О правилах содержания и защиты зеленых насаждений Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жасыл көшеттерді күту және қорғау Ережелері туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау» Заңына және Астрахан аудандық әкімшілігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы №163 хатына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылған, жасыл көшеттерді күту және қорғау Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2004 жылғы 8 қаңтардағы аудандық мәслихаттың №4 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді. Жасыл көшеттерді күту және қорғау ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитария-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Осы Ереже жасыл көшеттерді күту және қорғау тәртібін, сондай-ақ осы мәселеде заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін анықтайды.
Тарау 2. 2. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар
2. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Жасыл көшеттер – санитарлық-гигиеналық талаптарды, көркейту және сәулеттік-ландшафтық ресімдеу деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін елді мекендердің құрылымын жоспарлау элементі. Жер жұмыстары – аумақты қазумен, құмды үюмен, қайтадан жабумен байланысты жұмыстар. Жер пайдаланушы – меншік түріне қарамастан (кәсіпорындар, ұйымдар, кәсіпкерлер, жеке сектордағы үйлер иелері және шаруашылық басшылары) ауылдық жерлердегі жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
Тарау 3. 3. Жасыл көшеттерді күту және қорғау ережелері
3. Жасыл көшеттерді күту және қорғау ережелері
Тармақ 1
1. Гүлзарлар, парктер, көгалдар және басқа да өсімдік шаруашылығының объектілерін жыл сайын күту заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға жүктеледі. Жер пайдаланушылар өздеріне бекітілген аумақтағы жасыл көшеттердің қорғалуын және қайта отырғызылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Құрылыс, жер асты коммуникацияларын салу және инженерлік жүйе жұмыстарына тап келетін жасыл көшеттерді бұзуға және басқа жерге отырғызуға аудан әкімі аппаратында бекітілген, жасыл көшеттерді бұзу актісі бар болған жағдайда ғана жол беріледі.
Тармақ 3
3. Жасыл көшеттерді бұзу және басқа жерге отырғызу құрылыс салушылардың күшімен және қаражатымен жүргізіледі. Жасыл көшеттерді қалпына келтіру құрылыс жүргізуші немесе мекемеге жөндеу жүргізуші ұйымға жүктеледі.
Тармақ 4
4. Жұмыс жүргізу кезінде заңды және жеке тұлғалар міндетті:
Тармақша 1
1) жасыл көшеттерді бұзылудан қоршауға;
Тармақша 2
2) жолдар, тротуарлар, кірме жолдарға асфальт төсегенде диаметрі 1 метрден кем емес ойық қалдыруға;
Тармақша 3
3) жасыл көшеттер орналасқан жерлерде жолдарды қайта жөндегенде 5см артық көлденең белгілердің өзгеруіне жол бермеу керек. Өсімдік тамырының ашылуы жағдайында жобада жасыл желектердің қалыпты өсуіне жағдайлардың сақталуы үшін құрылғы қажет.
Тармақ 5
5. Жасыл көшеттер аумағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) гүлзарларды, көгалдар, ойықтарды ластауға;
Тармақша 2
2) гүлзарлардың үстімен жүруге;
Тармақша 3
3) ағаштарды, көшеттерді, жемістерді өз бетімен кесуге;
Тармақша 4
4) поселок және ауылдық округ әкімдерінің келісімінсіз қоршаулар орнатуға;
Тармақша 5
5) ағаштарды, бұталарды бұтақтарды шауып кесуге, клумбалар мен гүлзарлардан гүлдерді жұлуға, ағаштардан шырын алуға, кесуге, жазуға, шеге қағуға, сыммен тартуға және жасыл көшеттерге басқа да зақым келтіруге;
Тармақша 6
6) ағаштарға бекітілген жіптерде кір жаюға;
Тармақша 7
7) жасыл көшеттер отырғызылған аумақтарда өнеркәсіптік ақпа суларды, жанар-жағар май материалдарын, химиялық, құрылыстық және басқа қалдықтарды жинауға және ағызуға;
Тармақша 8
8) парктер мен скверлердегі гүлзарлар мен клумбаларда сауда дүкеншіктерін, дүңгіршектер, үстелдер, балмұздақ сататын арбаларды орналастыруға;
Тармақша 9
9) парктер мен скверлерге жақын жердегі арнаулы белгіленген жерлерден басқа гүлзаралар мен жасыл көшеттер отырғызылған басқа жерлерде автокөлік жоюға;
Тармақша 10
10) тамырымен гүлдерді, жас ағаштарды және жеміс ағаштарын қазып алуға;
Тармақша 11
11) гүлзарлар мен клумбаларда үй жануарларын қыдыртуға;
Тармақша 12
12) жасыл көшеттерді ауылшаруашылық және үй жануарларының улауына және бүлдіруіне.
