Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығы және 2024 жылғы 26 наурыздағы Орал қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының № 01-003-05/18 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы зардап шеккен объектілерді тексеру жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.