Об утверждении Правил регистрации профессиональными участниками рынка ценных бумаг, оказывающими услуги номинального держания, сделок с финансовыми инструментами, оформления и выдачи ими выписки с лицевого счета держателя финансовых инструментов и раскрытия информации номинальным держателем Күшін жойған
Басқа 0
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу, олардың қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотынан үзінді жазбаны ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қатысушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу, олардың қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотынан үзінді жазбаны ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, орталық депозитарийге және бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік және кастодиан қызметін жүзеге асырушы ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5. Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу, олардың қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотынан үзінді жазбаны ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 15 наурыздағы
N 62 қаулысымен бекітілген
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу, олардың қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотынан үзінді жазбаны ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы
Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу, олардың қаржы құралдарын ұстаушының жеке шотынан үзінді жазбаны ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабының 2-тармағының 8)-тармақшасына, 38 бабының 1-тармағына, 62-бабының 1-тармағына, "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және номиналды ұстаушы (бұдан әрі - номиналды ұстаушы) қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу талаптары мен тәртібін, сондай-ақ бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және ресімдеу тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) номиналды ұстаушының жеке шоты - номиналды ұстаушы үшін ашылған және қаржы құралдарын оның клиенттерінің есепке алуы үшін арналған жеке шот;
Тармақша 2
2) қаржы құралдарын ұстаушының жеке шоты - клиент үшін ашылған және оның қаржы құралдарын есепке алу үшін арналған жеке шот;
Тармақша 3
3) инвестициялық портфельді басқарушының жеке шоты - инвестициялық портфельді басқарушыға шарт бойынша қаржы құралдарын есепке алу үшін инвестициялық портфельді басқаруға берілген жеке шот;
Тармақша 3-1
3-1) инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларды есепке алуға арналған жеке шоты - инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайлардың саны есепке алынатын номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шот;
Тармақша 4
4) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздардың есебін алуға арналған жеке шоты - эмитент, пайларды қоспағанда, қайталама рыноктан сатып алған бағалы қағаздардың есебін алуды жүзеге асыру үшін номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитент үшін ашылған жеке шот;
Тармақша 5
5) мәлімденген бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты - орналастырылмаған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитент үшін ашылған жеке шот, пайларды қоспағанда,;
Тармақша 6
6) номиналды ұстаушының есебі жүйесіндегі операция - номиналды ұстаушының есебі жүйесіне деректерді енгізу (өзгеріс) және номиналды ұстаушының есебі жүйесін құрайтын ақпаратты дайындау және ұсыну нәтижесі болып табылатын номиналды ұстаушы қимылдарының жиынтығы;
Тармақша 7
7) "репо" операциясы - тараптар "репо" операциясының мәні болып табылатын сол бұрынғы екі тұлғаның ("репо" операциясына қатысушылар) бағыттары бойынша бір-біріне қарсы және орындалу мерзімінде айырмашылықтары бар бірге шығарылған қаржы құралдарымен бір уақытта жасаған екі мәміленің жиынтығы.
Тармақ 2
2. Номиналды ұстаушы клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасасқаннан кейін номиналды ұстаушының есебі жүйесінде клиентке жеке шот ашады және орталық депозитарий есебі жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашады.
Орталық депозитарийінің есепке алу жүйесіндегі қосалқы шот орталық депозитарийінің Ережелер жинағының (бұдан әрі - Ережелер жинағы) талаптарына сәйкес, орталық депозитарийге қосалқы шотты ашуға қажетті ақпаратты ашумен ашылады.
