О районной комиссии по делам семьи и женщин при акимате района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 4176 "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1 қосымша бойынша, аудандық отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. 2-қосымшада берілген отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссияның жеке құрамы мәслихатта бекітуге ұсынылсын (қосымша).
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 30 "Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы" қаулысы өз күшін жойсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Б.Собескийге жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қаулы Әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 7
Аудан әкімдігінің 2004 ж. 26 наурыз N 63 "Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия туралы" қаулысымен бекітілді Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі Аудандық комиссияның ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы кеңестік-мәжілістік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының Заңдарына, облыс, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның кепілдемелері мен ұсыныстарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері
2. Комиссияның негізгі міндеттері
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңдылық және психологиялық қолдау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) әйелдер денсаулығының жағдайы, аналықты және балалықты қорғау, отбасы тұрмысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы үдерістеріне кешенді талдау жүргізу;
Тармақша 3
3) қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасы, әйелдер және балалардың нақты жағдайы мәселелері бойынша ақпараттық база қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 4
4) әйелдерді тарту арқылы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін әзірлеуге және оның жобаларын іске асыруға қатысу;
Тармақша 5
5) отбасы, әйелдер және балалардың жағдайларын жақсартуға бағытталған жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың ұсыныстары мен жобаларының қаралуына қатысу;
Тармақша 6
6) көп балалы және табысы аз отбастарын әлеуметтік қолдауды жүзеге асыруға, барлық балалардың мектепте оқуын қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша басқа да әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға әсер ету;
Тармақша 7
7) аудандағы отбасы, әйелдер және балалар жағдайын толығырақ және дұрыс қырынан бейнелеу мақсатымен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Тарау 3. 3. Комиссияның функциялары
3. Комиссияның функциялары
Тармақ 4
4. Комиссия өз құзыретінің шегінде құқылы:
Тармақша 1
1) өз мәжілістеріне аудан әкіміне бағынатын жергілікті атқару органдарының басшыларын шақыруға және тыңдауға;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртіпте, Комиссияның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпараттарды сұратуға;
Тармақша 3
3) тиісті жергілікті атқару органдарының басшыларына отбасы, әйелдер және балалар мәселелерін реттейтін заңдарды бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеу және тексеріс өткізуді ұсынуға;
Тармақша 4
4) белгіленген тәртіпте, Комиссия мәжілісін дайындауға, аудандық бағдарламаларды тексеруге және әзірлеуге қатысу үшін, штаттан тыс сарапшы ретінде қоғамның беделді, кәсіби дайындалған өкілдерін тартуға;
Тармақша 5
5) отбасы және әйелдер жағдайын жақсарту мақсатымен жергілікті атқару органдарына, қоғамдық бірлестіктерге және басқа ұйымдарға статистикалық талдау, әдістемелік және басқа да ақпараттық материалдар, сондай-ақ ұсыныстар бағыттауға;
Тармақша 6
6) қажет болған жағдайда, тиісті жергілікті атқару органының немесе лауазымдық тұлғаның қарауына азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдары хабарларын қарау қорытындылары бойынша шешім қабылдау үшін материалдар бағыттауға.
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметін аудандық әкімдік бекіткен Ереженің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның тапсырмасы бойынша орынбасары басқарады.
Тармақ 7
7. Комиссияға жергілікті атқару органдарының және басқа ұйымдардың өкілдері енеді.
Тармақ 8
8. Комиссия мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 9
9. Комиссия шешімді мәжіліске қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілігінің дауысымен қабылдайды.
Тармақ 10
10. Дауыс тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.
Тармақ 11
11. Комиссия мәжілісі, оған оның мүшелерінің жалпы санының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда ғана құқылы болып саналады. Комиссия хатшысы дауыс беруге құқылы.
Тармақ 12
12. Комиссия шешімі хаттама арқылы ресімделеді.
Тармақ 13
13. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) Комиссия қызметіне басшылықты жүзеге асырады және оның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Комиссия мәжілісі үшін күн тәртібін жасайды;
Тармақша 3
3) Комиссия мәжілісін шақырады және оған төрағалық етеді;
Тармақша 4
4) комиссия мүшелерінің арасынан мәжілістің күн тәртібіне енгізілген мәселені дайындауға жауапты адамды белгілейді;
Тармақша 5
5) аудан әкімінің алдында комиссияның жұмысы туралы үнемі есеп беріп отырады.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметін тоқтату
5. Комиссия қызметін тоқтату
Тармақ 14
14. Комиссия қызметі заңмен белгіленген тәртіпте тоқтатылады.
Басқа 45
Аудан әкімдігінің 2004ж. 26 наурыз N 63 "Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы" қаулысына қосымша Аудан әкімдігі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ Собеский Виктор Борисович аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Құсайынова Қарлығаш Әйтімқызы ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Майышева Күлшара Қанапияқызы мәдениет,туризм және спорт бөлімінің бастығы комиссия хатшысы Воротникова Любовь Константиновна Астрахан аудандық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу саласы бойынша орынбасары Забудько Людмила Викторовна  аудандық білім бөлімінің бастығы Сәркенова Балқадиша Өренқызы Ақмола облысы Әділет Департаментінің Астрахан ауданының АХАЖ бөлімінің бастығы Кирокосян Людмила Леонидовна "Бытовик" ЖШС директоры, аудандық әйелдер Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) Естәуіпова Орал Манапқызы Жалтыр № 2 орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты (келісім бойынша) Сейітжанова Жанат Сағынайқызы аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары