайдаланылмайды.
Балхаш қаласының 470 ұйымы мен шаруашылық субъектілерінің тек 11 ұйымында іс жүргізу екі тілде жүргізіледі, 5 ұйымда мемлекеттік тілді үйрену ұйымдастырылған.
Осакаровка ауданының 221 ұйымы мен шаруашылық субъектілерінің тек 7 ұйымында аудармашылар бар және 5 ұйымда мемлекеттік тілді үйрену жөніндегі үйірмелер жұмыс істейді.
Балхаш қаласының әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң талаптарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамыздағы «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің пайдалану аясын кеңейту туралы» № 769 Қаулысын орындау жөнінде қанағаттанарлықсыз жағдай қалыптасқан. Азаматтар өтініштеріне жауап беруді ресімдеуде өрескел бұзушылықтар анықталған. Ағымдағы жылдың тек маусым айында мемлекеттік тілде түскен азаматтар өтініштері мен хаттарына (барлығы 17 өтініш) жауаптар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 11 бабында айтылғандай өтініш иесі тілінде емес, орыс тілінде берілген. Бұл факті 1998 жылғы 25 наурыздағы облыс әкімі аппараты комиссиясымен Балхаш қаласындағы іс жүргізу жағдайын тексеру нетижесінде көрсетілген. Осындай фактілер барлық басқару органдарында да орын алған, онда Заңның 8,9 бабстары сақталмайды және іс жүргізу тек орыс тілінде жүргізіледі.
Сондай-ақ Балхаш қаласы мен Осакаровка ауданы әкімдерімен жүргізіліп отырған жұмыстар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң талаптарына сай келмейді. Әкімдер шешімдерімен бекітілген «2000 жылға дейінгі мемлекеттік және басқа тілдері дамытудың қалалық және аудандық бағдарламалары» калпылама, мәліметті-насихаттау сипатта, қабылданған шаралар нақты емес және қаржымен қамтамасыз ету көзделмеген. Осындай кемшіліктермен барлық жергілікті бюджеттік басқару органдарының бағдарламалары мен шаралары да зардап шегіп отыр. Әкімдер аппараттары мен сәйкесінше әкімшілік қарауындағы басқару органдарында іс номенклатурасы мемлекеттік тілде дайындалмаған.
Балхаш қаласы мен Осакаровка ауданы әкімдерінің Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының орындалуын ұйымдастыру жөніндегі қызметін тексеру нәтижелерін талдау барысындағы ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласының (Қ.Қ.Ахметов) және Осакаровка ауданының (А.Т.Төребеков) әкімдерінің Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң талаптарын орындау жөніндегі жұмыстары аталған Заң талаптарына толық түрде сәйкес келмейтіні атап көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының (Х.М.Мақсұтов) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының орындалуын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету жөніндегі жұмысының жеткіліксіздігі көрсетілсін.
Тармақ 3
3. Балхаш қаласының (Қ.Қ.Ахметов) және Осакаровка ауданының (А.Т.Төребеков) әкімдері, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы (Х.М.Мақсұтов) көрсетілген кемшіліктерді жою және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қала және аудан әкімдеріне, облыстық басқарма, комитет, департамент басшыларына:
- мемлекеттік органдарда іс- қағаздарын кезең- кезеңмен қазақ тіліне көшіруге байланыста іс шаралар жоспарын жасап, жүзеге асырын;
- жоғары ұйымдармен қызметтік хат хабар, ақпарат алмасуды , статистикалық және қаржылық есептер жасауды , сондай-ақ есептің басқа да түрлерін мемлекеттік тілде қосымша қаржызыс қамтамасыз ете алатын мүмкіншіліктерін анықтасын және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қолайды жағдай туғызсын;
- мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердік штат кестелерінде қазақ тілінде іс-жүргізушілер мен аудармашылардың лауазымдарын енгізсін;
- барлық мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртабандары, бланкілері ,маңдайша жазулары мен басқа да деректемелері, көрнекі ақпараттары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21- бабына сәйкес ресімделуін қатан бақылаумен қамтамасыз етсін;
- Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену, қайта жаңғырту және дамыту үшін жағдай жасасын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын үйлестіру облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына жүктелсін;
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат 1998 жылғы 1 желтоқсанға облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеметтік сала бөліміне тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Б.Қабжановқа жүктелсін.