Тармақ 3
3. Номиналды ұстаушы жеке шотқа жеке нөмір береді. Клиенттің орталық депозитарийдегі жеке шотында және қосалқы шотында мыналар туралы мәліметтер болады:
Тармақша 1
1) тіркелген тұлға (фамилиясы, аты, (болса) әкесінің аты немесе қаржы құралдарын ұстаушының атауы, клиенттің резиденттік белгілері, экономика секторының белгілері (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесіне сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1011 тіркелген)), заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, заңды тұлға үшін Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісінің коды (КҰЖЖ), почталық және заңды мекен-жайлары, банк деректемелері (қажет болған жағдайда қаржы құралдары бойынша өтелетін сыйақы мен сомаларды аударуға арналған банк деректемелері және қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған банк деректемелері), салық жеңілдіктері туралы мәліметтер және орталық депозитарийге және/немесе номиналды ұстаушыға Ережелер жинағына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес қосалқы шотты және/немесе тиісінше жеке шотты ашу үшін қажет болатын басқа да ақпарат);
Тармақша 2
2) осы жеке шотта/қосалқы шотта тіркелген қаржы құралдарының саны, түрі және бірегейлендіру нөмірі;
Тармақша 3
3) қиындығы бар қаржы құралдарының саны туралы;
Тармақша 4
4) оқшауланған қаржы құралдарының саны туралы;
Тармақша 5
5) "репо" операциясының мәні болып табылатын қаржы құралдарының саны;
Тармақша 6
6) осы жеке шот бойынша тіркелген мәмілелер мен номиналды ұстау есебі жүйесінде анықталған операциялар туралы:
мәміле/операция түрі;
оны тіркеу күні және уақыты;
мәмілені/операцияны жүргізу негіздемесі;
операцияға қатысқан жеке шоттардың нөмірлері;
оларға қатысты мәміле тіркелген қаржы құралдарының саны, түрі, бірегейлендіру нөмірі;
операциялардың/мәмілелердің белгілі бір түрлері үшін қажетті басқа да мәліметтер.
Тармақ 3-1
3-1. Инвестициялық пай қорының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында орналастырылған пайларын есепке алу үшін номиналды ұстаушы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы ұсынған құжаттардың негізінде инвестициялық пай қорының жеке шотын ашады.
Инвестициялық пай қорының жеке шотында инвестициялық пай қорының, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат бар және осы Ереженің 3-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген ақпарат жоқ.
Тармақ 4
4. Жеке шоттарда мынадай бөлімдер ашылады:
Тармақша 1
1) "негізгі" - мәмілелер жүргізуге шек қойылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған;
Тармақша 2
2) "оқшаулау" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешімді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде қаржы құралдарының сақталуына кепілдік беру мақсатында жүзеге асырылатын қаржы құралдарымен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салынған қаржы құралдарын есепке алуға арналған;
Тармақша 3
3) "репо" - "автоматты репо" секторында жасалған "репо" операцияларының мәні болып табылатын қаржы құралдарын есепке алуға арналған;
Тармақша 4
4) "қиындығы бар" - азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде туындаған қаржы құралдарын ұстаушысының басқа тұлғалар алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін мәмілелерді жүзеге асыруға шектеулер қойылған қаржы құралдарын есепке алуға арналған;
Номиналды ұстаушы жеке шотта қаржы құралдарын есепке алу үшін қосымша бөлімдер ашуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Номиналды ұстаушының жеке шотын номиналды ұстаушы орталық депозитарий есебі жүйесінде немесе кастодиан банк есебі жүйесінде оларға шетелдік қаржы құралдарымен немесе номиналды ұстаушы қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты номиналдық ұстау қызметін көрсету кезінде жеке шот ашуға арналған бұйрықтың және орталық депозитарийдің немесе кастодиан банктің ішкі құжаттарымен белгіленген құжаттар негізінде ашады.
Тармақ 6
6. Номиналды ұстаушы жеке тұлғаның номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шотын жеке шотты ашу туралы бұйрық, адамның жеке басын куәландыратын куәлік және номиналды ұстау туралы шарт негізінде ашады.
Тармақ 7
7. Номиналды ұстаушы заңды тұлғаның номиналды ұстау есебі жүйесіндегі жеке шотын мынадай құжаттар негізінде ашады:
Тармақша 1
1) жеке шотты ашу туралы бұйрық;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 3
3) статистикалық карточканың көшірмесі;
Тармақша 4
4) номиналды ұстау туралы шарт;
Тармақша 5
5) қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркейтін құжаттарға қол қою құқығы, сондай-ақ жеке шоттың үзінді көшірмесін және басқа ақпаратты алу үшін мөр бедерлемесі алынған заңды тұлғалар өкілдерінің қолдары үлгілерінің нотариат куәландырған карточкалары.