Тармақ 6
6. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, меншікті тұрғын үй кооперативтерінің, бау-бақша серіктестіктерінің басшылары, үй иелері міндетті:
Тармақша 1
1) жасыл көшеттерге ұқыптылықпен қарауға және сақтауға;
Тармақша 2
2) бекітілген аумақтарда ұтымды мерзім ішінде суару, кесу, нысандау, қураған бұтақтарын кесу, жеміс ағаштарының штамбыларын тазалау және ағарту, тыңайтқыштар төгу, жас ағаштардың діңінің айналасын дөңгелентіп қоршау, дің түбіндегі ұсақ бұтақтарды алып тастау, жараларын бітеу, дезинфекциялау, арам шөптерді тағы сол секілділерді жоқ қылу жөніндегі агротехникалық механикалық өңдеу сияқты жасыл көшеттерді күту жөніндегі барлық қажетті шараларды жүргізу.
Тармақша 3
3) Суару жүйелерін техникалық жөнделген жағдайда ұстау және оған кезеңмен (маусыммен) алдын алу жұмыстарын жүргізуге және дайындауға;
Тармақша 4
4) Жыл сайын зиянкестермен, ағаш, жеміс ағаштарының ауруларымен, арам шөптермен өз күшімен немесе тиісті ұйымдармен шарт жасасу арқылы күрес жүргізуге.
Тарау 4. 4. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші ұйымдардың міндеттері
4. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші ұйымдардың міндеттері
Тармақ 7
7. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші құрылыс ұйымдары:
Тармақша 1
1) құрылыс аймағында суару жүйесінің сақталуына және жас өскіндердің күтімін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) ғимараттар және жер асты коммуникация жұмыстарының жобасын әзірлеу кезінде жобалау ұйымдары құрылыс учаскелеріндегі ағаштар мен жеміс ағаштарының мүмкіндігінше зақымдалмай сақталып қалуын қамтамасыз ететін жұмыс тәртібін ұйымдастыруға, құрылыс жұмыстарының сметасында бекітілген нормативтер мен есептер бойынша, жасыл желектердің иесіне келтірілетін шығындарды қарауға, ал оларды басқа жерге қайтадан отырғызу қажет болған жағдайда, осы жұмыстың қосымша құнын қарауға міндетті;
Тармақша 3
3) құрылыс алаңдарындағы ағаштарды қоршауға, жолдарды және жаяулар жолын асфальттау кезінде ағаштардың айналасынан диаметрі 2 метрден кем емес, жеміс ағаштарының айналасынан 1 метрден кем емес шеңбер қалдыруға;
Тармақша 4
4) жер және басқа да құрылыс-монтаждау, объектілерді қайта жаңарту және бақтар, скверлер, көшедегі өскіндер аумағында жер асты коммуникациялау жұмыстарын жүргізу кезінде ағаштарды, жеміс ағаштарын алып тастау немесе басқа жерге отырғызу қоршаған ортаны қорғау басқармасының рұқсатымен жүргізуге, егер жас өскіндер нысандар мен коммуникациялардың қорғау аймағында болмаса, онда шығынды олардың иелеріне төлеуге;
Тармақша 5
5) объектілерді тапсыру кезінде жас өскіндерді суару және басқа инженерлік суару құрылыстарын қарауға міндетті.
Тармақ 8
8. Сәулет және жерге орналастыру мемлекеттік органдары жасыл желектері бар аумақтардан құрылыс жүргізу үшін учаскелер бөлгенде, тек қоршаған ортаны қорғау басқармасының және осы бөлінген аумақта көгалдандыру жүргізуді жүзеге асырушы ұйымның келісімімен береді.
Тармақ 9
9. Көлік, электр жүйесінің шаруашылық жүргізуші субъектілері, басқа да мүдделі ұйымдар нормалар мен ережелерді және сол өсімдікке тән форманы сақтай отырып, қиылыстағы көруге және радио, электр сымдарына кедергі жасайтын бұтақтарды кесуге міндетті.
Тармақ 10
10. Жас өскіндерді амалсыз алып тастау, объектілердің құрылысын жүргізу, жер асты коммуникацияларын және жас өскіндерді қайта жаңарту (сәнді желек ағаштарға ауыстыру) үшін жер учаскелерін бөлу кезінде экологиялық нормалардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырушы мемлекеттік органның келісімі бойынша ғана жүргізіледі. Бұл жағдайда келтірілген шығынның сомасы көшеттердің иесіне қайтарылуы тиіс, айып қолданылып жүрген заңдарға сәйкес салансын.
Тарау 5. 5. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
5. Осы Ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 11
11. Осы Ереженің талаптарын бұзған лауазымды тұлғалар мен азаматтар Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының тиісті бабтарына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің «Жас өскіндерді сақтау және қорғау ережелерін бұзу» туралы 300 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатыны белгіленсін.