Тармақ 8
8. Инвестициялық портфельді басқару жеке шотын инвестициялық портфельді басқарушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шотты және номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленген құжаттарды ашу жөніндегі бұйрық негізінде ашады.
Тармақ 8-1
8-1. Инвестициялық пай қорының жеке шотында инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының осы қордың жеке шотын ашу бұйрығы, инвестициялық пай қорының ережесі, андеррайтинг келісімі және номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында айқындалған құжаттар негізінде пайларды ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында орналастырған кезде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылады.
Тармақ 9
9. Эмитенттің мәлімденген бағалы қағаздардың есебіне арналған жеке шоты эмитенттің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шотты және андеррайтинг келісімін ашу жөніндегі бұйрық негізінде ұйымдасқан рынокта бағалы қағаздарды орналастыру кезінде ашылады.
Тармақ 10
10. Эмитент өзінің бағалы қағаздарын сатып алған кезде номиналды ұстаушы номиналды ұстау есебі жүйесінде жеке шот ашу жөніндегі бұйрық негізінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотын ашады.
Тармақ 11
11. Эмитенттің орналастырылмаған және сатып алынған бағалы қағаздары, инвестициялық пай қорының орналастырылған пайлары орталық депозитарий ережелерінің жинағына сәйкес қажетті эмитенттің, инвестициялық пай қорының барлық деректемелерін аша отырып номиналды ұстаушы орталық депозитарийде ашқан тиісті қосалқы шоттарда ескеріледі.
Тармақ 12
12. Жеке шот ашу жөніндегі бұйрыққа заңды тұлғаның (жеке тұлға немесе оның өкілі) өкілі қол қояды және онда мынадай мәліметтер болады:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның атауы (аты-жөні, болса жеке тұлғаның әкесінің аты);
Тармақша 2
2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және деректемелері;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаның туған күні;
Тармақша 4
4) заңды тұлғаның мемлекеттік (қайта) тіркелгені жөніндегі куәліктің күні және нөмірі;
Тармақша 5
5) заңды тұлғаның мекен-жайы (жеке тұлғаның тұрған жері), почталық мекен-жайы;
Тармақша 6
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірі және қаржы құралдарына қатысты оған жүретін салықтық жеңілдіктер туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) банктік деректемелер;
Тармақша 8
8) орталық депозитарийге және/немесе номиналды ұстаушыға Ережелер жинағына немесе тиісінше номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес қажет болатын басқа да мәліметтер.
Тармақ 12-1
12-1. Номиналды ұстаушы айына бір реттен кем емес номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасайды және оларды сақтайды. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады.
Тармақ 12-2
12-2. Резервтік көшірмелерді сейф операцияларына лицензиясы бар ұйым сыртқы тасымалдаушыларда (CD-R, CD-RW, Flash-Drive) сақтайды. Резервтік көшірмелер жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырылғанға дейін сақталады.
Тарау 2. 2-тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу талаптары және тәртібі
2-тарау. Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу талаптары және тәртібі
Тармақ 13
13. Номиналды ұстау есебі жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеу және операцияларды анықтау жеке шоттар бойынша тиісті жазбаларды енгізу арқылы жасалады.
Тармақ 14
14. Номиналды ұстау есебі жүйесінде операциялар мен мәмілелердің мынадай түрлері жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) номиналды ұстау есебі жүйесінде жеке шоттармен операциялар:
жеке шотты ашу;
тіркелген тұлға туралы мәліметтерді өзгерту;
жеке шотты жабу;
бағалы қағаздарды жою операциясы;
нәтижесінде қаржы құралдарын ұстаушылардың шоттарындағы қаржы құралдарын оқшаулау немесе оқшаулауды алып тастау жүзеге асырылатын операциялар;
Тармақша 2
2) номиналды ұстау есебі жүйесінде тіркелетін мәмілелер;
қаржы құралдарын ұстаушылардың шоттарына/шоттарынан қаржы құралдарын есептен шығаруды/есепке алуды болжайтын мәмілелер;
нәтижесінде қаржы құралдарын ұстаушылардың шоттарындағы қаржы құралдарынан қиындық түсетін немесе жүктелетін мәмілелер;
репо операциялары;
Тармақша 3
3) номиналды ұстау есебі жүйесінде тіркелетін ақпараттық операциялар:
жеке шоттан үзінді жазбаны беру;
жүргізілген операциялар туралы есеп беру;
қаржы құралдарын ұстаушылардың, орталық депозитарийдің, эмитенттердің және уәкілетті органдардың сұратуы бойынша басқа есептерді дайындау және беру.
Тармақ 15
15. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша жасалған операциялар орталық депозитарий есебі жүйесінде көрсетіледі. Номиналды ұстаушы мәмілені тіркеу туралы бұйрықты клиенттің қосалқы шоты бойынша орталық депозитарий есебі жүйесіне номиналды ұстау есебі жүйесіндегі жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізгеннен кейін бір сағат ішінде жібереді.
Тармақ 16
16. Номиналды ұстаушы жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізерден бұрын бұйрықтарда қойылған қолдардың заңды тұлға өкілдерінің қойылған қолдар үлгілері карточкасында көрсетілген қолдарымен немесе мәміле жасаушы тарап болып табылатын жеке тұлғаның, не оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттағы сәйкестігімен салыстыруды жүзеге асырады.
Тармақ 16-1
16-1. Егер бұйрықтардағы қолдар мен мөрлер номиналды ұстаушының қолындағы үлгілерге сәйкес келмесе немесе бұйрық нысаны номиналды ұстаушының ішкі құжаттарына сәйкес келмеген жағдайда, номиналды ұстаушы бұйрықты орындамаған себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды ресімдейді.
Тармақ 16-2
16-2. Орындауға қабылданған мәмілені тіркеу бұйрығы негізінде номиналды ұстаушы үш жұмыс күні ішінде тиісті мәмілені тіркеу бұйрығын жасап, оны сауда-саттықты ұйымдастырушыға немесе орталық депозитарийге жібереді.
Тармақ 16-3
16-3. Орталық депозитарийден жүргізілген операция туралы есепті алған күні номиналды ұстаушы өзінің есепке алу жүйесінде тиісті мәмілені тіркейді.
Тармақ 17
17. Номиналды ұстаушы жеке шоттағы тіркелген тұлға туралы мәліметтердің өзгеруі жөніндегі операцияны аталған тұлға туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.
Жеке шоттағы инвестициялық пай қоры туралы мәліметтерді өзгерту бойынша операцияны номиналды ұстаушы осы қордың басқарушы компаниясының қор туралы мәліметтерді өзгертуге бұйрығы және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарында белгіленетін, осындай өзгертулерді растайтын құжаттардың негізінде жүргізеді.
Тармақ 18
18. Номиналды ұстаушы мәмілелерді тіркеуді және номиналды ұстау есебі жүйесінде операцияларды көрсетуді орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес тіркелетін ұйымдастырылған рынокта жасалған мәмілелерді қоспағанда және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда қаржы құралдары ұстаушыларының бұйрықтары негізінде жүргізеді.
Тармақ 18-1
18-1. Орналастырылған пайларды есепке алу үшін және осы жеке шоттан пайларды есептен шығару үшін инвестициялық пай қорының жеке шотына пайларды есепке алу кастодиан растаған, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотына пайларды есепке алу пайлардың дәл сол санын ұстаушының жеке шотына бір мезгілде есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Орналастырылған пайларды есепке алу үшін инвестициялық пай қорының жеке шотынан пайларды есептен шығару пайлардың дәл сол санын ұстаушының жеке шотынан бір мезгілде есептен шығара отырып осы қордың басқарушы компаниясы инвестициялық пай қорының пайларын сатып алған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 18-2
18-2. Қаржы құралдарын ұстаушылардың мәмілелерді тіркеу бұйрықтарында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) бұйрықтың нөмірі мен күні;
Тармақша 2
2) эмитенттің немесе инвестициялық пай қорының атауы;
Тармақша 3
3) мәмілеге қатысатын тұлғалар туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) мәмілеге қатысатын тұлғалардың жеке шоттарының нөмірлері;
Тармақша 5
5) қаржы құралдарының түрі, ұлттық бірегейлендіру нөмірі;
Тармақша 6
6) операцияны жүргізуге арналған қаржы құралдарының саны;
Тармақша 7
7) қаржы құралдарына қатысты мәміле/операция түріне берілген нұсқау;
Тармақша 8
8) кепіл мәмілесін тіркеу кезінде кепіл ұстаушыға берілетін қаржы құралдары бойынша құқықтарға қатысты мәліметтер;
Тармақша 9
9) мәміле мәні болып табылатын бір қаржы құралының бағасы туралы мәліметтер.
Тармақ 18-3
18-3. Мәмілені тіркеу бұйрығына мәмілеге қатысатын тұлға немесе оның өкілі қолдарын қойып, егер мәміленің бір тарапы заңды тұлға болса, мөрмен бекітіледі.
Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының пайлармен мәмілелерді тіркеу туралы бұйрыққа оның өкілі қол қойып, мөрмен бекітіледі, сондай-ақ оған инвестициялық пай қоры активтерінің есепке алынуын қамтамасыз ететін кастодиан бөлімшесінің басшысы қолын қояды.
Тармақ 19
19. Номиналды ұстаушы қаржы құралдарға қиындық түсіру жөніндегі мәмілені тіркеу қаржы құралдарының қиындығы бар және олардың қиындығы тіркелген тұлға пайдасына шешілетін ұстаушының қарама-қарсы жасалатын бұйрықтары негізінде жүргізеді. Қаржы құралдарының қиындығы кезінде қаржы құралдары ұстаушысының жеке шотында қиындығы пайдасына шешілген тіркелген тұлға туралы жазба жасалады, ал "негізгі" бөлімдегі қаржы құралдары осы жеке шоттың "қиындығы бар" бөлімінің есебіне алынады. Қиындығы пайдасына шешілген тіркелген тұлғаның жеке шотына қиындығы бар қаржы құралдарының түрі, саны, ұлттық бірегейлендіру коды, сондай-ақ қаржы құралдарының қиындығы бар ұстаушы туралы жазбалар енгізіледі.
Номиналды ұстаушы номиналды ұстау есебі жүйесінде қиындығы бар қаржы құралдарын алып тастау бойынша мәмілені тіркеуді мәмілеге қатысқан тұлғалардан қиындығы болуын алып тастау туралы қарсы бұйрықтар негізінде жүргізеді. Қаржы құралдарынан қиындығын алып тастау бойынша мәмілені тіркеу кезінде қаржы құралдары "қиындығы бар" бөлімінен қаржы құралдары ұстаушысының "негізгі" жеке шотына ауыстырылады. Тіркелген тұлғаның жеке шотындағы қаржы құралдарының қиындығы туралы жазба жойылады.
Орталық депозитарийдің есебі жүйесіндегі бағалы қағаздардың қиындығы бойынша мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен белгіленеді.
Тармақ 20
20. Номиналды ұстаушы қаржы құралдарын оқшаулау және оқшаулауды алып тастау бойынша операцияларды номиналды ұстау жүйесінде және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіп бойынша осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың тиісті құжаттары негізінде жүргізеді. Оқшаулау операцияларын жүргізу кезінде қаржы құралдары жеке шоттың "негізгі" бөлімінен "оқшаулау" бөліміне ауыстырылады. Оқшаулау операцияларын алып тастау кезінде қаржы құралдары жеке шоттың "оқшаулау" бөлімінен "негізгі" бөлімге ауыстырылады.
Тармақ 21
21. Номиналды ұстаушы "репо" операцияларын мәмілені тіркеу жөніндегі қарсы бұйрықтар негізінде тіркейді.
"Репо" операциялары мыналарға бөлінеді:
"репоны" ашу - "репо" операциясы қатысушыларының бірінен екіншісіне осы мәміленің ақша сомасын аударуға мүмкіндік беретін қаржы құралдарын және екінші "репо" операциясына қатысушының екіншісінің біріншісіне белгілі сандағы қаржы құралдарын беру жөніндегі сатып алу-сату мәмілесі;
"репоны" жабу - "репоны" ашу жағдайындағы сияқты "репо" операциясы қатысушыларының екіншісінен біріншісіне осы мәміленің ақша сомасын аударуға мүмкіндік беретін және "репоны" ашу мәмілесіндегі сияқты сол шығарылған қаржы құралдарының санын "репо" операциясына қатысушысының біріншісінен екіншісіне сатып алу-сату мәмілесі.
Бір номиналды ұстаушының клиенттерінің арасында "репоны" ашуды жүргізу кезінде қаржы құралдары сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімге аударылады. Бір номиналды ұстаушының клиенттерінің арасында "репоны" жабуды жүргізу кезінде қаржы құралдары сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімге аударылады.
Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы "репоны" ашуды жүргізу кезінде қаржы құралдары сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен есептен шығарылады. Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы "репоны" жабуды жүргізу кезінде қаржы құралдары сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімге аударылады.
Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушы клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы "репоны" ашуды жүргізу кезінде қаржы құралдары сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімге есепке алынады. Сатушы болып табылатын бір номиналды ұстаушының клиентінің арасында және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғаның арасындағы "репоны" жабуды жүргізу кезінде қаржы құралдары сатушының жеке шотындағы "негізгі" бөлімнен есептен шығарылады.
"Репо" операцияларын жүргізу кезінде қор биржасының сауда алаңындағы бір номиналды ұстаушының клиентімен жасалған мәміле бойынша қаржы құралдары сатушының "негізгі" жеке шотындағы бөлімнен сатып алушының жеке шотындағы "репо" бөліміне автоматты тәсілмен есепке алынады.
"Репо" операцияларын жүргізу кезінде қор биржасының сауда алаңындағы бір номиналды ұстаушының клиентімен және осы номиналды ұстаушының клиенті болып табылмайтын тұлғамен жасалған мәміле бойынша бағалы қағаздар сатушының "негізгі" жеке шотындағы бөлімнен есептен шығарылады немесе сатып алушының жеке шотындағы "репо" бөліміне автоматты тәсілмен есепке алынады.
Орталық депозитарийдің есеп жүйесінде "репо" операцияларын жүргізу тәртібі орталық депозитарий ережесінің жиынтығымен белгіленеді.
Тармақ 22
22. Номиналды ұстаушы акцияларды шығаруды жою операцияларын бағалы қағаздар рыногына реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органнан шығарылған акцияларды барлық бөлімдерден және барлық жеке шоттардан есептен шығару жолымен жою туралы хабарлама алғаннан кейін жүргізеді.
Номиналды ұстаушы қаржы құралдарын жою операциясын орталық депозитарийдің хабарламасы негізінде барлық бөлімдерден және барлық жеке шоттардан есептен шығару жолымен жүргізеді.
Тармақ 23
23. Номиналды ұстаушы жеке шотты жабу операциясын жеке шотты жабу жөніндегі бұйрық негізінде немесе осы жеке шотта қаржы құралдары алты ай ішінде болмаған жағдайда жүргізеді. Жеке шотты жабу кезінде клиентке тиісті хабарлама жіберіледі.
Тармақ 24
24. Номиналды ұстаушы ақпараттық операцияларды жүргізуді қаржы құралдарын ұстаушының жазбаша өкімі (бұйрықтар) немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардағы мемлекеттік органдардың сұратулары негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Жеке шоттың үзінді көшірмесінде, инвестициялық портфельді басқарушының жеке шотынан басқа, мынадай мәліметтер болады:
Тармақша 1
1) жеке шот нөмірі;
Тармақша 2
2) қаржы құралдарын ұстаушы заңды тұлғаның атауы (заңды болса жеке тұлғаның әкесінің аты, фамилиясы, аты-жөні);
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу нөмірі және күні (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат атауы және деректемелері);
Тармақша 4
4) эмитенттің атауы және оның тұрған жері не инвестициялық пай қорының, сондай-ақ осы қордың басқарушы компаниясының атауы және оның орналасқан жері;
Тармақша 5
5) қаржы құралдарының түрлері және бірегейлендіру нөмірлері;
Тармақша 6
6) облигацияларды өтеу күні;
Тармақша 7
7) қиындығы бар және (немесе) оқшауланған және (немесе) репоға берілген, үзінді жазбаны жасау күнгі жағдай бойынша жеке шотта тіркелген санын көрсете отырып қаржы құралдарының белгілі түрінің жалпы саны;
Тармақша 8
8) номиналды ұстаушының атауы, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нөмірі, оның заңды мекен-жайы, телефоны, факсы;
Тармақша 9
9) жеке шоттың үзінді көшірмесімен қалыптасқан жағдайы бойынша уақыты, күні.
Жеке шоттың үзінді көшірмесіне номиналды ұстаушының құрылымдық бөлімшесінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын және құжаттарға қол қою құқығы бар немесе оның міндетін атқаратын басшы қызметкер қол қояды және мөрмен растайды.
Тармақ 26
26. Қаржы құралдарын ұстаушы эмитенттің орналастырылған қаржы құралдарының санына (дауыс беретін акцияларына) қаржы құралдарын ұстаушыға тиесілі қаржы құралдары санының проценттік ара қатынасын анықтау мақсатында тіркеушіге немесе орталық депозитарийге хабарласады.
Тармақ 26-1
26-1. Орталық депозитарий эмитенттердің, инвестициялық пай қорларының жеке шоттары бойынша өзгерістер жөніндегі мәліметтерді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар бойынша операциялар жүргізілген күннен кейінгі күні тиісті тіркеушілерге жібереді.
Тармақ 27
27. Номиналды ұстаушы жеке шот бойынша операцияны үш күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады. Жеке шоттың үзіндісін жасау және беру бойынша ақпараттық операцияны номиналды ұстаушы екі күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Номиналды ұстаушы егер мәмілені немесе номиналды ұстау есебі жүйесінде операцияларды көрсетуді тіркеу бұйрықтары Қазақстан Республикасының заңдарына қарама-қайшы келген жағдайда немесе бұйрық номиналды ұстаушының ішкі құжатында немесе орталық депозитарийдің Ережелер жинағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бұйрықты орындаудан бас тартады. Номиналды ұстаушының бұйрықтарды орындаудан бас тартуы бас тарту себептері көрсетіле отырып жазбаша нысанда жасалады және оған номиналды ұстаушының құрылымдық бөлімшесінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын және құжаттарға қол қою құқығы бар немесе оның міндетін атқаратын басшы қызметкер қол қояды және мөрмен растайды.
Тарау 2-1. 2-1-тарау. Номиналды ұстаушының клиенттері туралы ақпаратты ашу тәртібі
2-1-тарау. Номиналды ұстаушының клиенттері туралы ақпаратты ашу тәртібі
Тармақ 28-1
28-1. Номиналды ұстаушы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан (бұдан әрі - уәкілетті орган), орталық депозитарийден, тіркеушіден немесе эмитенттен сұратуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде сұратқан тұлғаға қаржы құралдары оның номиналды ұстауындағы клиенттер туралы мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 28-2
28-2. Номиналды ұстаушы клиенттер туралы мәліметтерді қамтитын ақпаратты, егер көрсетілген талапта өзге күн айқындалмаса, тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің талабын алу күніне жасайды.
Тармақ 28-3
28-3. Номиналды ұстаушы тіркеушінің, орталық депозитарийдің және эмитенттің келісімі бойынша қағаз жазбада немесе электрондық тасымалдағышта клиенттер туралы ақпаратты ұсынады.
Тармақ 28-4
28-4. Акцияларды ұстаушылар тізімінде оларға тиесілі акциялар санын көрсете отырып акциялары номиналды ұстауындағы акционерлердің тізімі, сондай-ақ олар туралы мәліметтер орталық депозитарийдің есеп жүйесінде жоқ меншік иелеріне тиесілі акциялар саны туралы ақпарат болуы тиіс.
Тармақ 28-5
28-5. Орталық депозитарий уәкілетті органнан, тіркеушіден немесе эмитенттен сұратуды алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей орталық депозитарийдің есеп жүйесіндегі мәліметтер негізінде сұратқан тұлғаға сұратуда көрсетілген ақпаратты ұсынады.
Тармақ 28-6
28-6. Егер орталық депозитарийдің есеп жүйесіндегі мәліметтер уәкілетті органның сұратуына жауап дайындау үшін жеткіліксіз болған жағдайда, орталық депозитарий бес жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты жинап, оны уәкілетті органға ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 29
29. Осы ережемен реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.